Мөңке бидің түсі

Мөңке бидің түсі казакша Мөңке бидің түсі на казахском языке


Мөңке би түс көріп, оны Сырым батырға жорытпақ болады.

– Бір жолы бәйгеге 40 ат қостым, біреуі де бәйгеден келмеді, 30 ат қостым – біреуі де келмеді, 5 ат қостым, төртеуі бәйгеден келмеді де, біреуі ғана мәреге аман жетті. Аман жеткені сол, келе сала пышаққа ілікті. Әлгі аттың ішін жарып жібергенімде, қасқыр шықты, қасқырды жарғанда түлкі шықты. Түлкіні жарғанда, қоян шықты. Осыны жорып берші, – дейді Мөңке би.

Сырым түс жорудың жолын Мөңкенің ұзатылып кеткен қызына беруді ұйғарады. Қыз түстің жайын білген соң Сырымға:

- Түсті жездеңе жорытпа, жиеніңе жорытпа, әйелге жорытпа деген сөз бар еді. Сонда да айтайын, - дейді. Түс – адал түс, қияли түс, шайтани түс деп үшке бөлінеді. Мұны қай түске жатқызарымды білмеймін, бірақ оның шешуі мынадай: «40 ат дегеніміз – мұсылманның 40 парызы орындалмай қалатын заман болады екен. 30 аттың бәйгеден келмей қалатыны – 30 күн ораза ұстамайтын заман туады екен. 5 аттың төртеуі келмей, біреуі келгені – бес уақыт намаз қаза болып, оны біреу оқып, біреу оқымайтын кез келеді екен. Қасқырдың шыққаны – кісінікін тартып алып, ұрлап жейтін зорлықшылар заманының туатыны шығар. Түлкі шыққаны – алдаушы мен арбаушы көбейетін, түлкідей бұлаңдаған заманның күтіп тұрғаны шығар. Қоян шыққаны – ұрпақ үрейленіп өсетін, көлеңкесінен қорқып жүретін заман болар», - деп жорып беріпті.

Осыны айтып болғаннан кейін Мөңке бидің қызы:

- Маған түс жорытқандарыңыз қате болды, күндердің күнінде әйел билеген заман келеді. Ол заманда әйелден ұят кетеді, еркектен намыс қашады, менің үш рет шақырғанда зорға келуімнің сыры осында еді, - депті.




KZ » Қазақша Әңгімелер & Мақалалар жинағы, біреуі, келмеді, қостым, бәйгеден, Мөңке, заман, аттың, жорытпа, шықты, төртеуі, шыққаны, болады, Сырым, шығар, дейді, көріп, жорып, Осыны, батырға, мәреге, Мөңке би, біреуі, келмеді, қостым, бәйгеден, Мөңке, заман, аттың, жорытпа, шықты, төртеуі, шыққаны, болады, Сырым, шығар, дейді, көріп, жорып, Осыны, батырға, мәреге, Мөңке би, Мөңке бидің түсі ғибратты әңгімелер ғибратты әңгімелер вк ғибратты оқиғалар ғибратты сөздер гибратты ангимелер