Жолбарыс аулау

Жолбарыс аулау казакша Жолбарыс аулау на казахском языке


Бәйдібекбидің екі әйелі болған. Бәйбішесінің аты Сары, Арыстан бидің қызы. Екінші әйелінің аты Зәріп еді. Бірде Бәйдібек би бір топ жігітімен аңға шығады. Өзен жағалап келе жатса, қалың қамыс арасынан бір жолбарыс кездесе кетеді.
Бәйдібек жігіттеріне:

- Садақ тартпаңдар, тірідей ұстайық, - дейді.

- Биеке-ау, өзі арлан екен, тірідей қалай ұстаймыз? - деп шу ете қалады.

- Бәрің шылбырларыңды шешіп, жалғастырып байлап, маған беріңдер. Ар жағын өзім білемін.

Жігіттер он шақты шылбырды бір-біріне жалғастырып байлайды да, Бәйдібекке береді. Ол одан тұзақ жасап алады да, атылғалы жатқан жолбарысқа жақындайды. Жолбарыс айбат шегіп атыла бергенде, тұзақты дәлдеп лақтырып, сүйрете жөнеледі. Мойнына тұзақ түскен жолбарыс олай-бұлай бұлқынам деп, өзінен-өзі буына береді. Бәйдібек батырдың қарулы қолына шыдас бермей, жолбарыстың төрт аяғы серең етіп сұлап тұседі.
Бәйдібек қасындағы Қаумен деген палуан жігітке:

- Атыңның артына бөктөріп ала сал, - дейді. Олар бір ауылдың тұсынан өте бергенде ақ жаулығын желбіреткен бір әйел бұлардың соңынан тұра жүгіреді Бәйдібекте «бір жұмысы бар шығар» деп ат басын тежейді. Әлгі әйел жүгіріп жеткен бойда:

- Жолбарыстың жүрегі керек еді, - дейді алқынып, аптығып.

- Оны не қыласыз? - дейді Қаумен.

- Әй, Қаумен-ай, - дейді Бәйдібек, - соны да түсінбей тұрсың ба? Бұл кісі жолбарыстың жүрегіне жерік екен. Дереу аттан түсе қал да, жолбарысты сойып, жүрегін алып бер.

Жігіттердің бәрі аттарынан түседі. Жолбарысты жерге алып соғады да, Қаумен соя бастайды. Бәйдібек әйелден жөн сұрайды.
- Кімнің жұрағатысыз!

- Қызыл бидің.

- Атыңыз кім?

- Тәуіркөз.

Қаумен әне-міне дегенше жолбарысты сойып, жүрегін өкпе-бауырымен қоса суырып алып, әйелге береді. Қызыл шырайлы әйел қуанып кете барады. Қаумен жолбарыстың терісін сыпырып алады да, артына бөктереді. Сейтіп, олар ілгері жүріп кетеді.

Келер жылы Бөйдібек сыртынан сұрастырып білсе, Қызыл бидің сол әйелі қыз туып, оның атына Жұпар қойыпты дегенді естиді. Содан арада он бес жыл өтеді. Бәйдібек бір жолы Қызыл биге барып:

- Құда түскелі келдім, қызыңды менің ортаншы балам Жалмамбетке атастырайық? - дейді. Қызыл би бұған көнбейді. Бәйдібек Түркістан сұлтаны Қалдаршаға барады. Қалдарша:

- Қыз көп қой, неге соның қызына құмар болдыңыз, оның себебі не? -деп сұрайды. Бәйдібек:

- Мен осыдан он бес жыл бұрын Қызыл бидің әйелі Тәуіркөздің жерігін басып едім. Ол Құдай алдында маған қарыздар, оның қызы маған келін болуға тиісті.

Осыдан соң Қалдарша сұлтан Қызыл бидің үйіне арнайы келіп, мән-жайды түсіндіреді. Қызыл би:

- Бәйбіше мен қызымнан сұрап көріңіз. Егер олар көнсе, менде қарсылық жоқ, - дейді. Сұлтан енді Жұпар қыздың өзін шақырып алып сұрайды. Қыз:

- Шешемнен сұраңыз, - деп төмен қарайды. Сонда Тәуіркөз бәйбіше барлық сырды былайша ақтарыпты:

- Жолбарыстың жүрегіне жерік болдым. Отағасы үйде жоқ еді. Билік жұмысымен ел аралап кеткен болатын. Жерігім басылмай жүргенде, ауыл сыртынан бес-алты аңшы өтіп бара жатты. Біреуі жолбарысты артына бөктеріп алыпты. Көзім қызып кетті. Мыналарды Құдай айдап кездестірген шығар деп дереу арттарынан жүгірдім. Олар тоқтады. Мен жолбарыстың жүрегі керек екенін айттым. Бәйдібек батыр мені айтпай түсінді. Жігіттеріне айтып, жолбарыстың жүрегін алып бергізді. Үйге келіп, жүректі жарып жіберіп шоққа аунатып жеп едім, қара суға түсіп терледім. Жерігім содан басылды. Сондағы осы Жұпаржаным екен. Мен, шынымен де, ол кісіге қарыздармын.

Сөйтіп, бұл істің түйіні осылай шешіліп, жолбарыс мінезді Жұпар қыз Бәйдібектің үйіне келін болып түсіпті.




KZ » Қазақша Әңгімелер & Мақалалар жинағы, дейді, Қызыл, Қаумен, бидің, тірідей, әйелі, жолбарыс, жолбарысты, Жұпар, артына, береді, кетеді, маған, жүрегін, сұрайды, Құдай, Тәуіркөз, Қалдарша, дейді, Қызыл, Қаумен, бидің, тірідей, әйелі, жолбарыс, жолбарысты, Жұпар, артына, береді, кетеді, маған, жүрегін, сұрайды, Құдай, Тәуіркөз, Қалдарша, Жолбарыс аулау ғибратты әңгімелер ғибратты әңгімелер вк ғибратты оқиғалар ғибратты сөздер гибратты ангимелер