Өзің үшін ғана жеңіске жетуге асықпа

Өзің үшін ғана жеңіске жетуге асықпа казакша Өзің үшін ғана жеңіске жетуге асықпа на казахском языке


Біраз жыл бұрын, Сиэтл олимпиадасында, 100 метрге жүгіру алаңында 9 бала жүгіруге әзірленді. Олардың бәрі дене бітімі жағынан яки ментальдық деңгейде мүгедектер болатын.

Жүгіруге рұқсат етілген оқ атылып, жарыс басталды. Барлығы шама-шарқына қарай жүгіре жөнелді, олардың бәрінің де жеңгісі келді.
Балалар меженің үштен біріне жеткенде бір бала сүрініп кетіп, үш аунап түсті де жатып қалды. Ол жылай бастады. Басқа сегіз жарысушы оның жылаған дауысын естіді. Олар жүгірулерін бәсеңдетті де арттарына қарады. Сосын тоқтап, артқа қайтты. Барлығы да...
Даун синдромымен ауыратын, жарысқа қатысушы бір қыз баланың жанына отырып, оны құшақтады да: «Саған жақсы бола бастады ма?» деп сұрады. Сосын барлық тоғыз бала иықтасып мәреге қарай бірге адымдай бастады. Барлық көрермен орындарынан тұрып қол соға жөнелді. Қол шапалақтау толастамай қойды...
Мұны көргендер осы күнге дейін сол оқиға жөнінде айтып жүр. Неге?
Өйткені: «Өмірдегі ең маңызды нәрсе - өзің үшін жеңіске жету емес» деген қағида біздің ішіміздің ең терең түкпірінде жатыр, оны біз осындайда сеземіз.
Бұл өмірдегі ең негізгі нәрсе - өзгелердің жеңіске жетуіне жәрдемдесу. Ол үшін өз жеңісіңді қиюға немесе бәсекені бәсеңдетуге тура келсе де.




KZ » Қазақша Әңгімелер & Мақалалар жинағы, қарай, жөнелді, бастады, Барлығы, Біраз, Балалар, жүгіре, олардың, бұрын, жеңгісі, келді, үштен, меженің, біріне, жеткенде, сүрініп, кетіп, нәрсе, жеңіске, Сосын, қарай, жөнелді, бастады, Барлығы, Біраз, Балалар, жүгіре, олардың, бұрын, жеңгісі, келді, үштен, меженің, біріне, жеткенде, сүрініп, кетіп, нәрсе, жеңіске, Сосын, Өзің үшін ғана жеңіске жетуге асықпа ғибратты әңгімелер ғибратты әңгімелер вк ғибратты оқиғалар ғибратты сөздер гибратты ангимелер