Анар шырыны

Анар шырыны казакша Анар шырыны на казахском языке


Баяғыда бір патша екі уәзірін ертіп, қалаға жақын аудандарды аралауға шығыпты. Қаладан шығып, бірнеше сағат жүрген соң жол шетінде орналасқан бір анар бақшасының қасына келіп тынығуды ұйғарады. Әбден пісіп, жетіліп тұрған анарлар көздің жауын алып тұрған соң, патша бақша ішінде жұмыс істеп жүрген бір қарияны шақыртып былай дейді:

– Бұл әдемі бақша кімдікі?

– Бұл бақша менікі, мырзам. Әкемнен мұра болып қалған бақша.

– Бала-шағаң, қызметшілерің бар ма?

– Құдай маған бала-шаға бермеді. Жалғыз кемпірімнен басқа ешкімім жоқ.

– Олай болса, мен – осы елдің патшасымын. Осы жерден бір анар шырынының дәмін татып кетсек деймін,- депті.

Қария «Құп болады, тақсыр!» деп, дереу бақша ішіндегі лашықтан таза ыдыс әкеліп, ең жақын тұрған бұтақтан екі анарды үзіп алып, шырынын сығып береді. Патша ішіп, шөлін қандырып, дәмін де қатты ұнатады. Бүкіл денесіне күш-қуат кіргендей, сергіп қалады. Қария патшаның уәзірлеріне де шырыннан тарту етеді. Сөйтіп патша мен уәзірлері қарияға алғыстарын айтып, жолға аттанады. Жолда келе жатып патшаға жаман ой келеді: “Ақыры бір аяғы көрде жүрген бұл қарттардың мұрагерлері де жоқ, мұндай әдемі бақшаны не істемек? Одан да біраз пұл беріп, бақшаны өзіме алайын”,- деп ұйғарады. Патша мен уәзірлері кешкісін қайтып келе жатып, әлгі бақшаға келіп қариядан тағы да анар шырынын дайындап әкелуін сұрайды. Қария азандағыдай шын көңілден, ықыласпен жасап бермесе де, әкеп беріпті. Бірақ патшаға бұл жолғы шырынның дәмі мүлдем ұнамайды. Содан қарияға:

– Қария, неге дәмсіз? Бұл шырын бағанағымен бірдей анардан жасалынған жоқ па? Неге дәмі тәтті емес?

Барлығы бір анардан жасалған, балам. Дәмдерінде ешқандай айырмашылық жоқ. Бұл жерде негізгі өзгерген – сіздің ниетіңіз. Қарамағыңыздағы адамның мал-мүлкіне көз тіктіңіз, міне сол себепті анарлардың да дәмі өзгерді, - деген екен.




KZ » Қазақша Әңгімелер & Мақалалар жинағы, тұрған, патша, жүрген, Қария, жақын, ұйғарады, келіп, шақыртып, жауын, ішінде, жұмыс, істеп, қарияны, Баяғыда, әдемі, көздің, дәмін, шырынын, Патша, тұрған, патша, жүрген, Қария, жақын, ұйғарады, келіп, шақыртып, жауын, ішінде, жұмыс, істеп, қарияны, Баяғыда, әдемі, көздің, дәмін, шырынын, Патша, Анар шырыны ғибратты әңгімелер ғибратты әңгімелер вк ғибратты оқиғалар ғибратты сөздер гибратты ангимелер