Қазақша әңгіме: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Абылай хан мен Халдан ханның сөйлескені)

Қазақша әңгіме: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Абылай хан мен Халдан ханның сөйлескені) казакша Қазақша әңгіме: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Абылай хан мен Халдан ханның сөйлескені) на казахском языке


Алғаш Абулмансұр ханның қалмақ пен қазақ соғысындағы жекпе-жекте «Абылайлап» шауып, қалмақтың Чарыш деген батырын өлтіріп, Абылай атанып, хан болғаны халыққа мәлім шығар.

Чарыш – қалмақтың Халдан ханына күйеу екен. Халдан «Чарышты Абылай өлтіріп, хан болыпты» дегенді естіп, қаһарланып, «Абылайды ұстап әкел» деп жиырма мың ғаскер аттандырыпты. Абылай ел шетіне қарауыл қарап, Ұлытауда ұйықтап жатқан жерінде қалмақтың қолы ұстап алыпты.

Абылай қолдан жөн сұраса, бір ғана өзі үшін аттанған қол екенін білген соң, күтінбеген елді шаптыртып қайтемін деп: «Мен – іздеген Абылайың», – депті. Қалмақтың қолы Халданның тапсырған Абылайын тапқан соң елге тимей қайтыпты. Бұл мәнді ел естіп, Абулхайыр ханға хабар жеткізген соң, Абулхайыр жәрдем сұрай Орынбордағы Неплюев деген генералға: «Біз орысқа қарағалы жүр едік, менің інім Абылайды Халдан ұстап әкетті, осыған жәрдем қылып, босатып бер» депті. Халданнан сұрата Миллер дегенді жіберіпті.

Қазақтан тоқсан кісі сұрай барса, Абылайды арық атқа жайдақ мінгізіп, сауыт-сайман кигізіп [...] айналтып, жетектетіп қойған екен. Сұраушылар жиылған соң, Халдан Абылайды алдына шақыртып алып: «Мен сені Чарыш сықылды батырдың орнына өлтіргелі отырмын, не арманың бар», - депті. Абылай айтыпты: «Үш арманым бар: бірінші, мен аң сықылды жосып жүрген қазақ деген халыққа хан болып едім; бір жерге қала салып, ірге тепкізе алмай жосыған күйінде қалдырам-ау деп арман қыламын». Халдан «жөн» депті. «Екінші, мен Чарышты қан майданда жекпе-жекте өлтіріп едім, сен аты қалмаққа сауын айтып әскер жібергенде, мен дін мұсылманға хабар айтып, Чарышша майданда өлмей, қапыда ұйықтап, ұстатып өлдім-ау деп арман қыламын». Халдан «жөн» депті. «Үшінші, мен төрт атадан жалғыз едім, балам жоқ еді, мен өлсем тұқымым құрып кетеді-ау деп арман қыламын» дегенде, Халданның басы төмен түсіп кетіп, қалмақша «Мен үш атадан жалғыз едім, бұ-дағы менің Көбегенім сықылды екен ғой», - деп баласын көрсеткенде, Абылай: «Алдияр!» – депті. Халдан: «Неге қуандың» десе, Абылай: «Мені балаңа теңедің, балаңды өлтіресің бе», - депті. Халдан: «Жарайды, отыр!» – дегенде, олай-бұлай жан-жағына жалтақтап тұрса, босағада қол-аяғы құлыптаулы, аң аулап жүрген уақ Өтегенді ұстап алып байлап қойған екен. Өтеген еңбектеп келіп жауырынын тосқанда, Абылай көтін қойып отырыпты. Халдан Өтегенге: «Мұның қалай?» десе: «Мынау тұғырсыз жерге қонбаған ақ сұңқар еді, мен алтын тұғыр болсам, аз ба!» – депті.

Халдан кигіз, көрпе салғызып Абылайды отырғызып: «Еліңде қой көп пе?» – десе, Абылай: «Көп», – деп жауап береді. Халдан: «Қойшы – өтірікші, қой – ұры» деген, ауыл үйдің арасынан ұсақ жанжал, берекесіздік қалмайды десеңші», – депті. Халдан: «Сиыр көп пе?» – десе, Абылай: «Көп», – депті. Халдан: «Қазақтың баласы айранға сүйеніп, еңбекке еріншек, ақымақ болады десеңші», – депті. «Қазақ егін сала ма?» – десе, Абылай: «Жоқ, егін салмайды», – депті. Халдан: «Адам егін салып, жер емшегін ембей, жерге бауыр баспайды, әлі де неше төңкерілерсің», – депті.

Абылайдың алғашқы арманын, Халданның долбарын естімеген ел жоқ, бірақ іске асырған да адам көрінбейді. Әрне іс бастаушыдан бір болса, қостаушыдан екі деп білуге болады-ау.
Қазаққа Абылайдан өкіметті хан болды ма? Алғашқы хан болғандағы арманы – қала салғызбаққа 70-ке келгенше жетпіс үйдің басын бір жерге қоса алды ма? Елі білмей, өзі білген ер – дарияның жүзіндегі жаңқадай ағынға амалсыз айдалып жоғалды-дағы.

«Сарыарқа», 1917, 5 қазан, 12-нөмір




KZ » Қазақша Әңгімелер & Мақалалар жинағы, шакарим кудайбердыулы Абылай хан мен Халдан ханның сөйлескені ангимелери казакша Шәкәрім Құдайбердіұлы әңгімелері, шакарим кудайбердыулы ангимелери казакша, Шәкәрім Құдайбердіұлы әңгімелері әңгімесі, шакарим кудайбердыулы рассказы на казахском языке, Абылай хан мен Халдан ханның сөйлескені, шакарим кудайбердыулы Абылай хан мен Халдан ханның сөйлескені ангимелери казакша Шәкәрім Құдайбердіұлы әңгімелері, шакарим кудайбердыулы ангимелери казакша, Шәкәрім Құдайбердіұлы әңгімелері әңгімесі, шакарим кудайбердыулы рассказы на казахском языке, Аб, Қазақша әңгіме: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Абылай хан мен Халдан ханның сөйлескені) ғибратты әңгімелер ғибратты әңгімелер вк ғибратты оқиғалар ғибратты сөздер гибратты ангимелер