Айыптауға асықпайық

Айыптауға асықпайық казакша Айыптауға асықпайық на казахском языке


Әуежайда бір әйел кісі ұшаққа мінетін уақытын күтіп отырған болатын. Уақыты ұзақ болған соң қорапқа оралған печенье сатып алып, кітап оқи бастады. Сәлден соң көрші орындыққа бір кісі келіп жайғасты да, ол да кітабын шығарып, оқуға кірісті. Әйел қасында тұрған қораптан бір түйір печеньені ала бергенде жаңа келіп отырған көршісінің де қорапқа қол созғанын байқап қалады. Бейтаныс кісінің әдепсіздігіне ашуланып, ұрсып тастағысы келді де өзін әзер тежеді. Қорапқа қолын созған сайын ол кісі де бір түйірден алуын тоқтатпады. Үндемеген сайын басынған көршінің бейәдеп тірлігі ашуын шегіне жеткізді. Осылай іштей арпалыста отырғанда қорапта бір-ақ дана печенье қалады. Енді не істер екен деп отырғанда әлгі кісі еппен оны екіге бөледі де, жартысын қорапта қалдырып, әйелді одан ары таң қалдырады. Арсыз әрекетке әбден ашуға булығып, орнынан тұрады да, кітабын қолтықтап ұшаққа беттейді. Ұшақтағы орнына жайғасып, әлгінде болған жайтты санасына әлі де сиғыза алмаған күйі қол сөмкесін ашса, бағана сатып алған қораптағы өз печеньесі сол қалпы тұр! Күтпеген көрініс маңдайына үлкен соққыдай болып тиді. Артынша тұла бойын ұят кернеп өзін қоярға жер таппады. Әлгі бейтаныс кісі кінәлағанындай емес, керісінше нағыз ұстамды әрі жомарт кісі болып шықты.
Осылайша, кейде өзгені 100 пайызға кінәлап, өзімізді сүттен ақ, судан тазадай сезінеміз. Шын мәнінде айыптаушымыз адамгершілігі мол, бізден өресі биік, ұстамды әрі кішіпейіл жан болуы мүмкін.
Айыптауға асықпайық! Өзімізді тексеріп алу артық етпес ешқашан.




KZ » Қазақша Әңгімелер & Мақалалар жинағы, қорапқа, отырған, келіп, сатып, қалады, кітабын, ұшаққа, болған, сайын, печенье, тастағысы, ұрсып, Әуежайда, ашуланып, әдепсіздігіне, кісінің, Бейтаныс, келді, созған, тежеді, қорапқа, отырған, келіп, сатып, қалады, кітабын, ұшаққа, болған, сайын, печенье, тастағысы, ұрсып, Әуежайда, ашуланып, әдепсіздігіне, кісінің, Бейтаныс, келді, созған, тежеді, Айыптауға асықпайық ғибратты әңгімелер ғибратты әңгімелер вк ғибратты оқиғалар ғибратты сөздер гибратты ангимелер