Өзін бұлжымас адам деп ойлау

Өзін бұлжымас адам деп ойлау казакша Өзін бұлжымас адам деп ойлау на казахском языке


Бір кісі дәрігерге келіп қатты күйзеліп, жүйкесі тозып бара жатқандығынан шағымданады. Бірақ жасалуы қажетті көп жұмыстары бар екендігін, кідіртуге болмайтындығын айтады. Дәрігер:

- Бұл жұмыстарыңызды басқа адам істей алмай ма? Немесе басқа адам сізге көмекші бола алмай ма?- деп сұрайды. Әлгі кісі:

- Жоқ, бұл істі мен ғана атқара аламын. Барлық жұмыстар бір өзіме қарап тұр.

- Сізге ем ретінде бір рецепт жазып берейін, осы рецепттегі жазылғандарды орындасаңыз жазыласыз,- деп қағазға рецепт жазып науқасқа ұсынады. Науқас рецептті оқып таң қалады. Рецептте: Күнде ең кем дегенде екі сағатқа жұмысты тоқтатып, жаяу серуендеу керектігі және аптасына бір күннің жартысын мазарат ішінде серуендеу керектігі жазулы еді. Дәрігерге қарап:

- Серуендеу керек екенін түсіндім, бірақ неге мазарат, менің дертіме мазардың не қатысы бар? -дейді.

- Мазаратқа барып қабірлерді көріңіз. Ол жер өзін орны толтырылмас, орнын ешкім баса алмайтын адаммын деп ойлаған пенделерге толы. Сен де солар секілді қабірге көмілгеніңде, сенің ешкім істей алмайды деген істеріңді басқалардың істеп жүргенін көресің...

Шынында да өзін ешкім орнын баса алайтын адам, мен болмасам жұмыс тоқырап қалады деп ойлайтын, ал негізінде ол жердегі шынайы кедергі өзі екендігін білмейтін адамдар үшін де бұл дәрігердің рецепті орынды емес пе?...




KZ » Қазақша Әңгімелер & Мақалалар жинағы, басқа, істей, ешкім, екендігін, сізге, көмекші, сұрайды, серуендеу, аламын, дәрігерге, Барлық, қарап, орнын, рецепт, жазып, мазарат, қалады, келіп, жұмыстар, басқа, істей, ешкім, екендігін, сізге, көмекші, сұрайды, серуендеу, аламын, дәрігерге, Барлық, қарап, орнын, рецепт, жазып, мазарат, қалады, келіп, жұмыстар, Өзін бұлжымас адам деп ойлау ғибратты әңгімелер ғибратты әңгімелер вк ғибратты оқиғалар ғибратты сөздер гибратты ангимелер