Ертегі айту

Ертегі айту казакша Ертегі айту на казахском языке


Германиялық профессор Ульрих Дикмайер (Ulrich Diekmeier) былай дейді: «Теледидар алдынан тұрмайтын өте ерке болса да, жасы қаншама кішкентай болса да, балаларға кішкентайынан ертегі айту өте маңызды. Ертегілер қоғамның мәдени бөлшегі. Барлық баланың ертегі тыңдап өсуі қажет. Балалар ертегілерден көп сабақ алады, ой-пікірлеуі, ақылы, сана сезімі қалыптасады. Кейбір ертегілерде қорқынышты, жауыздыққа негізделген сахналар болуы мүмкін. Сондықтан ондай бөлімдерді жұмсартып айтқан жөн. Ертегілер баланың жасына, деңгейіне қарай айтылуы тиіс.»

Алысқа бармай-ақ мұның мысалын еліміздегі ең жас ақын Жамбыл Дүйсенұлынан көруге болады. Жамбыл Дүйсенұлы бесікте жатқан кезінен бастап әжесінің ертегі, әңгімелерін тыңдап өскендігін, анасынан жыр, өлеңдер зерделегенін айтады. 5 жасынан өлең жазып, ақындар жарысынан қаншама бас жүлделерді иеленіп, 8 жасында жеке шығармашылық кешін өткізіп, 9 жасында «періште тілек» атты кітабын жарыққа шығарып үлгерген кемеңгер ақын. Ертегі, аңыз-әңгімелер, жыр-өлеңдер тыңдап өскен баланың ой-өрісі, зеректігі, тіл байлығы дамып, зейіні шыңдалып өсері сөзсіз. Сондықтан ата-аналар, бүгініміздің ертеңі болған жас-өспірімдерімізге ғибратты әңгімелер, аңыз-ертегілер айтып, жақсы тәлім-тәрбие беріп, балаға көңіл бөлу керектігін ұмытпағайсыздар.




KZ » Қазақша Әңгімелер & Мақалалар жинағы, ертегі, баланың, болса, тыңдап, Ертегілер, қаншама, қажет, ертегілерден, сабақ, Германиялық, Барлық, пікірлеуі, ақылы, жасында, өлеңдер, Сондықтан, әңгімелер, профессор, Жамбыл, алады, ертегі, баланың, болса, тыңдап, Ертегілер, қаншама, қажет, ертегілерден, сабақ, Германиялық, Барлық, пікірлеуі, ақылы, жасында, өлеңдер, Сондықтан, әңгімелер, профессор, Жамбыл, алады, Ертегі айту ғибратты әңгімелер ғибратты әңгімелер вк ғибратты оқиғалар ғибратты сөздер гибратты ангимелер