Кемшілік пен кешірім

Кемшілік пен кешірім казакша Кемшілік пен кешірім на казахском языке


Кішкентәй кезім. жұмыстан шаршап келген анам әкемнің алдына қуырылған жұмыртқа мен жартылай күйіп кеткен қарма нанды қойды. (қарма нанды үйде өзі пісіретін). әкем анамның жүзіне жымиып қарап қарап қойып, күйген қарманы май жағып, біртіндеп аузына салып отырды. менен сабағымның жәйін сұрады. ас ішіп, дастарқан басынан тұра бергенімде анам әкемнен қарманы күйдіріп алғанына кешірім сұрады. сонда әкемнің бар айтқаны: "жаным-ау, мен күйген қарманы жақсы көремін ғой", -деген сөз болды. жатар алдында әкемнің қасына барып бетінен сүйдім де: "әке! сіз шінімен де күйген қарманы жақсы көресіз бе?", -деп сұрадым. сол кезде әкемнің мені құшағына алып айтқан мына бір сөздері мәңгі есімде қалып қойды: "сенің анаң күнде жұмысқа барады. үйге шаршап келеді. оның үстіне аз ғана күйген қарманың ешқандай зияны жоқ. сосын мен де барлық жұмысты бірден кемшіліксіз атқара алмаймын ғой. кейде мен де қателесемын. сол себептен бір-бірімізге кешіріммен қарап, қателессе, көңілін аулауымыз қажет"-деді.




KZ » Қазақша Әңгімелер & Мақалалар жинағы, әкемнің, қарманы, күйген, қарап, нанды, сұрады, шаршап, жақсы, қарма, қойды, есімде, жұмысқа, күнде, сенің, қалып, Кішкентәй, мәңгі, сөздері, келеді, айтқан, әкемнің, қарманы, күйген, қарап, нанды, сұрады, шаршап, жақсы, қарма, қойды, есімде, жұмысқа, күнде, сенің, қалып, Кішкентәй, мәңгі, сөздері, келеді, айтқан, Кемшілік пен кешірім ғибратты әңгімелер ғибратты әңгімелер вк ғибратты оқиғалар ғибратты сөздер гибратты ангимелер