Бала - өмір қызығы

Бала - өмір қызығы казакша Бала - өмір қызығы на казахском языке


Бала - артта қалған із. Ұрпақ жаңғырту, артта із қалдыру - адамзаттың жойылып кетпеуінің бірден - бір себебі. Сондықтан бүгінгі ұрпақ - ертеңгі болашағымыз. Қыз бала отау тігіп,шаңырақ көтерген соң ең басты арманы - сәби сүю. Сәбидің былдырлаған үні әрбір шаңыраққа бақыт,қуаныш әкеледі. Сондықтан ата - бабамыз: "балалы үй - базар, баласыз үй - қу мазар" - деп, бекер айтпаған. Ата - бабамыз бала тәрбиесіне ерекше назар аударған. Қызға қырық үйден тыйым салып,ұл баланың ер азамат,намысшыл болып өсуіне ықпал жасаған. Бүгінгі күні бала тәрбиесі ең алдымен ата- анаға, балабақшаға барса,тәрбиешіге, ұстазға байланысты. Құс ұясында не көрсе,ұшқанда соны іледі, бала да өзі тәрбиеленіп отырған ортадан не үйренсе,болашақта сондай болады. Тәрбие - тал бесіктен. Сондықтан, қандай тұқым сеуіп,қалай күтіп баптасақ,сондай жеміс аламыз.

Бала - ертеңгі азамат немесе азаматша. Елімізде балалар құқығы заңмен қорғалады. Кез - келген бала орта білім алуға, ақылы немесе мемлекет бөлетін грантпен жоғары білім алуға, өзі қалаған мамандық иесі атануға, мемлекеттік жұмыспен қамтамасыз етілуге, ата - анасынан айрылған балалар мемлекеттік жәрдемақы алуға, белгілі бір қоғамдық орындарда жеңілдіктерге ие болуға (мысалы,қоғамдық көліктерде төленетін жолақы жеңілдіктері т.б),тегін медициналық көмек алуға құқылы.

Балалардың құқығын қорғау мақсатында "1 маусым - халықаралық балаларды қорғау күні" деп жарияланған. Бұл мереке әрбір жерде аталып өтіледі. Бұл кезде демалысқа шыққан мектеп оқушылары мектеп лагеріне шақыртылады. Сонымен қатар, балаларға арналған түрлі мерекелік іс-шаралар, ойындар өткізіледі. Біздің мектеп қос тілді (қазақ және орыс) мектеп болған соң,біздегі түрлі мерекелік іс - шаралар,ойындар, лагерь екі тілде өткізіледі. Бала ұлтқа, нәсілге бөлінбейді. Барлығы бір атқа ие: ол - бала.

Бала тілі - бал. Ересек адамдарға қарағанда, балалар үнемі шындықты айтады. Ақылды, тәрбиелі, білімді бала тәрбиелеу - ата - ана мен ұстаз жетістігі. Ел болам десең, бесігіңді түзе. Сондықтан, жақсы ұрпақ тәрбиелеу - ертеңгі болашағымыздың кепілі. Балаларды қорғау, аялау, жақсы көру - бар адамзаттың міндеті.




KZ » Қазақша Әңгімелер & Мақалалар жинағы, Сондықтан, артта, мектеп, бабамыз, ертеңгі, алуға, балалар, әрбір, адамзаттың, ұрпақ, азамат, қорғау, Қызға, қырық, үйден, тыйым, салып, баланың, түрлі, жақсы, Сондықтан, артта, мектеп, бабамыз, ертеңгі, алуға, балалар, әрбір, адамзаттың, ұрпақ, азамат, қорғау, Қызға, қырық, үйден, тыйым, салып, баланың, түрлі, жақсы, Бала - өмір қызығы ғибратты әңгімелер ғибратты әңгімелер вк ғибратты оқиғалар ғибратты сөздер гибратты ангимелер