Адамзатқа үш өсиет

Адамзатқа үш өсиет казакша Адамзатқа үш өсиет на казахском языке


Ілгеріде өте ақылды әрі дана бір патша өмір сүріпті. Ол ажалы жақындап, өмірден өтетініне көзі жеткен шағында балалары мен уәзірлеріне мынадай үш өсиет қалдырыпты:

1. Мені жерлеуге алып шыққанда денемді қабір басына дейін тек дәрігерлерім ғана көтеріп апарсын;

2. Денемді алып шыққанда мына жатқан жерімнен көріме дейін алтын-күміс теңгелер шашып отырыңдар;

3. Екі қолымды кебіннен шығарып, салбыратып, ашылған күйде қалдырыңдар.

Патша өсиетін мұқият тыңдаған бас уәзір оған барлық өтініштерінің орындалатынын жеткізіп, олардың мәнін түсіндіруін өтінеді. Сонда патша терең күрсініп: «Осы күндері бір нәрсеге көзім толық жетуде. Артымда қалғандарға соны сабақ ретінде қалдырып кеткім келеді!

Бірінші өсиетім - адамға өлім нақты келетін болса, тіпті қасындағы мықты дәрігерлердің өзі одан құтқарып қала алмайтынын әрі өмір мен денсаулық ешбір адамның қолында емес екенін түсіндіру еді.

Екіншісі – мал-дүние жинап шаршаған уақыттарымыз бекерге кеткен екен, сүйіп өткен алтын-күмісімізге дейін артымызда шашылып қалады екен деген шындықты ұғындыру.

Үшіншісі – өмірге келгенде қолымыз бос болып еді, кетіп бара жатқанда да дәл солай бос күйінде аттанады екен деген ақиқатты еске салу!», - деген екен.




KZ » Қазақша Әңгімелер & Мақалалар жинағы, дейін, шыққанда, патша, деген, Ілгеріде, ақылды, алтын, көріме, жерімнен, жатқан, апарсын, көтеріп, дәрігерлерім, басына, қабір, денемді, Денемді, жерлеуге, жеткен, ажалы, дейін, шыққанда, патша, деген, Ілгеріде, ақылды, алтын, көріме, жерімнен, жатқан, апарсын, көтеріп, дәрігерлерім, басына, қабір, денемді, Денемді, жерлеуге, жеткен, ажалы, Адамзатқа үш өсиет ғибратты әңгімелер ғибратты әңгімелер вк ғибратты оқиғалар ғибратты сөздер гибратты ангимелер