Ыбырай Алтынсарин - Қарға мен құрт

Ыбырай Алтынсарин - Қарға мен құрт казакша Ыбырай Алтынсарин - Қарға мен құрт на казахском языке


Қарға ұшып жүргенде жерде жорғалап бара жатқан құртты көріп, тұмсығымен тістеп алып ұшып кетті. Құрт байғұс істің жаманға айналғанын біліп:

— Әй, қарға батыр, әке-шешеңді де көріп едім, асқан жақсы құстар еді, — деді.

Қарға тәуір көріп, тұмсығымен «уһ!» деді.

—Апа-ағаларыңды да білуші едім, — деді құрт.

Қарға тағы «уһ!» деді.

— Бірақ соның бәрі де сенен жақсы емес еді, — деді.

Сонда қарға масаттанып «аһ!» дегенде, аузы ашылып кеткен соң, құрт жерге түсіп кетіп, құтылды дейді.




KZ » Қазақша Әңгімелер & Мақалалар жинағы, ыбырай алтынсарин әңгімелері, ыбырай алтынсарин рассказы на казахском языке, ыбырай алтынсарин ангимелери казакша, Қарға мен құрт, ыбырай алтынсарин әңгімелері, ыбырай алтынсарин рассказы на казахском языке, ыбырай алтынсарин ангимелери казакша, Қарға мен құрт, Ыбырай Алтынсарин - Қарға мен құрт ғибратты әңгімелер ғибратты әңгімелер вк ғибратты оқиғалар ғибратты сөздер гибратты ангимелер