Ыбырай Алтынсарин - Мейірімді бала

Ыбырай Алтынсарин - Мейірімді бала казакша Ыбырай Алтынсарин - Мейірімді бала на казахском языке


Қытай жұртында ескі заң бар, біреуді алдағандығы мойнына түскен кісінің қолын кесе-тұғын. Бір төре осындай іспен күнәлі болып, әлгі айтылған жазаны беруге тұрғанда, күнәлі төренің жас қыз баласы «әкем үшін жауап беремін» деп, мәлім болды. Қызды патшаға алып келісті.

— Тақсыр патшам, — деді қыз, — менің әкем жазаға лайық болғаны рас, соның үшін қолынан айрылуы керек болды. Мінекей, тақсыр, әкемнің қолы, —деп өзінің қолын көтерді. — Бұл қол да менің жазықты болған атамның қолы, бірақ мұнымен бала-шағаларын асырауға шамасы келмейді. Бұйырыңыз, тақсыр, осы нашар қолын кесіп, жұмысқа жарап, бала-шағаларын асырайтын қолын атама қалдыруға.

Патша баланың мұнша атасына мейірімділігіне рақымы келіп, төренің күнәсін кешті дейді.




KZ » Қазақша Әңгімелер & Мақалалар жинағы, ыбырай алтынсарин әңгімелері, ыбырай алтынсарин рассказы на казахском языке, ыбырай алтынсарин ангимелери казакша, Мейірімді бала, ыбырай алтынсарин әңгімелері, ыбырай алтынсарин рассказы на казахском языке, ыбырай алтынсарин ангимелери казакша, Мейірімді бала, Ыбырай Алтынсарин - Мейірімді бала ғибратты әңгімелер ғибратты әңгімелер вк ғибратты оқиғалар ғибратты сөздер гибратты ангимелер