Ыбырай Алтынсарин - Полкан деген ит

Ыбырай Алтынсарин - Полкан деген ит казакша Ыбырай Алтынсарин - Полкан деген ит на казахском языке


Біз оқып жүрген шағымызда, ұстазымыздың қорасында бір Полкан деген зор ит бар еді. Терезеден қарап тұрғанымызда, әлгі Полканға бір кішкентай қанден ит келіп, өршеленіп үріп, аяғын тістеп, үстіне секіріп тиісе бастады. Сонда мен тұрып айттым:

— Тоқта, қанденім, ойнақтағаныңды қоймасаң, Полкан сазайынды берер, — деп. Біраз қарап тұрсақ та, кішкентай қанденнің ойнақтағанына, тістегеніне Полкан ашуланып қозғалмады.. Түрегелсем, арт жағымда ұстазым келіп, менің әлгі сөзімді естіп тұр екен, маған қарап айтты:

— Көрдің бе, анау Полканның сенен көрі көңілі жұмсағырақ. Сен өзіңнен кіші балалармен ойнасаң, ақырында біреуін жылатасың, немесе ренжітесің. Полкан ит те болса, өзінен кіші әлсіздерді ренжітуді ұятсынып, қанденге тимей тұр, — деді.




KZ » Қазақша Әңгімелер & Мақалалар жинағы, ыбырай алтынсарин әңгімелері, ыбырай алтынсарин рассказы на казахском языке, ыбырай алтынсарин ангимелери казакша, Полкан деген ит, ыбырай алтынсарин әңгімелері, ыбырай алтынсарин рассказы на казахском языке, ыбырай алтынсарин ангимелери казакша, Полкан деген ит, Ыбырай Алтынсарин - Полкан деген ит ғибратты әңгімелер ғибратты әңгімелер вк ғибратты оқиғалар ғибратты сөздер гибратты ангимелер