Ыбырай Алтынсарин - Аурудан - аяған күштірек

Ыбырай Алтынсарин - Аурудан - аяған күштірек казакша Ыбырай Алтынсарин - Аурудан - аяған күштірек на казахском языке


Сейіт орам үстінде жүгіріп бара жатқанда, бір арбалы келіп, аңдаусыз соғып кетіп, аяғын сындырыпты. Ойбайлап жылап жатқан баланы көріп шошынғаннан шешесі есінен танып қалыпты. Мұны көрген соң, Сейіт жыламақ түгіл, сынған аяғын орнына салып, таңып жатқанда да дыбысын шығармай, қабағын да шытпай жатты. Сонда сынықшы кісі:

— Аяғың ауырмай ма, қабағыңды да шытпайсың? — деп сұрады.

Сейіт, шешесі шығып кеткен соң демін алып, сынықшыға сыбырлап айтты дейді:

— Ауырмақ түгіл, жаным көзіме көрініп тұр, бірақ менің жанымның қиналғанын көрсе, әжем де қиналып, жүдемесін деп, шыдап жатырмын, — деді.




KZ » Қазақша Әңгімелер & Мақалалар жинағы, ыбырай алтынсарин әңгімелері, ыбырай алтынсарин рассказы на казахском языке, ыбырай алтынсарин ангимелери казакша, Аурудан - аяған күштірек, ыбырай алтынсарин әңгімелері, ыбырай алтынсарин рассказы на казахском языке, ыбырай алтынсарин ангимелери казакша, Аурудан - аяған күштірек, Ыбырай Алтынсарин - Аурудан - аяған күштірек ғибратты әңгімелер ғибратты әңгімелер вк ғибратты оқиғалар ғибратты сөздер гибратты ангимелер