Биология | ОЖЖ –нің зақымданулары

 Биология | ОЖЖ –нің зақымданулары


Себептері: созылмалы оттегінің жетіспеушілігі /гипоксия, асфиксия/, әр-түрлі инфекциялар, интоксикациялар, мидың механикалық жарақаттануы /қысылуы, қан құйылу т.б./



Клиникасы: ОЖЖ-нің зақымдану белгілері туылғаннан соң бірден немесе 2-4 күндері көрінеді.



1.басылу немесе тежелу синдромы-бала селқос, қозғалыс белсенділігі төмен, рефлекстері төмен немесе жоқ.



2.Қозғыштық синдромы-бала тынымсыз, қозғыш, белсенділігі жоғары, қол және иек треморы /дірілдеуі/, бұлшықет гипертонусы, ащы дауысты айқай, ыңырану, желке етінің тартылуы.



3.Тырысу синдромы-клоникалық, тоникалық тырысулар.



4.Мидың ошақты зақымдануы- «батқан күн» синдромы, птоз, бет ассиметриясы, мұрын-ерін қатпарының,тілдің, көздің ассиметриясы, аяқ-қол парездері.



Кезеңдері:



жедел- 7-10 күн.

ерте қалпына келу- 4-6 ай.

қалдық жағдайлар кезеңі- 2 жылдан ұзақ..

Ауырлық дәрежесі бойынша:



1. жеңіл



2. орташа



3. ауыр



Асқынулары:



астеноневротикалық синдром

гипертензионды синдром

гидроцефальды синдром

Диагностикасы: анасының денсаулығы, акушерлі-гинекологиялық анамнезі, жүктілік пен босанудың өтуі, баланың ауруының клиникасы, миды ультрадыбыспен зерттеу /УЗИ/, люмбальды пункция, офтальмоскопиялық зерттеулердің нәтижесі.



Емі: перзентхананың интесивті емдеу палатасында, мамандандырылған бөлімде.



Ісікті қайтару- дегидратация, лазикс, плазма.

Тырысу синдромын емдеу және алдын алу-седуксен, фенобарбитал, дроперидол.

Тамырлар қабырғасының өткізгіштігін қалыпқа келтіру-аскорутин, кальций глюконаты

Жүрек бұлшықетінің трофикасын жақсартатын дәрілер-ККБ, панангин, АТФ.

Глютамин қышқылы, глюкоза.

Қалпына келу кезеңінде-церебролизин, В тобының витаминдері, АТФ, алоэ, кавинтон, трентал, ФЗТ-массаж, емдік дене тәрбиесі, инемен емдеу.

Тыныс алу жоқ кезде маскамен және демалу қалтасымен өкпе вентиляциясын жүргізу. Демалдыру жиілігі минутына-30-50 рет. 60% оттегі ауасы қолданылады / шала туылған балаларда-40 % оттегі/ 5-8 л/мин жылдамдығымен. Вентиляцияның әсері болмағанда интубация жүргізіледі.

Жүрек соғу жиілігі 80-нен кем болса дереу жүректің сытқы массажын минутына 100-140 рет жүргізу керек. Іс-әрекеттің нәтижесін терінің түсінің өзгеруімен және сан артериясындағы пульспен бағалайды. Жүрек массажының әсері 60 секунд бойы болмағанда-кіндік көктамырына 0,1 мл/кг салмағына 0,1% адреналин ерітіндісін 1:1 физиологиялық ерітіндісімен енгізеді. Жүрек массажы мен өкпе вентилыциясы жалғастырылады.

Көрсеткіш бойынша инфузиялық ем- альбумин, физ.ерітінді, плазма, глюкоза.

10.Асқазанды катетер арқылы тазалау.



Екіншілік асфиксиясының алдын-алу.



ЖТБ-ны салқындаудан және ысынудан сақтау.

Метеоризм кезінде уақтылы көмек көрсету.

Қасықпен немесе зондпен тамақтандыру.

Тамақтандыру алдында және соңында оттегі беру.

Тамақтандырғаннан соң баланың басын жоғары ұстау.

ЖТБ-ның гемолитикалық /гемолиздік/ ауруы.



Гемолитикалық ауру анасы мен баласының қанының резус факторы бойынша және тобы бойынша сәйкес келмеуінің әсерінен эритроциттердің жарылуымен сипатталады. Бұл жағдай анасының каны резус-теріс, баласыныкі резус-оң болғанда намесе анасының қаны 0(І) топты, ал баласыныкі А (ІІ) немесе В(ІІІ) топты болғанда байқалады.



Клиникалық айқындалуына байланысты 3 түрі бар:



1. Ісіктік формасы.



2.Сарғайған түрі



3.Анемиялық түрі



Ісіктік формасы 2% жағдайда кездеседі, ең ауыр түрі. Көбінесе ұрық жатыр ішінде өледі, шала туылады. Терісі бозғылт, ісіңкі, дене қуыстарында сұйықтық жиналған, қанда эритроциттер мен гемаглобин көрсеткіштері төмен. Бала жолдасы ісіңкі, үлкен.



Сарғайған түрі 88 % жағдайда кездеседі: бала ерте сарғаяды /1-ші тәулікте/ , бауыры және көкбауыры үлкейген, кейде геморрагиялық синдром дамиды, ОЖЖ зақымданады, биллирубин өседі, бала ұйқышыл, әлсіз, бұлшықет тонусы төмен. Биллирубиннің жоғарғы көрсеткішінде ядролық сарғаю дамиды. Ол желке бұлшықеттерінің тартылуымен, тырысулармен, үлкен еңбектің көтерілуімен сипатталады. Баланың дауысы ащы, «батқан күн» симптомы пайда болады, ыстығы көтеріледі, жүрек соғысы, тыныс алуы бұзылады. Зәрінің түсі қоюланады, нәжістің түсі өзгермейді.



Анемиялық түрі 10% жағдайда кездеседі: туылған сәттен немесе алғашқы 7 күнде айқындалады. Баланың шырышты қабаты мен тері түсі боз. Бауыры мен көкбауыры үлкейген. Бала әлсіз, нашар емеді. Қанында Нв көрсеткіші төмен, пісіп жетілмеген эритроциттер /ретикулоциттер/ болады.



Диагностикасы: анамнез негізінде, қан тобы мен резус факторды тексеру, ұрық маңындағы суды антиденеге тексеру, қандағы антидене титрін анықтау.



Емі: негізгі ем оперативтік –қан алмастыру операциясын жүргізу 150 мл/кг есеппен 70 % қан көлемін ауыстыру ( резус-теріс, қан тобы баланікі); консервативті ем- инфузия, АТФ, глюкоза фенобарбитал, фототерапия.Тамақтануы: донор сүтімен 5-6 күн.



Алдын алуы: Қан құю кезінде донорлардың резусын анықтау, қажетсіз жүктіліктің алдын алу, резус теріс қанды жүкті әйелге күйеуінің терісінен жолақ орнату



Болжамы: Бұл балаларда психоневрологиялық ауытқулар мен жиі ауырғыштық , егулерге адекватсыз реакциялар, бауыр аурулары болуы мүмкін.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі