Қолдағының қадірі қолдан кеткенде білінеді

Қолдағының қадірі қолдан кеткенде білінеді казакша Қолдағының қадірі қолдан кеткенде білінеді на казахском языке


Бір патша теңіз саяхатына ең жақын қызметшісін де ертіп шығады. Кемеге өмірінде бірінші рет мінген қызметшісі «Мен теңізден қорқамын, мені кері қайтарыңдар!» деп айқайлай бастайды. Кемедегілер «Қой, айқайлама, патшаның мазасын алма! Кемеге мінгеннен кім өліпті?!» деп қанша ескертсе де, қызметші тоқтамай айқайлай береді. Ешкім оны тыныштандыра алмайды.

Кемедегі бір ақсақал патшаға хабар жіберіп, «Мен оны қалай сабасына түсіру керектігін білемін» дейді. Сөйтіп, ақсақал қызметшіні әңгімеге тартпақ болады. Қызметші болса, байбаламын одан сайын үдете бастағанында ақсақал оны итеріп теңізге құлатады. Суға түскен қызметші: «Ойбай, өліп бара жатырмын! Батып барамын!» деп тоқтамай айқайлай береді. «Ол неткеніңіз, өліп кетеді ғой!» деп шырылдаған адамдарға ақсақал: «Уайымдамаңдар, өлмейді. Біраз қиналсын» деп жауап береді. Біраз уақыттан соң шаршаған қызметшінің айқайлауға да шамасы қалмайды. Осы кезде ақсақал «Ал, енді шығарыңдар» дейді. Қызметшіні кемеге көтеріп, киімдерін ауыстырады. Қызметші бір бұрышта үндемей отырады. Адамдар жанына барып: «Бағана қатты айқайлап жатқан едің ғой, қазір не болды саған?» деп сұрайды. Қызметші теңізді көрсетіп: «Айқайласам мені тағы ана жаққа лақтырады» деп жауап береді. Басында кемеде амандықта болудың рахатын ұмытып айқайлап жатқан еді, енді сол ниғметтің қадірін түсінді. Сади Ширази хазреттері осы оқиғаны айтып бергеннен кейін: «Бетердің де бетері болады, қолдағы бар кетпей тұрып қадірін білу керек» деген. Сондықтан, одан да бетеріне душар болмай тұрып, жағдайымызға шүкір етейік. Сүйікті пайғамбарымыз да былай деген:

«Бес нәрсе келмей тұрып, бес нәрсенің қадірін біліңдер:

1) Кәрілік келмей тұрып жастық шақтың,

2) Ауру келмей тұрып денсаулықтың,

3) Жұмысбастылық келмей тұрып бос уақыттың,

4) Кедейлік келмей тұрып байлықтың,

5) Өлім келмей тұрып өмірдің қадірін біліңдер!»




KZ » Қазақша Әңгімелер & Мақалалар жинағы, ақсақал, келмей, береді, айқайлай, қадірін, Қызметші, Кемеге, дейді, қызметші, тоқтамай, болады, әңгімеге, білемін», керектігін, түсіру, Сөйтіп, қызметшіні, сабасына, патша, ақсақал, келмей, береді, айқайлай, қадірін, Қызметші, Кемеге, дейді, қызметші, тоқтамай, болады, әңгімеге, білемін», керектігін, түсіру, Сөйтіп, қызметшіні, сабасына, патша, Қолдағының қадірі қолдан кеткенде білінеді ғибратты әңгімелер ғибратты әңгімелер вк ғибратты оқиғалар ғибратты сөздер гибратты ангимелер