Ене

Ене казакша Ене на казахском языке


Аспаздығымен, тағамдарының дәмділігімен аты шыққан бір кәрі әйел, ұлы мен жаңа түскен келінін кешкі асқа үйіне қонаққа шақырады. Үйде басқа да қонақ бар еді. Баласы мен келіні дастарханға жайғасып, дәмнен алғандарында күтпеген жағдай орын алады. Анасының жасаған тамағы, адамның тәбетін қашыратындай өте жаман болған еді. Жасаған тәтті бәліштерінен жағымсыз иіс шығып тұрды. Картоптары жартылай піскен, катлеттері күйіп кеткен болатын. Ұлы келіншегіне білдірмеу үшін қанша тырысса да, бәрібір жүзінен байқалып тұрған еді. Біраз уақыттан соң, тамақтарын жеп болып, жаңа үйленген жұптар аналарының батасын алып, қош айтысып үйлеріне кетеді. Ұлы мен келіні кеткен соң, әлгі қонақ кәрі әйелден: «Сіз тамақты жақсы пісіретін едіңіз ғой, неге бүгін тамағыңыз дәмсіз болды? Әлде ауырып тұрсыз ба?» деп сұрайды. Кәрі әйел күлімсіреп: «Жоқ, бәрі дұрыс. Әдейілеп осылай жасадым. Бұдан былай ұлым қайта-қайта менің тамағымның дәмділігін айтып, әйелін ренжітпейтін болады», дейді.




KZ » Қазақша Әңгімелер & Мақалалар жинағы, келіні, кеткен, қонақ, Аспаздығымен, болған, Жасаған, тәтті, бәліштерінен, жағымсыз, шығып, тұрды, Картоптары, жартылай, катлеттері, піскен, қашыратындай, күйіп, болатын, келіншегіне, білдірмеу, келіні, кеткен, қонақ, Аспаздығымен, болған, Жасаған, тәтті, бәліштерінен, жағымсыз, шығып, тұрды, Картоптары, жартылай, катлеттері, піскен, қашыратындай, күйіп, болатын, келіншегіне, білдірмеу, Ене ғибратты әңгімелер ғибратты әңгімелер вк ғибратты оқиғалар ғибратты сөздер гибратты ангимелер