БӘРААТ ТҮНІ – БАР ТІЛЕКТІҢ БАСТАУЫ

БӘРААТ ТҮНІ – БАР ТІЛЕКТІҢ БАСТАУЫ казакша БӘРААТ ТҮНІ – БАР ТІЛЕКТІҢ БАСТАУЫ на казахском языке


Шағбан айының он бесінші түні – мүбәрак Бәраат түні. Мүбәрак үш айдың екіншісі, Ережеп пен Рамазанның ортасындағы Шағбан айының 14-нен 15-не, яғнибиылғы мамыр айының 21-нен 22-не қараған түні «Мүбәрак», «Кешірім» түндерінің бірі саналады.

Ислам күнтізбесінде «Бәраат түні» ерекше аталып, қасиетті Рамазанға он бес күн қалғандығын білдіреді. Бәраат – Алла Тағаланың кешірімге толы түні. Осы түнде Жаратушы Ие құлдарының тәубесін қабыл етіп, күнәсін кешіреді.

Бұл түні адамның бір жылдағы ризық, бай немесе кедей, жоғары немесе төмен болатынынан, ғұмырларының ұзаруы немесе ажалының келуі жайында хабарларды Алланың әмірімен періштелердің дайындайтындығы білдіріліледі. Бұл түнді құлшылық, нәпіл намаздармен өткізу үлкен сауап. Себебі, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Бәраат түнін құлшылықпен өткізіп, «Уа, Раббым! Бізді тақуа иесі ете гөр, серік қосушылардан ұзақ ет. Бізді адасушылардан сақтай гөр», «Уа, Раббым! азабыңнан кешіріміңе, ашуыңнан ризалығыңа сиынып, Өзіңнен өзіңді қорған етемін. Сен ұлысың. Саған арнаған мадағымды, Сенің өзіңе жасаған мадағыңмен тең тұта алмаймын. Саған лайық мадақтауға күшім жетпейді» деп дұға жасайтын.

Сонымен қатар, Абдулла ибн Омардың риуаяты Алла елшісі (с.ғ.с.): «Мына төрт түні жасалған дұғалар кері қайтарылмайды» деді. Олар: 1.Ережеп айының алғашқы түні, 2.Шағбан айының ортасы (Бәраат түні), 3.Қадір түні, 4.Бірінші айт күні.

Қадыр түні мүбәрак болғандай, Бәраат түні де періштелер үшін мүбарак уақыт. Ғаус Ағзам Абдулқадыр Гайлани: «Мұсылман баласының жер бетінде екі (Рамазан мен Құрбан) мейрамы болғандай, көктегі періштелердің де екі мейрамы бар. Олар – Бәраат пен Қадыр түні. Періштелердің мейрамы – түнде. Өйткені, олар ұйықтамайды. Ал мүміндердің мейрамы – күндіз. Өйткені, олар түнде ұйықтайды» дейді.

Бәраат түні – Алла Тағаланың мейірімі түсіп, жұмақтың сегіз есігі де ашылатын түн.

Әбу Хурайра (р.а.) риуаят етеді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Шағбан айының орта түнінің алғашқы уақытында Жәбірейіл періште маған келіп былай деді: «Уа, Мұхаммед! Басыңды көкке көтер!» деді. Мен: «Бүгін қандай түн?» деп сұрадым. Сонда: «Бұл түні Алла Тағала рахым есіктерінің үш жүз данасын ашады. Өзіне серік қоспағандарды кешіреді. Ал сиқыршы, дуакештер, ішімдікке салынғандар, аса дүние құмарлар, пайыз алушы, зина жасаушылар тәубеге келмегенше оларды кешпейді» деді. Түннің бір уағында Жәбірейіл періште тағы келді де: «Уа, Мұхаммед! Басыңды көтер!» деді. Қарасам, жұмақ есіктері ашылыпты. Жұмақтың бірінші есігінде бір періште: «Бұл түні рүкүғ жасағандар қандай бақытты!» десе, екінші есіктегі періште: «Бұл түні сәжде еткендер қандай бақытты!», үшінші есіктегі періштелер: «Бұл түні дұға жасағандар қандай бақытты!», төртінші есіктегілер: «Бұл түні Алланы еске алып зікір еткендер қандай бақытты», бесінші есіктегілер: «Бұл түні Алладан қорқып көз жасын төккендер қандай бақытты», алтыншы есіктегілер: «Бұл түні мұсылмандар қандай бақытты», жетінші есіктегілер: «Дұға жасаушы бар ма екен, Алла оның қалауын берсін!», сегізінші есіктегілер: «Кешірім тілеуші бар ма екен, Алла оны кешсін!» деп тұр екен. Сонда Мен Жәбірейіл періштеден «Бұл есіктер қай уақытқа дейін ашық болады?» деп сұрадым. Сонда ол: «Күн ұясына батқан шақтан таң ағарғанға дейін» деді де, «Уа, Мұхаммед! Бүгін Хақ Тағала Кәлб тайпасының қойларының жүніндей (әрбір қылшығындай) адамдарды тозақтан құтқарады» деді».

Бәраат түні – бір жыл ішінде дүние салатын және қажылыққа баратындардың тізімі жасалатын түн.

Сондықтан да, мүбәрак болған Бәраат түнін құлшылықтармен (тәубе етіп, дұға жасап, намаз оқып, ораза тұтып, Құран оқып, пайғамбарымызға салауат айтып, жоқ-жітіктерге көмек беріп т.б.) өткізген абзал.

Бәраат түнінде жақындарымызға, көрші-қолаң, дос-жарандарымызға «Құдай тағала құт-береке жаудырсын» деп тілейік. Осы бір мүбарак түні біріміздің хал жағдайымызды сұрап, қайғы мен қуанышымызға ортақтасып, ұлтымыздың бірлігі мен тұтастығын, болашағы мен баяндылығын, жеріміздің, қала берді күллі адамзат баласының қайғы мен қасіреттен аман болып, бақытты болуы үшін Ұлы Жаратушыға жан жүрегімізбен жалбарынайық.

Қалмахан ЕРЖАН,
дінтанушы




KZ » Қазақша Әңгімелер & Мақалалар жинағы, бараат туни казакша, Қасиетті Бараат түні, Қасиетті Бараат түні қазақша, барат туни казакша, бараат түні казакша, барат туни, барат түні, бараат түні оқылатын дұға, бараат туни окылатын дуга, бараат туни казакша, Қасиетті Бараат түні, Қасиетті Бараат түні қазақша, барат туни казакша, бараат түні казакша, барат туни, барат түні, бараат түні оқылатын дұға, бараат туни окылатын дуга, БӘРААТ ТҮНІ – БАР ТІЛЕКТІҢ БАСТАУЫ ғибратты әңгімелер ғибратты әңгімелер вк ғибратты оқиғалар ғибратты сөздер гибратты ангимелер