Қазақ әдебиеті | Мұхтар Мағауин

Қазақ әдебиеті | Мұхтар Мағауин

Мұхтар Мұқанұлы Мағауин (2.02.1940, Баршатас ауылы, Аягөз ауданы, Шығыс Қазақстан облысы) — тарихшы, жазушы, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеушісі ғалым. Филология ғылымдарының докторы, Мемлекет сыйлығының лауреаты (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1996).
Мазмұны
1 Өмірбаяны
1.1 Білімі
1.2 Қызмет жолы
2 Шығармалары
3 Дереккөздер
Өмірбаяны

Мұхтар Мұқанұлы Мағауин — 1940 жылы 2 ақпанда Семей облысының Шүбартау ауданында туған. 1962 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, 1965 жылы оның аспирантурасын бітірген. Еңбек жолын 1965 жылы бастады. "Қазақ әдебиеті" газетінде бөлім меңгерушісі, 1967-1971 жылдары "Жазушы" баспасында бас редактордың орынбасары, Қазақ КСР Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып істеген, Мәскеуде М.Горький атындағы Әдебиет институтында қазақ фольклоры мен қазақ әдебиеті тарихы бойынша арнайы лекциялық курстар жүргізді. 1983-1984 жылдары еркін шығармашылық қызметте, 1984-1986 жылдары "Жазушы" баспасының бас редакторы. 1987 жылы еркін шығармашылык қызметте, 1988 жылдан бері "Жүлдыз" журналының бас редакторы.[1]
Білімі
ҚазМУ-ды (1962), осы университеттің аспирантурасын бітірген (1965).
Қызмет жолы
1965 — 86 ж. "Қазақ әдебиеті” газетінде бөлім меңгерушісі, "Жазушы” баспасында, "Жалын” альманағында бас редактордың орынбасары, Әдебиет және өнер институтында, ҚазПИ-да аға ғылым қызметкер, доцент, "Жазушы” баспасында бас редактор қызметтерін атқарған. 1988 жылдан "Жұлдыз” журналының бас редакторы. "Кешқұрым” атты тұңғыш әңгімесі "Жұлдыз” журналында жарияланды (1964).
Қазақ халқының көрші мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынасы тарихи-көркемдік тұрғыдан тұңғыш рет суреттелген "Аласапыран” тарихи дилогиясы 1981—83 ж. жарық көрді. Романда қазақ ордасын Тәуекел хан басқарған тұстағы (16 — 17 ғ-лар) қоғамдық-әлеуметтік жағдай көрініс тапқан. Хан мұрагері Ораз-Мұхаммед пен оқымысты Қыдырғали Жалайыридың, Едіге би ұрпағы Петр Урусовтың көркем бейнелері сомдалған. Томан би, Манақ батыр, Ділшат, Ай-Шешек бегім, секілді кейіпкерлерді суреттеу арқылы қаламгер Ораз-Мұхаммед тұлғасын даралай түседі. Романда көшпелі тұрмыс көріністері, аңшылық, саятшылық сынды ұлттық дәстүрлер көрініс тауып, Қазақ хандығының Ресей, Иран, Бұқар, Сібір хандықтарымен өзара қатынастары, ішкі-сыртқы саяси жағдайлары сипатталған. Жазушы шығармаларында 20 ғ-дағы ауыл, қала тұрмысы, түрлі әлеуметтік топ өкілдерінің тағдыры психология-философия тереңдікпен көркем бейнеленген. "Қобыз сарыны” (1968) монографиясында хандық дәуірде өмір сүрген ақын-жыраулар шығармаларын (15 — 18 ғ-лар) жүйелі түрде талдады.
"Алдаспан”
"Бес ғасыр жырлайды”
"Ай, заман-ай, заман-ай”
атты ақын-жыраулар шығармаларының антологиясын құрастырып, жарыққа шығарды.
"Ғасырлар бедері”
"Қазақ тарихының әліппесі”
зерттеу еңбектері қазақ тарихының 500 жылдық кезеңін қамтиды. Мағауин "Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет” (1992) оқулығы мен хрестоматиясының (1993), т.б. оқу құралдарының авторы. Қаламгер шығармалары бірнеше шет тілдерге аударылған. Ол "Түркі дүниесіне қызмет” халықаралық сыйлық лауреаты (1997).[2]
Шығармалары

Баспасөз бетінде алғаш рет 1959 жылы көрінді. 60-жылдары негізінен әдебиет зерттеушісі ретінде танылды. "Қобыз сарыны" атты ғылыми монографиясы жарық көрген (1968). Бүдан соңғы кезеңде көркем прозаға көбірек ден қойды. "Көкмүнар" (роман, 1972), "Бір атаның балалары", "Көк мүнар" (повестер мен әңгімелер), "Аласапыран" (тарихи роман-дилогия, 1980-1982), "Шақан Шері" (роман), "Мен" (ғүмырбаяндық роман-хамса), "Құмырсқа-қырғын" (әңгімелер), "Үлтсыздану үраны" (мақалалар) және тағы басқа кітаптары жарық көрген. 2002 жылы он үш томдық шығармалар жинағы басылып шықты. Көптеген шығармалары орыс тіліне аударылған, шетел тілдерінде басылған. Мүхтар Мағауинның шығармашылық тарихына зер салып қарасаңыз үнемі жаңашылдыққа үмтылғанын байқау қиын емес. Шығармаларында қайталану жоқ, әсіресе соңғы жылдары бүрынғы дүниелеріне мүлдем үқсамайтын, қурылымы жағынан өзгеше шығармалары "қыпшақаруың", "қүмырсқа қыргын". Жакын арада Чехия Республикасынан жарық көрген "Жармақ" — қазақтың екі ғасырлық тарихы мен бүгінгі психологиялық тартыстар жүйесіне қүрылған романы жазушыны мүлдем басқа қырынан көрсетеді.
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы, әдебиет зерттеушісі. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы.
"Аласапыран" тарихи роман-дилогиясы үшін Қазақ КСР-інің Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілді. (1984). Қазақстанның Халық жазушысы, Түркияның Халықаралық "Түркі дүниесіне қызмет" сыйлығының сахибы.[3]
Дереккөздер

Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 ж. — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х
Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. "Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі