Биология | Айырша без

 Биология | Айырша без

Айырша без (грек, thymus — тимус) — омыртқалы жануарлар мен адам организмдеріндегі иммундық жүйенің қалыптасуы мен оның қызметінің толық атқарылуын қамтамасыз ететін без. Айырша без иммундық жүйенің орталық мүшесіне жатады. Ол көкірек қуысында орналасқан тақ көкірек бөлігінен және кеңірдектің екі қапталында жатқан жұп мойын бөлігінен түрады. Адам мен жануарлар организмдеріндегі жасушалық және гуморальдық (сүйықтық) иммунитеттердің қалыптасуында маңызды рөл атқаратын Т лимфоциттердің түрліше популяцияларын түзу арқылы айырша без денедегі иммуногендік қызметті реттеуге қатысады. Ол гуморальды фактор — тимозинді организмнің ішкі сүйық ортасына (қан, лимфа, ұлпа сүйығы) бөліп, шеткі лимфоидты мүшелер — лимфа түйіндері мен көкбауырдағы лимфоциттердің көбейіп жетіліп, әсерлі (эффекторлы) клеткаларға айналуын қамтамасыз етеді. Құрылысы жағынан айырша без лимфоидты-эпителиальды мүшелерге жатады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі