DataLife Engine / Бейбітшілік – адамзаттың асыл құндылықтарының бірі

Бейбітшілік – адамзаттың асыл құндылықтарының бірі

Кез келген тәуелсіздікке қол жеткізген ел, оны әлем танымай дамудың даңғыл жолына түсе алмайды. Бұл – уақыттың талабы. Томаға тұйық өмір сүрудің уақыты өткен. Әлемдік интеграцияға қосыла отырып қана әр ел өзінің экономикасын дамыта алады, қауіпсіздік нығайтады, сол арқылы ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Бұл ең алдымен елдің сыртқы саясатына байланысты.
Бейбітшілік – адамзаттың асыл құндылықтарының бірі. Адамзат өмір бойы үнемі тыныштықта, мәңгілік бейбіт өмір сүруді армандайды .Бірақ нақты өмірде оған ешқашан толық қол жеткізген емес. Өткен тарихқа көз салсақ, адамзат қоғамы соғыстардан көз ашпады. Зерттеушілердің деректеріне қарағанда, соңғы 5.5 мың жылда жер бетінде небары 292 жыл ғана бейбітшілік «билік» етіп тұрыпты. Қалған уақыттың бәрінде «Тыныштық керек болса – соғысқа дайындал»-деген қағидамен өмір сүріппіз. Осы аралықта жер бетінде 15 мыңнан астам қантөгіс шайқастар өтіпті. Екінші дүниежүзілік соғыстан бері жер бетінде бейбіт өмір орнады десекте, әлемнің түрлі аймақтарында ірілі-ұсақты соғыстар, қарулы қақтығыстар, лаңкестік әрекеттер жиі кездесуде. Батыстың бір ғалымыныңесептеуіне қарағанда өткен ХХ ғасырдың соңғы 45 жылында әлемде бар жоғы 12 ғана «бейбіт» күн болыпты. Кейінгі 40 жылдың ішінде ғана дүниежүзінде 250 соғыс болып, 354 млн. адам қаза тауыпты.
Сөйтіп, бейбітшілікті сақтау, соғысты болдырмау, бейбітшілік үшін күресу – ХХІ ғасырдың да өзекті мәселелерінің бірі болып, мұраға қалдырылды, Халықаралық қоғамдастық бейбітшілікті сондықтан жалпы адамзаттың құндылықтар қатарына қосып отыр.
Әрбір сауатты, саналы, парасатты деген азамат бір сәт артымызға ата-бабамыздың жүріп өткен жолына ой жіберіп қарайық. Қазақ халқының жер бетінде ұлт ретінде жойылып кету қаупі неше дүркін қайталанды. Десекте, бір жеңнен қол шығарып, еліміз бен жерімізді сыртқы жаулардан азат ету жолында ерен ерліктер көрсетті, ақыры бүгінгі тәуелсіздікке ұласты.
Бұрынғы КСРО-ның барлық халықтарымен қатар, қазақстандықтар да Ұлы Жеңіске сүбелі үлес қосты. Біздің жүздеген мың жерлесіміз қолына қару алып, өз Отанының намысы мен бостандығы үшін күресті. Олардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде өлімге бас тікті, Сталинград, Курск жағасындағы шайқастарда Днепрді кесіп өтуде ерекше көзге түсті. Олар Еуропаны нацистік өктемдікпен азат етуге қатысып, Берлинді шабуылдады, Рейхстагқа Жеңіс Туын тікті. Жерлестеріміздің ондаған мыңы жоғары әскери наградаларға ие болдыф. 500-дей Қазақстандық Кеңес одағының батыры атағын алса, соның ішіндегі 98 қазақөстандықтың біреуі біздің жерлесіміз Тәйімбет Көмекбаев.
Біздің ауылда көне тарих куәсі болған, кешегі Ұлы Отан соғысының сұрапыл күндері от кешіп, біздің осы бейбіт өмірімізге үлес қосқан ардагер аталарымыз санаулы-ақ қалды: Әбішев Ермұрат, Дүйсенбиев Әубәкір. Бірақ ешкімде ештеңе де ұмытылмауы тиіс. Бұл- біздің тарихымыз, біздің – мақтанышымыз, біздің – даңқымыз.
Бейбітшілікке, бейбіт тыныш өмірге ұмтылу – қазақ халқының қанына сіңген асыл қасиеттерінің бірі. «Сырт көз – сыншы» деген ғой. Арғы-бергі заманда қазақ жерінде болған саяхатшылар, ғалымдар, дипломаттар қазақ халқының меймандос, сабырлы, момын, ешкімге жамандық, қаскөйлік жасамайтын халық екенін, қазақ елі ежелден бейбітшілік сүйгіш ел, өз бетінше ешкімге ұрынбаған, соғыс ашпаған ел екенін сүйсіне жазған. Тәуелсіздікке қол жеткен тұста, елбасымыздың елдің бетке ұстар азаматтарының қажырлы, табанды еңбегінің арқасында біз осы асыл қасиетімізді тағыда бір дәлелдеп, оны әемге паш ете білдік.
Семей ядролық полигонын жабу еліміздің өмірінде ғана емес, әлемдегі айтулы оқиғаның бірі болды. Ядролық қару пайда болғалы ешбір ел ядролық полигонды өз еркімен жауып көрмеген болатын. Біздің еліміздің дүниежүзінде бірінші болып ядролық полигонды жабу жөніндегі осы қадамына БҰҰ мен дүниежүзілік қауымдастық үлкен баға берді.
Қазақстан басшылығы КСРО тарасымен-ақ ядролық қаруды таратпауды жақтап, Ресей, Украина, Белорусь басшыларыфмен бірлескуен іс-қимыл шаралары туралы келісімге қол қойды.
1992 ж 23-мамырда ядролық қаруды таратпау және ядролық ракеталарды біртіндеп бұзып Ресейге көшіру, олардың оқшантайларына салынған уранның құнын Қазақстанға ақшалай қайтару жөнінде Лиссабон хатьтамасына Қазақстан қол қояды.
1994 ж Қазақстан ТМД мемлекеттерінің арасында бірінші болып ядролық қару-жарақты таратпау жөніндегі Шартқа қосылды. Ал 1994 ж желтоқсанында әлемнің ядролық державалары біздің еліміздіңқауіпсіздігіне кепілдік беретін меморандумға қол қойды.
1996 жҚазақстан ядролық сынақтарға толық тыйым салу жөнінде Шартқа қосылады.
1997 ж БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Қазақстанның ядролық сынақтардан зардап шеккен өңірлеріне көмек көрсету жөнініде қара қабылдады.
2000 жылы Семей полигонында ядролық сынақ жүргізілетін ең ақырғы штольня жойылды.
Қазақстан Республикасы әлемде бейбітшілікті сақтау мен нығайту ісіне үлес қосуын жылдан-жылға кеңейтуде.
Түйіедеп айтқанда, Қазақстан дүниежүзі мемлекеттерінің ішінде бірінші болып өз еркімен қуаттылығы жағынан әлемдегі төртінші ядролық қарудың арсеналынан бас тартып және әлемдегі ең ірі ядролық сынақ полигонын жауып, халықаралық қауіпсіздікті нығайтуда теңдесі жоқ үлесін қосты. Мұны басқа халықтар мен мемлекеттер таныды және лайықты бағалады.
Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігі мен тығыз байланысты.
Қазіргі таңда лаңкесшілдікке қарсы тұру Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін қамтамсыз етудің басым бағыттарының бірі болып саналады.
Біріншіден, республика БҰҰ-ның лаңкестікпен күрес жөніндегі барлық он екі Конвенциясына қосылды.
Екіншіден, Қазақстанда ұлттық Антитеррористік Орталық құрылды.
Үшіншіден, ұлттық заңнама жетілдіріліп келеді. Парламенттен экстремизмге қарсы тұрну жөніндегі шараларды көздейтін заң жобасы бар.
Төртіншіден, Қазақстанда лаңкесшілдік ұйымдардың белсенді қызметін бейтараптандыру жөнінде алдын алу жұмыстары жүргізілуде.
Бесіншіден, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешіміне сәйкес елде лас ақшаны тазартуға және лаңкестік ұйымдарды қаржыландыруға қарсы тұру жүйесі жолға қойылған.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 26-27 қаңтарда Алматыда БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің Антитеррористік комитетінің 4-ші арнайы отырысында сөйлеген сөзінен: «Қазақстан халықаралық лаңкесшілдікке қарсы күрес саласындағы ықпалдастықтың нақты бағыттары бойынша барлық қатысушылардың белсенді диологы орнайды деп есептейді» – деп көрсетті.
Не сойқанды басымыздан өткеріп, «Мың өліп, мың тіріліп», жүріп егеменді ел болып, байрағымыз әлемнің жүздеген елдері менг қатар биікетен желбіреуде. Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында «Біздің 3 мүмкіндігіміз бен 7 жетістігіміз» деген бөлімде «Мен өз халқымның төзімділігін мақтан тұтамын» деген болатын.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында «Қазақстан Орта Азия Барысына айналады» деп атап көрсеткен. Ондағы мақсат:Барыс биік шыңдарда өзінгің ірілігімен, терісінің бағалағымен ерекшеленсе бұл қасиетті Қазақстанның ішкі байлығымен теңестіріледі. Табиғат байлықтары: жер асты, жер үсті байлықтары Менделеев таблицасындағы 109 элементтің Қазақстан жер қойнауынан табылуы соның айғағы.
Ал Барыстың тектілігі, маңғаздығы, ешбір аңға өздігімен шабуыл жасамайтыны, ал тиіскен аңды оңдырмайтын қасиеті Қазақстанның сыртқы саясатына теңестіріледі. Қазақ елінің о бастағы бабаларымыз салған сара жол – ешкімге соғыс ашпау, ешбір жауға жерін таптатпау.
Қазақстан Республикасы Ата заңында көрсетілген «Қазақстан Республикасының жері біртұтас, ол бөлінбейді және ешкімнің қол сұғуына жол берілмейді» деп, атап көрсеткен. Және Қаз дауысты Қазыбек бидің:
«Біз қазақ деген халық
мал баққан елміз
Бірақ ешкімге тиіспей
Жай жатқан елміз
Жерімізді жау баспасын деп,
Елімізден құт-береке қашпасын деп,
Найзамызға үкі таққан елміз
Ешбір дұшпан басынбаған елміз
Басымыздан сөз асырмаған елміз» деген сөзі де дәлелі боларлықтай. Жер көлеміне 5 Францияны сыйдырып жатқан ұлан-байтақ қазақ жері анталаған жау – Қоқан, Хиуа, Жоңғар хандықтарын Ресей, Қытай империяларына қарсы алапатты жолдардан өте келе еліміздің елдігін, жерін, салт-дәстүрін яғни ұлттық менталитетін сақтап қалған елміз. Осындай жеріміз бар, еліміз бар. Үш жүздің басын қосқан, ұлтымызға баспана да болған, астана да болған, рухани тірегі болған – Сыр елі біздің туған өлкеміз. Қазақстан Республикасының дарынды ақыны «Тарлан» сыйлығының иегері, ұлтжанды ағамыз М:Шахановтың «Отырар эллегиясы» поэмасында Отырардың қақпасын ашып берген сатқын Қарашаны Шыңғысхан алдына алып келгенде сатқынның әкесі бармағын тістеп қатты өкінген екен. Сонда әкесі:

«Ең негізгі кінә, әрине өзімде,
Бұл баланы жаңа туған кезінде
Перзент үні тусаған жан мұратын
Афрасиабтың ар жағында тұратын
Нағашысы бауырына басқанды
Қателігім осы арадан басталды
Кіндік кескен өлкесінің сорына
Ер жеткен соң қайта келді қолыма
Бөренені жарып шыққан сынадай
Бабалардан бізге жеткен,
Құлақтыны іздеп өткен,
Өсиет бар мынадай:
«Әр нәресте қашан есі кіргенше
Жер қадірін, ер қадірін білгенше
Алғаш әнтек қылығына
Өзі ұялып күлгенше
Көтергенше балаң оідың желкенін
Өзі туған қасиетті өлкенің
Ауасымен дем алуы тиіс ол»
Мен осынау борышыма әкелік
Немқұрайды қарадым да,
Кінәлі боп ар алдында
Жібердім зор орны толмас қателік» деген екен. Әрбір жас азамат өз елінің тарихын, тарихи тұлғаларын, олардың өнегелі істерін оқып біліп, ұлттық дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымызды, мәдениетімізді ұғынып, туған өлкеміздің тау-тасын, өзен-көлін, қазба байлығын өзімдікі деп сезініп, оны қорғай да білетіндей болу керек.
Әрбір азамат туған өлкесін, елін, жерін, салт-дәстүрін, тарихын құрметтейтін, сүйетін, мақтан тұтатын, Ұлтжанды азамат болу керек. Ол үшін өткенін біліп, бағалау керек. өзі туған қасиетті Отанын оттан да ыстық бағалау, сүю керек деп ойлаймын. Ұлтымыздың мақөтанышы Қ.И.Сәтбаевтан шетелдіктер: қазақ деген халық сіз сияқты сымбатты да, ірі ме?дегенде, Қ.И.Сәтбаев:»халқым менен де биік, менен де сымбатты»-деген екен ендеше сол ағаларымыздай Ұлтжанды, білімді ұрпақ бола білейік.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Қазақстан-2030» сртатегиялық бағдарламасы.
Н.Ә.Назарбаев.
2. «Бейбітшілік кіндігі». Н.Ә.Назарбаев.
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жыл
4. «Егемен Қазақстан» газеті. «Ерлікке тағзым»
22 қаңтар, 2005 жыл, №12
5. «Егемен Қазақстан» газеті. «Әлем лаңкестікке қарсы күреске көтерілді» М.Төлепберген. 28 қаңтар,2005 жыл,№18
6. «Қазақстан тарихы» журналы ҚР-ның ядролық қарудан бас тарту және таратпау саласындағы саясат» С.Дүйсенов 2004 жыл, №9
7. «Қазақтың би-шешендері» Жинақ. 1985 жыл
8. «Отырар эллегиясы» М. Шаханов.
23.01.2015
Вернуться назад