DataLife Engine / Менің борышым

Менің борышым

Менің борышым халыққа адал еңбек ету, білім мен өнер үйрену, келешекке жол көрсету, үлгі алатындай із қалдыру. Жаман қылықтардан аулақ болу-мансап үшін мақтанға салынбау, бақ үшін арсыз қылықтарданаулақ болу. Және де ата-анамның үмітін ақтау,сабақты тек қана беспен оқу. Міне, менің борышым осы.
«Адамдық борышың»
Адамдық борышың-
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай
Ар сақта оны біл.
Талаптан да білім мен өнер үйрен,
Білімсіз, өнерсіз,
Болады ақын –тұл.
Мақтанға салынба
Мансаптың тағы ұшін,
Нәпсіңе билетпе
Басыңның бағы үшін.
Өміріңді сарп қыл Өлгеніңше,
Жоба тап , жол көрсет,
Келешек қамы үшін.
Қайтадан қайырылып ,
Қауымға келмейсің,
Барыңды, нәріңді
Тірлікте бергейсің.
Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң,
Шын бақыт-осыны ұқ,
Мәңгілік өлмейсің!


"Отбасы шағын мемлекет" демекші, өз отбасымды, әрине, айрандай ұйыған, тату тәтті, бірлікте өмір сүріп жүрген қарапайым қазақ отбасылардың біріміз. Қара шаңырағымыздың ақылшысы, арқа сүйеріміз –жан әкешім,

"Әке - асқар тау,
Ана- етегіндегі бұлақ,

Бала - жасындағы құрақ" деп тегін айтылмаған болар. Ата-анасын, аға-сіұңілерін сыйлай білген, жақындарына жақсылық тілеген адам, менің ойымша, болашақта қоғамда да ізгі ниеті арқылы еліне, оның дамуына көп септігін тиетінін күмәнданбаймын.

Осының бәрі "ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің "деген мақалға сай келіп тұр. Яғни отбасында көрген тәлім, жадына тоқыған тәрбиенәң арқасында көкірегі ояу, есті болып өсуіміздің кепілі .

"Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет" демекші ,сыйласу арқылы бірлікте өмір өмір сүреміз. Еркелігімізді, аяқ шалынған .қателескен кездергі қателігімізді түсініп кешіре білген дер кезінде ақыл-кеңесін аямайтын, осы дүниенің тек тәтті тұстарын көрсетуден, жақсылыққа итермелеуден жалықпайтын әке шешеміз. Бірін-бірі демеп, сүйеу бола біліп, өмір бойы ынтымағы жарасқан отбасы қатарынан қалмаудан үміттенемін. Мен өз отбасыммен мақтан тұтамын.


Менiң борышым - ата-анамның сүтiн ақтау, елiмнiң үлкен азаматы болу, халқыма еңбекқылу. Мен борышымды орындау үшiн ақ жолдан айнымай, бар күшiмдi аямай, тек алға ұмтылу керекпiн.Мен келешек қамы үшiн өмiрiмдi сарп етемiн. Сабағымды жақсы оқып, өскенде жаксы мамандыктың иесi болғым келедi. Мен борышымды ақтаймын.

01.05.2019
Вернуться назад