DataLife Engine / Мен әкеме ұқсағым келеді, еліктегім келеді

Мен әкеме ұқсағым келеді, еліктегім келеді

«Атбасар ауданының білім бөлімі
Борисовка орта мектебі» КММ
9-сынып оқушысы Алемхан Дана
Жетекшісі: Рымхан Назигул

Әкең – қазақ, шешең – қазақ қарағым,
Сен де ұлысың мынау дархан даланың.
Әр халықта ұлттық намыс деген бар,
Оны биік қасиет деп санағын, деп әрбір әке баласына өсиет қалдыратыны анық.

Әке – асқар тау, ана – мөлдір бұлақ деген өнегелі ұғымды ойға түйіп, отырып мен өз әкеме ұқсағым келеді. Әкем содай мейрімді , қарапайым жан. Әкемнің ағасы, інілері бар оларда мейрімді және қарапайым адамдар. Атамызда ақ көңіл, балаларын өзінен артық көреді. Әсіресе қыздарын жақсы көреді. Менің әкем өз әкесіне ұқсайды, ал мен әкеме ұқсағым келеді. Әкем өте намысшыл, жаман қылық көрсетпеуімді талап етеді. Оның кейбір істеріне еліктегім келіп тұрады. Адам баласы отбасында нені көрсе, үлкен болып, өскенде, сол көрген нәрсені қайталауы мүмкін ғой. Менің әкеме атамыз қандай тәрбие берсе, әмекем маған сондай тәрбие беруде. Олар балалық шақтарында өте тату-тәтті болып өстік, сендер де тату болыңдар дейді,- бізге әкеміз. Менің ағам, әпкем бар. Олар анамызға жақын. Әкем өзін бізбен достық қатынаста ұстауға тырысады. Бос уқытында бізбен бірге уақыт өткізуге , мүмкіндік туғызады. Ол жұмыс көп істейді, ерте кетеді кеш келеді. Сонда да бізге көп көңіл бөледі. Әрбір мерекеге бірге барамыз. Ақылын айтып , өзі бізге үлгі көрсетеді. Оның достары көп. Сабақ орындауға ,ойнауға маған көмектеседі. Ол оқушы күнінде спортпен, би үйірмесіне баратын екен. Мен билеуді ұнатамын. Оның достары көп. Әкемнің сыныптастары, достары келгенде айтып отырады менің әкем туралы. Достары жыл сайын бізге қонаққа келеді. Әкемдер оларға барады. Олар үнемі балалық кездері туралы айтады. Маған әкем туралы тыңдау ұнайды. Ол адамдармен тез тіл табысады. Барлығын бірдей қабылдайды. Оны жұмыс орнында да сыйлайды, беделі жоғары әріптестерінің арасында. Қолынан іс келеді, кез-келген қиындықты жеңіп шығады. Ол берген өнеге маған өмір бойы азық болады. Мен достарыма, сыныптастарыма көмектесуге дайын тұрам, себебі әкем солай өнеге беріп келеді. Мен әкем сияқты болғым келеді. Мен анамнан гөрі әкемді көбірек жақсы көремін. Біржаққа қонаққа немесе жұмыс барысында кетсе келгенше сағынып қаламын. Ол да келе-сала өз шуағын төгеді. Айтады қыз бала анасына жақын деп, ал мен әкеме өте жақынмын. Содан да болар ол мені ерекше жақсы көретіні. Менің дүниеге келуіме себепші және аялап өсіріп, отырғанына мың да бір алғыс айтамын. Егер отбасын жақсы көрсең, Отаныңды да жақсы көресің ғой. Тәрбие тал бесіктен беріледі ғой. Мен оған шексіз ризамын. Әкемнің көзінен нұр төгіліп, маған шуағын шашып, «айналайын»,- деп еркелетеді. Әрине, әр әке өзінің баласы келешекте жақсы адам болғанын қалайды. Елін, жерін сүйіп өссін дейді, біреудің ала жібін аттамасын деп тілейді. Әрі сондай болады деп сенеді. Олар бізге әрқашан тура жолды нұсқап, ақ пен қараны ажыратуға көмектеседі. Сондықтан біз де тиісті көмегімізді беріп, қолғабыс етіп, олардың жүрегіне реніш түсірмеуіміз керек. Мен әкемнің қалауын әрқашан орындаймын. Себебі ол маған ешқашан жамандық тілемейді. Көзіне мейір тұнған сол бір аяулы жан қазіргі бағып-қағып, киіндіріп, әр тілегімді орындайды. Ал мен келешекте әкем, маған бола тер төккен күндерін ақтап, ол үшін мен де аянбай еңбектеніп, сабақты жақсы оқып, болашақта оған қамқор болуым керек. Ол үшін сабағымды жақсы оқып, жоғары оқу орнында білім алып, жақсы мамандық иесі боламын. Содан кейін әкеме көмек жасап, жұмыс істетпей, аяғын жылы суға салып отырғызамын деген мақсатым бар. Оның қазір бізді асырап –сақтау үшін күні-түні жұмыс істеп, бел жазбай жүруі біздің болашағымыз болса. Ал менің міндетім оған қартайғанда жарқын өмір сүруін қамтамасыз ету. Әкем маған ылғи айтады, «Сендей өнегелі, ақылды, тәрбиелі қызым өсіп келе жатқаны мен үшін зор бақыт», – деп . Сол сөзді естігенімде қанаттанып, алға қарай ұмтылдым. Әке асқар тау ғой оның айтқан, әр сөзі санамда сайрап, рухтандырып, қанат бітіріп, өмірге деген көзқарасымды қалыптастырып, алдағы болашағымды айқындауға көмектеседі. Ол кісіге деген ризалығымды айтып жеткізу мүмкін емес. Әрине жүректен шыққан сезімді сөзбен емес, іспен дәлелдеу керек емес пе?! Сондықтан мен аянбай еңбектенемін. Рахмет айтамын менде сіз сияқты әкем барлығына! Маған берген тәлім-тәрбиеңіз бен әкелік махаббатыңызға шексіз ризамын!

Сөз соңында айтарым,

Аталы сөз – баталы сөз.
Әкесін сыйламаған кісіні баласы сыйламайды.
Балаң жақсы болса – жердің үсті жақсы,
Балаң жаман болса – жердің асты жақсы,- дейді қазақ.
23.03.2020
Вернуться назад