DataLife Engine / Ұлы Жеңіске тағзым

Ұлы Жеңіске тағзым

Тасмуратова Камила
6 сынып, Федоровка қазақ ЖОББМ
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Федоровка ауылы
Жетекші: Амангалиева Жемис Галимжановна

Жатқанда Отан жері отқа жанып,
Тұрғанда туысқандар жауда қалып,
Жеңбесек, жойқын қайрат шығармасақ,
Жігіттің неге жүрміз атын алып?
Ж.Молдағалиев
Соғыс... Бұл –үлкен қасірет. Барды жоқ ететін, тауды жер ететін күйретуші күш! Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Әркімнің көзінен жас, жүрегінен қан ағызған сұрапыл жылдар. Талайды жақындарынан, туған бауырларынан айырған, сүйгендерінен қол үздірген, ардақты аналарды бауыр еті балаларынан ажыратқан соғыс жылдары жетім мен жесірдің санын көбейтпесе, азайтпады. Әр ай сайын жақындары майданға кеткен сарбаздардан хат күтетін. Бірақ хат орнына қара қағаз келмесе екен деп жаратқанға жалбарынатын. Себебі әр апта сайын бір қазақ ауылына ондаған қара қағаз келетін. Қара қағаз майданда сарбаз мерт болса ғана келеді. Ал жақындарының мерт болғанын кім қаласын? Әрине, ешкім де ондайды қаламайды ғой!
1945 жыл 9 мамыр – қазақ халқы үшін ақ түйенің қарны жарылған күн. Бұл күн –қазақ халқының басына бес жыл қара бұлт үйірген сұрапыл қан майданның аяқталған күні. Бұл жеңісті күн қазіргі таңда тарихты еске түсіретін мереке күніне айналды. Бұл айтулы мерекені еңбектеген баладан еңкейген шалға дейін тойлайды. Міне, сол мерекені тойлап келе жатқанымызға 71 жыл толғалы отыр.
Біз бұл жеңіске жеткеніміз үшін соғыс ардагерлеріне өмір бойы қарыздар болып өтеміз. Олар Қазақстанның болашағы үшін, біз үшін қасық қаны қалғанша шайқасты. Өздерінің ең қымбат затын біз үшін құрбан етті. Ололардың өмірі. Сол үшін біз оларды мәңгі есте сақтап, қадірлеп, құрметтеуіміз қажет. Алайда соғыс ардагерлерінің ішінен оқушылар тек Бауыржан Момышұлын, Әлия Молдағұлованы, Мәншүк Маметованы, Талғат Бигелдиновты таниды. Хиуаз Досанованы да біреу білсе, біреу білмес. Ал қалған мыңдаған кісінің есімі ше? Біз оларды да мәңгі ұлықтап, құрметтеуіміз керек. Себебі олар да біз үшін қасық қаны қалғанша шайқасты. Ойлан, жас ұрпақ! Сен қазіргі өмірің үшін, жер бетінде Қазақстан деген тәуелсіз мемлекеттің бар екендігі үшін Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қарызсың! Біз олардың есімін мәңгі санамызда сақтап, келешек ұрпаққа жеткізсек те, олардың алдындағы борышымызды өтей алмаймыз. Бірақ та біз оларды ешқашан естен шығармауымыз керек. Ұлы Жеңіске мәңгі тағзым етуіміз керек!
Қан майданның жүректе жарасы бар,
Қайғысы мен зілі бар, наласы бар.
Арамызда жүретін алшаң басып,
Ардагерлер азайып барасыңдар, - деп ақындар жырға қосса, біздер, жас ұрпақ, соғыс ардагерлерін, майданда қаза тапқан белгісіз жауынгерлердің рухына мәңгі басымызды иеміз.
22.01.2020
Вернуться назад