DataLife Engine / Менің ауылым

Менің ауылым

Менің ауылым – Ақтөбе. Мен өз ауылымды жақсы көре­мін. Себебі бұл – менің туған жерім. Әркімнің туған жері өзіне ыстық. Ауылым аудан орталы­ғынан 42 шақырым жерде орналасқан. Өзім осындағы №109 қазақ орта мектебінде білім алып жүрмін. Сондай-ақ, сабақтан тыс уақытта газет-журналдар оқы­ғанды ұнатамын. Әсіресе бала­ларға арналған басылымдарды үзбей оқып тұрамын.

Мектепті аяқтаған соң ұстаз болуды армандаймын. Содан соң туған ауылыма қайта оралып, балаларға өз білгенімді үйреткім келеді. Мен арманыма жетемін деп ойлаймын.
Аида АМАНГЕЛДИЕВА,
Қармақшы ауданы
28.11.2018
Вернуться назад