DataLife Engine / Асыл сөз атасы (Мағжан Жұмабаев хақында)

Асыл сөз атасы (Мағжан Жұмабаев хақында)

7 сынып оқушысы Іңкәрқызы Жансая
Мағжан Жұмабаев Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы «Молодёжный» кеңшарында туған. Алғаш білімді ауыл молдасынан, мектеп мұғалімінен, содан кейін Уфадағы «Ғалия» медресесінен алған. Омбыдағы мұғалімдер семинариясын, Мәскеудегі әдеби көркем институтын бітіріп, Ташкентте, Қызылжарда ұстаздық қызмет атқарған. Мағжанның шығармашылық жолы ақындықтан басталған. Ол халық, жер туралы жырлады. Мағжан атамыздың «Жазғы таң», «Қазағым», «Өнер-білім қайтсе табылар?» атты өлеңдері жастарды тәрбиелікке шақырады. Атамыздың бұлардан басқа да надандықпен күресу, жастарды тәрбиелікке шақыру, азаттық жолында күресу туралы көптеген өлеңдері бар. Солардың ішінен Мағжан атамыздың Қазақ тілі өлеңіне тоқтала кетейік:

«Күш кеміді, айбынды ту құлады,

Кеше батыр-бүгін қорқақ бұғады

Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,

Қан суынған, жүрек солғын соғады.»-деп Мағжан атамыз жастарды тәрбиелікке, білімділікке шақырған. Бұл өлең жолдарынан асыл да алтын сөзді Мағжан атамыздың терең ойын түсінуге болады. Ал оның шығармаларында табиғатқа деген құштарлық, өмірге деген көзқарасы терең танылған.

Ақынның «Батыр Баян», «Ертегі», «Қорқыт», «Жүсіпхан» атты поэмаларында халықтың тарихы, тағдыры мен жеке тұлғалардығ іс-әрекеттері суреттеледі.

Мағжан Жұмабаев Қазақстандық педагогика ғылымының бастауында тұрған. Ол газеттер мен журналдарға көптеген мақалалар жазып, бірқатар оқулықтар дайындады. Оқу-ағарту саласында еңбек ете жүріп, «Педагогика», «Бастауыш мектептегі ана тілін оқыту жайлы», «Тарту», «Әліппе», «Оқу-жазуға үйрету» т.б. туындыларын жариялады.

Мағжан бала өмірін, қиял қанатын терең түсінетін. Оларға арналған шығармаларын жеңіл және тартымды баяндаған.

Ақынның мына бір өлең жолдарында Мағжан атамыздың жастарға деген керемет көзқарасы баяндалған:

«Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты-

Қырандай күшті қайратты-

Мен жастарға сенемін!»

Ақынның бұл өлең жолдарында Мағжанның жастарға деген сенімділігі мен көзқарасы, сезімі терең баяндалған. Бұл өлең жолдары жастарға күш-жігер беріп, еліне, жеріне деген сезімін оятады деп ойлаймын!

Біз Қазақ халқы Мағжан Жұмабаев сияқты дана ақынымыздың болғанына қуануымыз және құрмет тұта білуіміз керек деп ойлаймын!
07.10.2018
Вернуться назад