DataLife Engine / Нағашы атам

Нағашы атам

Атырау қаласындағы
№9 Ш.Уәлиханов атындағы
орта мектептің 1-сынып оқушысы: Изгали Зарина
Сынып жетекшісі: Едишова Бибігүл Төлегенқызы
Менің атам Ақтөбе өңірінің ауылдық жерінде тұрады. Нағашы атамның аты - Елеусіз. Атам қазір 67 жаста. Ол –зейнеткер. Жыл сайын жазғы демалыста нағашы атамның ауылына қыдырып барамыз. Атам бізді құшағын жайып қарсы алады. Бар тәттісін бізден аямайды. Біз де оған бақша суарған кезде арам шөптерді жұлып көмектесеміз.

Нағашы атам өнерлі адам. Ол домбыра тартады, ән айтады. Бізге өнерін үйретеді. Немере-жиендерін өте жақсы көреді. Біз де атамызды жақсы көреміз, айтқан ақылын әрдайым жадымызда сақтап жүреміз.
07.10.2018
Вернуться назад