DataLife Engine / Мен - ұлы дала перзентімін

Мен - ұлы дала перзентімін

Алматы қаласы
№ 90 мамандандырылған мектеп-лицей
6 «Г»сынып оқушысы Келгенбаева Әсел
Мен - ұлы дала перзентімін.

«Қазақстан - ұлы далам,

Ұлы байтақ, ұран далам.

Мол байлықтың мерейі бар,

Жеңіс үшін ұрандаған.» - деген жолдармен өз шығармамды бастағым келеді.

Иә, мен – ұлы дала перзентімін. Қазақтың кең байтақ даласын мекендеген ежелден еркіндік аңсаған бабалардың ұрпағымын. Қазақ елі өзінің егемендігі жолында тар жол, тайғақ кешулерден өтті. Сол себепті қазір біз үшін тәуелсіздік – ұлы мереке.

Тәуелсіздіктің тарихына үңілейікші. 1991 жыл 16 желтоқсан - Қазақстан тарихына Тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні. 1992 жылы еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылданды. Біріккен ұлттар ұйымына кіріп, әлем елдерімен бейбіт қарым–қатынас жасауға кең мүмкіндік алды. Мемлекетіміздің рәміздерінің, Ата заңының қабылдануы да алғашқы қадамдардың бірі болды.

Н.Ә.Назарбаев Астанаға көшуге ұсыныс жасады. 1997 жылы Қазақстаннның астанасы Ақмола болып жарияланды 1998 жылы Ақмола аты Астана болып ауысты. Ал қазіргі Астан – Арман қала, біздің мақтанышымыз, Қазақстанның жүрегі.

Егеменді еліміздің 25 жылды жеткен жетістігі көп. Мен Ұлы даламды мақтан етемін. Оның болашақта өсіп–өркендеуі үшін мен де өз үлесімді қосамын. Мен - ұлы дала перзентімін.
07.10.2018
Вернуться назад