DataLife Engine / Ұстаз - ұлы есім

Ұстаз - ұлы есім

№42 жалпы білім беретін мектептің
3 «в» сынып оқушысы
Көптілеу Нұрдәулет
Жетекшісі: Сатамбаева Эльмира
Ғалым да, шахтер да бас иетін,

Ұстазым барсенің қасиетің.

Білім берген, ой берген, ақыл берген,

Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең,- демекші, ұстаз дегенде менің көз алдыма аяулы ұстазым Эльмира апай елестейді. Өйткені Эльмира апайымның мәдениеттілігі, айтқан ақылы, берген білімі бізді жігерлендіреді. Қиялымызға қанат бітіріп, арманға жетелейді. Әрдайым да ұстазды сыйлай білу керек. Өйткені барлық адам баласы ұстаздың алдынан өтіп білім мен тәрбие алады. Біз үшін мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі. Мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді, абзал жандар. Ыбырай Алтынсарин атамыз айтып кеткендей - дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» - деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұстаздардың еңбегі ерен. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару - екінің бірінің қолынан келе де бермейді. Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз болу – шәкіртке ата-анасындай болып тәрбие сыйлау. Ал қазақтан шыққан қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынов «мұғалім – мектептің жаны» деп бағалаған. Осыдан-ақ, ұстаз деген – ұлы есім екенін талассыз аңғаруға болады. Себебі, ұстазға деген құрмет бәрінен биік тұрады.
06.10.2018
Вернуться назад