DataLife Engine / Жауапсыздық

Жауапсыздық

Атырау қаласы
№9 Ш. Уәлиханов атындағы орта мектептің
3 «Е» сынып оқушысы: Битекенова Аружан
Сынып жетекшісі: Джамбаулова Эльвира Акенбековна
Мен 3-ші сыныпта оқимын. Үлкендердің айтқандарын бұлжытпай орындауға тырысамын. Бірде анам дүкеннен сүт әкелуімді өтінді. Сабақтарыма дайындалғаннан кейін бармақшы едім. Кенет досым бөпесін ертіп үйге келді. Оған қараса тұруымды өтінді. Өзі сыныптастарымен мұражайға бармақшы екен. Мен оның бөпесіне қараймын деп, дүкенге баратынымды ұмытып кетіппін. Досым кешке бір келді. Кешкі ас ішер кезде анам сүттің жоқ екенін бір-ақ білді. Мен анамнан кешірім сұрап, болған жайды түсіндірдім. Анам маған ұрысудың орнына алғыс айтты.

- Досыңа көмек бергенің жақсы болды, әйтпесе ол қатарынан қалып қояр еді. Ал бүгінше сүт ішпей жатармыз деп, көңілімді көтерді. Берілген тапсырманы себепсіз орындамау жауапсыздық болып табылады. Ал қайырымды іс үшін жауапсыздық танытсаң, ол кешірімді екенін түсіндім.
06.10.2018
Вернуться назад