DataLife Engine / Менің Отаным

Менің Отаным

Қызылорда қаласы
№101 мектеп-лицейдің 2 «А» сынып оқушысы
Жандосқызы Меруерт
Сынып жетекшісі: Кушанова Индира Кенесовна
Мен оның күнін сүйем, түнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем!

Ф.Оңғарсынова

Менің Отаным – кең байтақ қазақ даласы, қасиетті Қазақстан. Желбіреген көк Туымыз, Әнұранымыз бен Елтаңбамыз бар тәуелсіз егеменді мемлекетте өмір сүретінімді үлкен мақтанышпен айтамын. Жер көлемі жөнінен Қазақстан әлемде тоғызыншы орынды иеленеді. Жер қойнауымыз пайдалы қазбаларға өте бай. Қара алтын – мұнай өндіру жөнінен алдыңғы қатарда тұратын алып мемлекетпіз. Осындай кең байтақ елімізде бірнеше ұлт өкілдері тату-тәтті, бір-бірімен достық қарым-қатынаста өмір сүреді.

Мен де Отанымның гүлденуіне өз үлесімді қоссам деймін. Ол үшін ата-анам мен ұстаздарымның ақылын тыңдап, үлгілі, озат оқушы атанып, өскенде өз еліме пайдам тиетін жақсы азамат болуым керек.

Өсе бер, өркендей бер, менің Қазақстаным!
06.10.2018
Вернуться назад