DataLife Engine / Тәрбие басы – тал бесік

Тәрбие басы – тал бесік

Жұмажанов Абылай
5 сынып, №40 орта мектебі
Қарағанды қаласы Жетекшісі: Мұқышева М. К.

Ел боламын десең – бесігіңді түзе!

Барша ұлтты бауырына басқан бауырмал Қазақ халқы татулық пен достықта өмір сүруді ежелден серік еткен. Қазақстан-өз ұлты, халқы, діні, тілі, мәдениеті, тарихы, салт-дәстүрі бар құдіретті де қасиетті ел. Тарихқа үңілсек: «Кеше кім едік, бүгін кімбіз,ертең кім боламыз?»- деп ойлансақ бұл-туған елінің, халқының өткені мен келешегіне көз жіберген әрбір азаматтың жүрек түкпіріндегі сөзі. Менің елім – Қазақстан Республикасы. Менің ана тілім – қазақ тілі. Мен - туған елімнің ұрпағымын, болашағымын. Әр адамның өз туған елі, жері бар, Отаны бар. Осы уақытқа дейін Отаны жоқ елдер де бар екен.

«Отансыз адам - ормансыз бұлбұл» деген сөз тегін айтылмаса керек. Ел болу деген сөз өз алдына тәуелсіз, егеменді болып, білімді әрі сауатты ұрпақ тәрбиелеу.

Қазақ халқы – қонақжай, ақкөңіл, қолы ашық, жанашыр халық.
Отбасындағы балаға берілетін тәрбиесі де ерекше болған. Ертеректе
балаларын шешен болуға, қара қылды қақ жаратын әділетті болуға, ауыз әдебиетінен сусындап өсуге, жыраулардың жырын тыңдауға үйреткен. Қазір менің ойымша, заман талабы солай ма, әйтеуір, балалар көркем әдебиетті сирек оқиды. Дайын дүниелерді тек компьютерден алып шектеледі. Өлең, прозалық шығармалар оқыған адам бойына адамгершілікті, ұлтжандылықты, мәдениеттілікті сіңірген, ой - өрісі кең тұлға болады . Себебі Қазақстанның өркендеп дамуы, құлаштап қанат жаюы, гүлденуі біз сияқты ұрпақтың қолында. Біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең, туған жерді қасиет тұту, Отанын сүю – қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Бұл таным қанымызға ана сүтімен тараған, ана тілімен дарыған . Отан, туған жер, Тәуелсіздік, ана тілі- мағынасы өте терең, ең қасиетті де қастерлі тәтті ұғымдар. Осы ұғымдарды әр отбасындағы балаға, мектеп қабырғасында жүрген жеткіншектерге барынша түсіндіріп, ұғындыру қажет деп ойлаймын

Бабалардан қалған мұра, қаншама жыл теперіш көріп келген қасиетті ана тіліміздің өз жерінде төрге шығып, мемлекеттік мәртебе алуы да – қасиетті тәуелсіздіктің арқасы. Қазақ халқының ана тілі – қазақ тілі, қазақ тілі

– мемлекеттік тіл екенін бәрі де жақсы біледі. Десек те, қазақ тілінде сөйлейтіндер қатары әлі де аздық етеді. Әрине, тіл саясатында атқарылып жатқан жұмыстар жетерлік. Бірақ қаракөз қандастарымыз бір – бірімен орысша сөйлесіп, сол тілде сөйлегендерін мақтаныш ететін сияқты. Бұл жеке өз пікірім. Неге олар өз тілінде сөйлемеске?

Қазақстан- көп ұлтты ел. Көптеген ұлттар біздің жерімізде өмір сүріп, суын ішіп, күн көріп жатыр емес пе? Ендеше сол әр ұлттың адамдары қазақша сөйлеу керек деп есептеймін. Біз кезінде Ресейдің қол астына өткенде орыс тілін білмесең, нан сатып ала алмайсың дегенұғым болған. Бірақ қазақтар орыс тілін тез меңгеріп алды. Қазіргі кезде қазақ тілін жан- жақты үйренуге барлық жағдайлар жасалған. Ол туралы Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңында» да айтылған. Тілін білмеген - өзін де білмейді. Сондықтан тілімізді дамытып, барлық құжат таза қазақ тілінде ғана болса нұр үстіне нұр болатын еді. Ұлтжанды болу үшін туған тіліңе деген сүйіспеншілігің ерекше болған жөн. Бірлігіміз жарасқан, түтініміз түзу ұшатын ел болу үшін қазақ тіліне деген құрметіміз ерекше болу керек.

Қазақстанның әрбір азаматының парызы – туған Отанының төл тарихын, әдебиетін, тәуелсіздікке қандай қиындықпен жеткенін түсіне білу. Алайда, бостандық, тәуелсіздік- бұлттан шыққан күндей жарқ ете қалмағаны да ақиқат.Тәуелсіздік-біз үшін қонған бақ,астыға тиген тақ. Күллі қазақ халқын өз туының астына жинап, үш жүздің басын қосқан Абылай ханды, елінің азаттығы үшін аянбай қан мен тер төккен Кенесарыны айтуға болады.

Қазақ ұлтының бүгінге дейінгі қат – қабат тарихының басты мазмұны – азаттық үшін күрес.
17.05.2017
Вернуться назад