DataLife Engine / Менің мектебім

Менің мектебім

Тоқмет Әмір
10 сынып, Халықаралық Мирас мектебі
Жетекшісі: Молдағалықова Қ.Т.

Сәлеметсіз бе, оқырман! Менің атым - Әмір. Мен Алматы қаласындағы Халықаралық Мирас мектебінің 10 сыныбында оқимын. Мектебім Н.Ә.Назарбаевтің Білім Қорында ұйымдастырылуымен 1999 жылы салынды. Мектептің босағасын аттаған кезден-ақ, мектептің әсемдігіне таң қаласыз. Мирастың әсем саябағына, театрына, спорт залы мен футбол алаңына, кең атриумы мен асханасына қызығарлықтай қарап тамашалаған соң, сізді қарсы алатын ақылды оқушылары мен жоғары санатты мұғалімдері көмек беруге әрдайым дайын. Ал хайуанаттар әлеміне саяхаттағың келсе, мектебімнің жаратылыстану кабинетінің жаңында хайуаннаттар бағы бар.

Ол жерде сен әртүрлі өімдіктер мен жәндіктерді, кемірушілерді қарай аласың. Сонымен, мектебім сізді кең құшағымен қарсы алды. Жылы қарсы алу кімге ұнамас десеңші...

Басқа мектептерге ұқсамас мектебімнің ерекшелігі өте көп. Солардың ішінде ең біріншісі - халықаралық бағдарлама негізде білім беру жүйесі, екінші - көптілділік ұстанымы, яғни оқушылар өз ана тілдерінен басқа мемлекеттік тіл - қазақ тілін, ұлтаралық тіл - орыс тілін, халықаралық тіл-ағылшын тілін оқып үйренуде. Мектебімнің мұғалімдері өз елімнің азаматтары және өзге елдерден кезген ұстаздар.

Менің мектебім - ол менің екінші үйім. Адамдар бір -біріне дос дегендей мектебімнің қабырғасында жүргенде бәрі маған таныс, бәрі маған дос, бәрі маған жақын. Біз бір отбасы сияқтымыз. Сабақтан тыс уақыттарымызды біз әр жаңа ашылуларды зертейміз. Себебі, Мирас мектебі - сапа жағынан және білім жағынан да ең жақсы шеберхана деп айтсам артық болмас. Сондықтан жолың түсіп, мектебімізге келіп жатсаң, сізге есігіміз айқара аш. Қош келдің досым!
19.03.2017
Вернуться назад