DataLife Engine / Қазақстаным!

Қазақстаным!

Сәрсенова Алуа 8 сынып
Әл-Фараби атындағы №145 мектеп
Жетекшісі: Тлеболдинова Н.Ы.

Тәуелсіздік… Осы сөзді естігенде, жүрегімде керемет бір қуаныш орнағандай болады. Ал бір жағынан көңілім түсіп кетеді. Оның себебі, тәуелсіздікке қол жеткізу жолында, аға-әпкелеріміздің қан төккені жүрегімді ауыртады.

Бірақ, біз қазақ елі, ата-бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. 1991 жылы желтоқсан айында «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні тарихы тереңде жатқан, елдің жаңа заманында өз алдына қайта егеменді ел болған күн.

Қазақстанда тәуелсіздік күні мерекесі әр жыл сайын жоғары дәрежеде атап өтіледі. Іс-шаралар өткізіліп,газет-журналдарда мақалалар мен оқушылардың шығармалары жарық көреді. Бірақ, тәуелсіздік мерекесі тек Қазақстан тұрғындары ғана үшін емес, сонымен бірге, шет елдердегі қазақ қандастарымыз үшінде маңызы зор мереке. Қазақ халқы тәуелсіздік алғанымен, ең бірінші болып құттықтаған Түрік қандастарымыз бен мұхиттың арғы жағындағы-Америка Құрама Штаттары, Қытай, содан кейін Ұлыбритания құттықтады.

Қазір Қазақстан бүкіл әлем мемлекеттері ішінде өз орнын таба білді. Дүниежүзі картасында да Қазақстанның өз орны белгіленіп тұр.Бүкіл әлем Қазақстан Республикасының кең-байтақ жеріне қызығады. Осыдан шығатын қорытынды, басқа халықтар, қазақ халқын ерекше сыйлайды. Мені тәуелсіздікке қол жеткізу жолында құрбан болған ата-бабаларымның, ерліктері үшін алғыс айтамын. Әрине, осындай керемет жақсылықтарға қол жеткізген Елбасыма деген алғысым шексіз.

Тәуелсіздік жолындағы күрестердің жарқын бейнесі болып, Нұрсұлтан атамның аты ерекше аталады. Ел болып тойлап жатқан Тұңғыш Президент күні құтты болсын дегім келеді!
27.02.2017
Вернуться назад