DataLife Engine / Менің аяулы мектебім!

Менің аяулы мектебім!

Имашева Айжан
11 сынып, № 126 мектеп -лицей

Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өмірдегі ең ұмытылмас сәттер болып мектепте өткізген уақыт деп ойлаймын.

Мектеп – білім айдынындағы үлкен кеме, осы кемеде 11 жылды әр бала өткізеді. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттап, таудай болып шығамыз. Алғашқыда мектепке келіп әрбір әріпті, әрбір санды жазып үйрену қалай қиынға соққан еді? Уақыт өте бәрі де өзгереді. Жазуды да, оқуды да, санауды да үйреніп шығамыз. “Қашан ғана осы мектепті бітіреді екем?” деп ойлайтын кездерім көп болды, бірақ қазір сол мектебімді бітірейін деп жатқаныма әлі де сенбеймін.....Көзімді ашып жұмғанша міне, 11 – жылда өтті де шықты..Мектеп қабырғасында өткізген әрбір күнім, әрбір қырық бес минуттарым балалық шағымның балғын уақыты болып қалмақ. Мектеп біздің “екінші отбасымыз, ақылшы анамыз, ұстазымыз”! Мектепте біз шынайы дос табамыз, білім алып, өмірді үйренеміз. Мектеп бізге көп бақытты күндер сыйлады, тірек болды, жылулық пен бақыт сыйлады. Ал ұстаздарымыз болса, бізге білім үйретуден еш жалықпады.

Менің бастауыш сыныптағы ұстазым, ақылшы анам Нұрсұлу апайыма көп алғыс айтқым келеді. Маған өз жылулығын сыйлап, әріп танытып, санауды үйретті! Мектепте өткен уақыт адам өміріндегі шатыққа толы кездер, дәл осы кездер есімізде мәңгіге қалады деп сенемін. Бүгін, міне – мектеп бітіргелі жатқан түлекпін. Мектебіммен қимастықпен қоштасқалы жатырмын, сыныптастастарыммен өткізген әрбір қызықты сәттер еш ұмытылмас...

№ 126 мектебім маған үлкен өмірге жолдама берді, үлкен өмірге дайындады. Мен осы мектепте 1 – ші сыныптан бастап оқып келемін, енді міне осы мектебім мен үшін жауапты емес, бірақ мен мектебімнің алдында әлі қарыздармын! Ендігі осы жолы алдыма үлкен мақсаттар қойып, алдымда тұрған ҰБТ дан жақсы балл алып, қалаған оқу орныма түсіп, бір мамандық иесі болып, мені мәпелеп өсірген ата – анамның борышын ақтағым келеді! Осы мақсатыма жетемін деген ойдамын!
14.03.2017
Вернуться назад