DataLife Engine / 1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні (Менің Президентім!)

1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні (Менің Президентім!)

Ешен Сәнаруа 9 сынып
Әл-Фараби атындағы №145 мектеп
Жетекшісі: Тлеболдинова Н.Ы.

«Кіндігін тауып Ұлы Даланың, Алдымнан шықты күліп арманым. Нұрсұлтан салған нұрлы қаланың, Көшесіндегі гүлі боламын.»,-
деп ақын ағаларымыз жырлағандай.
Мен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен мақтанамын. Атамды шын жүректен « Тұңғыш Президент күнімен » құттықтаймын! «Жыл адамы» атағы 1993 жылдан беріліп келеді екен. Бұл атақпен жеке тұлғалар, ғылым, мәдениет, мемлекеттік басқару, бизнес, қайырымдылық, ағартушылық қызмет салаларындағы жетістіктері үшін адамдар марапатталған.

Ал 2011 жылы Қазақстан ғалымдары Н.Ә. Назарбаевты «Ғасыр ғұламасы» деген атақпен марапаттады. Осы берілген атақтардың бәрі Тұңғыш Президентіміздің жасаған орасан зор еңбегі үшін деп білемін. Бүгінде Тәуелсіз Қазақстанды ғаламдағы барлық ел таниды, біледі, қажет болса, бас иеді.

Қазір өскелең ұрпақтың білім алуына, дамуына көп көңіл бөлінеді және де жан-жақты қолдау көрсетіліп жатыр. Оқушылар үшін көптеген жақсылықтар жасалып жатыр.

Мен өзімді осы үлкен жобаның бір тамшыдай бөлігі екенімді сезінемін. Алдыма қойған асқақ арманымды орындауға барлық күш-жігерімді, алған білімімді саламын. Өйткені, менің көз алдымда Нұр атаның жарқын бейнесі тұр. Елімнің ертеңі тұр! Елдің бірлігі мен болашағы үшін сабақтарыңызды төрт пен беске оқуға шақырамын.
13.03.2017
Вернуться назад