DataLife Engine / Менің туған жерім - егеменді Қазақстан

Менің туған жерім - егеменді Қазақстан

Айтмолданова Аружан
4 сынып, Жанұзақов Т. орта мектебі
Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы

Менің туып өскен жерім көк аспанда бұлты жоқ көк жалауы биіктен желбіреген егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Мен Аружан Жайдарқызы Айтмолданова ( Алматы обылысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы Тельман Жанұзақов атындағы орта мектептің 4-сынып оқушысы) : - Нағашы атамның қолында оқимын. Өз үйіміз Алматыда . Өзім оқу озатымын. Ән салып, тақпақ айтамын. Мұқағали Мақатаев атамның 40 өлеңін жатқа біліемін. Арманым ақын болу. Мектепте қоғамдық жұмысқа белсенді араласамын. Тез өсіп жоғарғы оқу орнына түссем ғой. Шіркін! Неге дейсіз бе? Біздің жер байлығымызды шетелдік кәсіпорындар игеріп жатқан жоқ па?! Сол үшін балалар жақсы оқып техниканың тілін білуіміз керке деп ойлаймын. Сонда ғана біз байлығымызды игере аламыз. Таудай талаппен жетістіке жетеміз. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп- мөлдір көлдер, неше түрлі жануарлар бар. Осы жерде біздің ата - бабаларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен. Қазақстанның жері шырайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан мақтан тұтамын. Қазақстанның кең даласын дай кең байтақ дала еш жерде жоқ шығар. "Отан- алтын бесігім", "Отан құат- болса шуақ", "Отансыз адам-ормансыз болу", "Отан - оттанда ыстық", Ана тілін ардақтау -әрбір азаматтың бірінші міндеті. Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекіуі тиіс Өйткені Отан біз үшін ыстық оттанда ыстық. Мен өз егенменді Қазақстанды мақтан тұтып, жақсы көремін.
22.02.2017
Вернуться назад