Алматы қаласы

 Алматы қаласы

Алматының ресми тарихы 1854 жылдан басталады. Алматы өзенінің жағасында салынған бекініс көп ұзамай Верный деген атқа ие болған. Алайда ХVІ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген мемлекет қайраткері, ақын Захириддин Мұхаммед Бабырдың шығармасында болашақ Алматының орнында Алмату атты ортағасырлық қала болғаны айтылады.

«Үлкен Алматы» аймағын адамдар ерте кезден-ақ игерген. Х-ІХ ғасырларда мұнда отырықшы мекендер болған, олардың тұрғындары егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысқан. Қаланың сол жақ шетіндегі шағын мекенжайдан табылған қыш ыдыстардың Ферғанадан табылған ыдыстарға ұқсас болуы осы екі аймақ арасында қола дәуірінің өзінде мәдени байланыс болғанын дәлелдейді. Бұл байланыс кейініректе сақтар дәуірінде де жалғаса түсті. Ол кездерден «сақ патшалары» әулетінің аумақты оба-қорғандары бар. Қазіргі Алматының шығыс жағында үш қорғаннан тұратын бір топ ескерткіш сақталған. Есік қорғанынан табылған материалдар сақтартың белгілі адамдарын алтын киімдерімен, қару-жарақтарымен, асыл тастарымен қоса жерлегенін дәлелдейді. Ғұрыптық ескерткіштердің қатарына құрбандық сәкісі жатады. Соның ішінде Верный қаласының маңынан табылған, В.С.Стрельцов жариялаған «жетісулық алтарь» деп аталатын ескерткіш әйгілі болған. Ол – төрт сирақты аласа үстел. Үстелдің бет тақтайының ернеуіне қанатты барыстың 25 мүсіні салыныпты. Тағы да осындай құрбандық сәкісі Алматыда, ашылып қалған қорғаннан табылды. Ол төрт бұрышты, конус түріндегі тұғыры бар үстел. Төрт бұрышында қанатты барыс, табанының жиектеріне жеті жолбарыстың мүсіні салынған, ал ортасында екі түйенің бейнесі бар. Сақтардың өзгеше бір храмдары мен қасиетті орындарының бөлшектері, көпке белгілі «Қарғалы диадемасы» Алматы маңындағы көшпелілердің идеологиясы жөнінде білуге көп мүмкіндік туғызады.

Алматықаласының орны қаланың оңтүстігіндегі «Горный гигант» колхозының жерінде орналасқан. Қала екі қатпардан тұрады, терең орлардың ішіне салынған, бұл оның қорғаныс қабілетін арттыра түскен. Жалпы топографиялық белгілеріне қарағанда, оның ІХ-ХІІІ ғасырларға жататыны анықталған. Алматы-ІІ қаласының орны Кіші Алматы өзенінің бойында, қазіргі шекара училищесі тұрған жерде болатын. Құрылыс жұмыстары кезінде бұл арадан орта ғасырлық ұстахана, дайын бұйымдар, кетпен, соқаның тісі, темір қазанның бүйірі табылған. Осы жерден балқыған металл құятын шөміш пен су құятын екі құмыра да шықты. Есентай (Весновка) қаласы Алматыдағы Ботаника бағының шеңберінде, Ремизовка мекені Әл-Фараби көшесінің жоғары жағында, Тереңқора қаласының орны Алматының солтүстігіндегі «Заря Востока» поселкасының жерінде жатыр.

Сонымен, археологиялық олжалар Алматының тарихын едәуір ұзартып, оны Шығыстың көне қалаларының қатарына қояды.


Менің сүйікті қалам - Алматым!

Менің сүйікті Алматым! Сені жолдағы кептелісіңе жақсы көрем бе екен, болмаса қалың шаңыңды жақсы көрем бе екен? Əйтеуір, көңілім бір өзіңе бұрып тұрады.

Бір топ индивидтер əдеттегі қарқынмен əлдеқайда кетіп барады. Əдеттегідей бір дүниеден құр қалғандай асығып жүр. Күйбең тіршілік. Сан дүние ойланып келе жатқанда, бір сəт кілт тоқтай қалды. Бəрінің назарлары бір нүктеге қадалды. Енді олар қарқындарын жылдамдатып, жүгіре бастады. Үлкені болсын, кішісі болсын жай ғана аялдамада тұрған автобусқа мініп үлгеру үшін жүгірген еді. Күлкілі əрі қызық. Мұны көргенде Алматыны бұрынғыдан да қатты жақсы көріп кетемін.

Бұл құбылыс Алматылықтар үшін ерсі емес. Қайта аялдамада тұрғандар жүгіріп келе жатқандарды көріп, автобусты 5 секундқа болсын кідірте тұрады. Олар бір-бірімен сол аялдамада, күннің сол уақытында мың рет кездескен болуы мүмкін. Бірақ танымайды. Алматыны осы үшін жақсы көремін: климаты қолайлы мегаполис болғаны үшін. Мегаполис болған соң, қай жағынан болсын даму бар ғой, бəсеке бар. Мейлі ол жеке планда болсын не мансап жолында болсын. Əлемнің кез-келген түкпірінде тұруға мүмкіндігім болса да, Алматыда тұрушы едім. Себебі, Алатаудың таулары күніге ерекше қуат беріп тұратындай маған.


Алматының табиғаты өте керемет. Жетісудың еркесіндей елітіп, еркелей түседі. Арманыңды арманға жалғайды. Қаланың табиғаты, зәулім үйлері барлығы да бейне бір әсем әуендей. Әрқайсысының өз орны бар, әр ағашы да, үйі де жарасымды. Алайда, бұл сұлулық мәңгілік жасай бермейді. Соңғы кездері қаламыздың экологиялық жағдайы бәсеңдеп бара жатыр. Экологиялық апатты аймақтардың бірі екендігіміз де рас, егер әрбір тұрғын өзінің ауласын, жүрген жерін таза ұстап, Табиғат-Ананы естен шығармай жүрсе, нұр үстіне нұр болар еді. Олай болса, болашақ, соның ішінде, Алматы қаласының болашағы – өзіміздің қолымызда!!!…Қазіргі уақытта қаламыз бұрынғысынан да әдеміленіп, көркейе түскен.

Алматы – күмістен құйған қала,
Қойнына кім-кімде сыйған қала
Алматы – құшағы қазақтардың,

Алматы түгелдей думан қала, – деп жырлаған өлеңдерден туған жерге деген сүйіспеншілікті байқауға болады. Біз де осы ақын-жазушылардың, суретшілеріміздің туған жерге деген махаббатын үйренуіміз керек. Қазірден бастап әрқайсысымыз қаламыздың абыройын асқақтатып, көркейтіп, гүлдендіре түсуге асығайық. Қалаға өз үлесімізді қосайық!

Алматы – үлкен белестерді бағындырған қала. Оның тарихына көз жүгіртсек, басынан сан-қилы тарихи кезеңдерді өткерген. Алатауы айқарыла ашылып қарсы алса, Көктөбесі жайқала құшақ жаяды. Әрбір алматылық азамат өзін қоршаған ортасына септігін тигізіп, Табиғат-Ананы да естен шығармағаны жөн. Тағы да айта кетерлік жәйт, бұл қала – ірі мегаполис. Жаңа заманға сай дамыған ғимараттармен ерекшеленіп, көркейіп, өсуде. Бизнес пен бәсекенің орталығы және болашағынан біршама биік белестер күтіп тұр.

Не айтсақ та, Алматының әсем табиғаты мен шырайлы шуағы кез келгенге туған анасы әлдилегендей сезім ұялатады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу
Пікірлер 2
  1. Алматы
    Алматы 25.02.2021 06:36
    2 + 1 -
    Мықты шығарма эссе
  2. Багила Нурлыбаева
    1 + 0 -
    маған сүікті қалам-Қапшағай деген тақырыпқа әңгіме жазып берші өтінем

Ілмектер: Қазақша шығарма: Алматы, Қазақша шығарма, Алматы туралы қазақша шығарма, Қазақша шығарма: Алматы туралы казакша шыгарма, Қазақша шығарма: Алматы скачать, алматы шыгарма казакша, алматы туралы шыгарма казакша, алматы туралы шыгарма казакша скачать, скачать алматы туралы шыгарма казакша, сочинение на казахском языке алматы каласы, сочинение на казахском языке на тему алматы каласы, сочинение мой город алматы на казахском языке, менің сүйікті қалам алматы шығарма, алматы туралы шыгарма шығарма сочинение казакша, алматы каласы туралы шыгарма шығарма сочинение казакша, шыгарма шығарма сочинение на тему алматы на казахском языке скачать, шыгарма шығарма сочинение казакша, казакша, шығарма, шыгарма, алматы каласы, шыгарма сочинение на тему алматы, алматы қаласы туралы шығарма, алматы туралы шығарма, Қазақша шығарма: алматы, Қазақша шығарма: алматы туралы казакша шыгарма, сочинения на казахском языке про алматы город, алматы туралы казакша шыгарма қазақша шығарма, алматы туралы шыгарма, сочинение на казахском языке про город алматы, на казахском языке скачать, на казахском языке, скачать, на тему алматы, алматы туралы, қазақстан қалалары туралы шыгарма шығарма сочинение, казакстан калалары туралы шыгарма шығарма сочинение казакша, шыгарма шығарма сочинение на тему казакстан калалары на казахском языке скачать, шыгарма шығарма сочинение на тему города казакстана на казахском языке скачать, казакстан калалары туралы, казакстан калалары каласы, шыгарма шығарма сочинение на тему казакстан калалары, на тему казакстан калалары, города казахстана шыгарма шығарма сочинение на казахском скачать