Мектеп

 Мектеп

Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өмірдегі ең ұмтылмас сәттер болып мектепте өткізген уақыт қалатын шығар. Мектеп-білім айдынындағы үлкен кеме. Осы кемеде он бір жыл уақытты әр бала өткізеді. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттап, он бір жыл бойы білім алып, таудай болып шығамыз. Алғашқыда мектепке келіп әрбір әріпті, әрбір санды жазып үйрену қалай қиынға соққан еді? Уақыт өте бәрі өзгерді. Жазуды да, оқуды білмейтін кішкентай балалар бүгін міне, мектеп бітіру туралы атестатты қолдарына ұстап, үлкен өмірге жолдама алды. «Қашан ғана осы мектепті бітіремін» деп ойлайтын кездер көп болып еді. Қазір сол мектепті бітіріп шыққаныма өзім сене алмаймын. Көзді ашып-жұмғанша уақыт тез өтті де кетті. Соңғы қоңырау осы жылы біз үшін расында да соңғы рет соғылды. Сонша асығып бітіргім келген мектебіммен қимастықпен қоштасып отырмын. Мектеп қабырғасында өткен қайран уақытты бағаламаппыз. Мектеп қабырғасында өткізген әрбір күн, әрбір қырық бес минут балалық шағымның балғын уақыты болып қала бермек. Мектеп «үлкен отбасы, ұстазымыз біздің ақылшымыз, анамыз, сыныптастарымыз жақын досымыз. Мектеппен қоштасу» балалықпен қоштасу. Мектепте біз шынайы дос табамыз, білім алып, өмірді үйренеміз. Мектеп бізге тірек беріп, жылулық пен бақыт сыйлайды. Ал ұстаздар болса бізге үйретуден еш жалықпас. Мектепте өткен уақыт адам өміріндегі шаттыққа толы кездер. Дәл осы кездер есімізде ең жарқын естеліктер болып қалады. Кейде бірінші сыныпта оқитын балаларға қарап, өзімде қайтадан сол шақтарға оралғым келеді. Басымнан қайтадан бастауыш сыныптағы қызықтарды өткізгім келеді. Өз мектебімді шын мәнінде жақсы көремін. Осында өткізген әр қырық бес минутты сағынатын боламын. Бүгін, мен – мектеп бітірген түлекпін. Мектебімен қимастықпен қоштасатын түлекпін. Арада біраз жылдар өтіп, мен, менің сыныптастарымыз үлкен азамат болып, әр қайсымыздың өз отбасымыз болады. Бірақ арада қанша жыл өтседе, қанша жасқа келсем де, қандай адам болсам да балғын балалық шақтарым өткен алтын ұям-мектебім жүрегімнің төрінде болатыны анық. Мектебім маған үлкен өмірге жолдама берді, үлкен өмірге дайындады. Енді мектебім мен үшін жауапты емес, бірақ мен мектебімнің алдында әлі қарыздармын. Ендігі жолы алдыма үлкен мақсаттар қойып, асқар асуларды бағындырып, елім мақтан тұтатын азамат болғым келеді. Бұл менің мәпелеп өсірген әке-шешемнің, ақылшы ұстазымның, алтын ұям-мектебімнің алдындағы борышым!


Алтын ұя – мектебім

Мектеп – балаларды бүлдіршін кезінен бастап, есейіп ер жеткенге дейін білім нәрімен сусындатар алтын ордамыз. Мектеп табалдырығына алғаш қадам басқан соң, жылы шыраймен қарсы алатын, анандай тәрбиелейтін ұстазды көресің.Қазақтың: «Мектеп –кеме, білім- теңіз» сынды мақалы бекер айтылмаса керек. Себебі сенің «МЕКТЕП» атты кемең қай жерге дейін сені жетелесе, сен де сол жерге дейін барып биік шындардан көрінерін анық.
Мектеп... Бұл сөзде қаншама мағына жатыр десеңші! Ойын қуып жүріп, он бір жылдың қалай өткенін білмей де қалыппын. Артқа қарап, өткенді есіме алсам, балалық шағымның балдай тәтті кездерін көремін.
Әлі де есімде... Мектеп табалдырығын аттаған кезде мен тым кішкентай болсам да, бәрі де көз алдымда тіпті кеше ғана болған сияқты. Қолымда бір шоқ гүл, жанымда ата-анам, туған-туысқандарым. Мектептің жанында толған адамдар, мұғалімдер. Өзің сияқты кішкентай қыздар мен ұлдарды көріп, таңқалған едім. Сол кезде ата-анам маған: «Сен мектепте жалғыз оқымайсың. Көрдің бе, сен сияқты балалар қандай көп, солардың ішінен сен өзіңе өте адал дос табуға тырыс», - деп атқан еді.
Содан соң алғашқы ұстазымды көрдім. Осы кезден бастап мен ұстазымның арқасында мектеп туралы, мектептің не екенін, оның қандай мағына беретінін ақырындап түсіне бастадым. Сөйтіп айлар, жылдар өтті...
Достарыммен болашаққа жоспар құрып жүрген кезде соңғы қоңырау да соғылды. Не қуанарыңды, не жыларыңды білмейсің. Жүрегіңде бір қорқыныш сезімі бар сияқты. Өзіңе-өзің мыңдаған сұрақтар қоясың. Ал, міне, мектепті бітірдім, енді кім боламын? Болашағым қандай болады? Қандай мамандық иесі боламын? Осы және де басқа сұрақтар мазалап еді. Ал қазір мен бұл сұрақтарға сенімді түрде жауап бере аламын. Өйткені мен Инновациялық Еуразия университетінің студентімін. Өзіммен өзім мақтанамын. Және де мектептегі ұстаздарымның болашақта мен үшін мақтанғанын қалаймын! Бұл үшін мен қолымнан келетіннің бәрін істеуім керек. Мектептен алған білімдерімді, тәрбиемді болашақта тиімді пайдаланып, үлкен нәтижеге жетемін деп ойлаймын.
Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өмірдегі ең ұмтылмас сәттер болып мектепте өткізген уақыт қалатын шығар. Мектеп-білім айдынындағы үлкен кеме. Осы кемеде он бір жыл уақытты әр бала өткізеді. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттап, он бір жыл бойы білім алып, таудай болып шығамыз. Алғашқыда мектепке келіп әрбір әріпті, әрбір санды жазып үйрену қалай қиынға соққан еді? Уақыт өте бәрі өзгерді. Жазуды да, оқуды білмейтін кішкентай балалар бүгін міне, мектеп бітіру туралы атестатты қолдарына ұстап, үлкен өмірге жолдама алды. «Қашан ғана осы мектепті бітіремін» деп ойлайтын кездер көп болып еді. Қазір сол мектепті бітіріп шыққаныма өзім сене алмаймын. Көзді ашып-жұмғанша уақыт тез өтті де кетті. Соңғы қоңырау осы жылы біз үшін расында да соңғы
рет соғылды. Сонша асығып бітіргім келген мектебіммен қимастықпен қоштасып отырмын. Мектеп қабырғасында өткен қайран уақытты бағаламаппыз. Мектеп қабырғасында өткізген әрбір күн, әрбір қырық бес минут балалық шағымның балғын уақыты болып қала бермек. Мектеп «үлкен отбасы, ұстазымыз біздің ақылшымыз, анамыз, сыныптастарымыз жақын досымыз. Мектеппен қоштасу» балалықпен қоштасу. Мектепте біз шынайы дос табамыз, білім алып, өмірді үйренеміз. Мектеп бізге тірек беріп, жылулық пен бақыт сыйлайды. Ал ұстаздар болса бізге үйретуден еш жалықпас. Мектепте өткен уақыт адам өміріндегі шаттыққа толы кездер. Дәл осы кездер есімізде ең жарқын естеліктер болып қалады. Кейде бірінші сыныпта оқитын балаларға қарап, өзімде қайтадан сол шақтарға оралғым келеді. Басымнан қайтадан бастауыш сыныптағы қызықтарды өткізгім келеді. Өз мектебімді шын мәнінде жақсы көремін. Осында өткізген әр қырық бес минутты сағынатын боламын. Бүгін, мен – мектеп бітірген түлекпін. Мектебімен қимастықпен қоштасатын түлекпін. Арада біраз жылдар өтіп, мен, менің сыныптастарымыз үлкен азамат болып, әр қайсымыздың өз отбасымыз болады. Бірақ арада қанша жыл өтседе, қанша жасқа келсем де, қандай адам болсам да балғын балалық шақтарым өткен алтын ұям-мектебім жүрегімнің төрінде болатыны анық. Мектебім маған үлкен өмірге жолдама берді, үлкен өмірге дайындады. Енді мектебім мен үшін жауапты емес, бірақ мен мектебімнің алдында әлі қарыздармын. Ендігі жолы алдыма үлкен мақсаттар қойып, асқар асуларды бағындырып, елім мақтан тұтатын азамат болғым келеді. Бұл менің мәпелеп өсірген әке-шешемнің, ақылшы ұстазымның, алтын ұям-мектебімнің алдындағы борышым!

Мектебім менің, мектебім!

Мектебім менің, болашағым өркенім,
Бәрі өзіңде сұлу әуен, көркем үн.
Ылғидағы демеу болсаң артымда ,
Сөзсіз күнде теңеледі әр түнім.

Алтын ордам, білім беріп таспалаған,
Білімімен әрбір шыңға ол тас қалаған.
Ыстығы мен суығына бірге төзіп
Айналайын «ҰСТАЗ» деген асыл анадан.

Мектеп деген-алтын ұям, ардақтар,
Әрбір шәкірт пікірімді салмақтар
Білім беріп , тәрбиеге үйреткен
Туа берсін өзіңе арналған тармақтар!


Менің мектебім!

Менің атым Ерали. Мен екінші сыныпта оқимын.Біздің мектебімізге жиырма жыл.Жуырда біздің мектептің туған күні. Біздің мектеп үш қабатты, іші үлкен, жарық. Менің сыныбым үшінші қабатта, іші кең,жылы және жарық. Менің мұғалімім өте жақсы адам, бізге көп жақсы нәрсеге үйретеді.Мектепте көп жаңа дос таптым. Маған мектебім ұнайды. Мен мектебіме өркендеуін тілеймін.

Женисов Ерали 2 «А» сынып


Менің мектебім!


Мен жиырма бірінші мектепте оқимын.Маған бұл мектепте ұнайды. Мектепте көптеген үйірмелер бар. Солардың біріне мен қатысамын. Ол қазақша күрес. Мектептің жанында әдемі гүлдер, ағаштар өсіп тұр. Мектептің артқы жағында балаларға арналған алаңы бар. Онда дөңгелектерден әр түрлі мүсіндер жасалған. Мектеп алаңы бар.

Бахытов Алишер 2 «А» сынып


Менің сүйікті мектебім!


Мен Көкшетау қаласындағы № 21 орта мектебінің 2 «А» сыныбында оқимын. Биыл жылы мектебіміздің жиырма жылдық тойы. Мектебіміз маған қатты ұнайды. Сынып бөлмелері үлкен, әрі жарық. Мұғалім апайымыз бізді оқуға, жазуға үйретті. Мен осындай мектепте оқығаныма қуаныштымын.

Мектеп

Мектебім мерейім,
Тойың құтты болсын.
Ішің толған білімге,
Шәкірттерге мол болсын!

Даулебеков Расул 2 «А» сынып


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу
Пікірлер 7
  1. ыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыы
    1 + 0 -
    ыцыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыы
  2. Оқырман Жанар
    Оқырман Жанар 19.10.2021 18:41
    2 + 0 -
    Өте тамаша
  3. Amanjolova Akbayan
    Amanjolova Akbayan 13.01.2016 19:16
    2 + 0 -
    өте керемет жазылған????????
  4. Зарина Галымжан
    3 + 0 -
    жаксы
  5. Аяулым Акульшова
    4 + 3 -
    Кандай керемет создер еді.Сізге алгысым шексіз!
  6. Қарақат Абаева
    Қарақат Абаева 10.11.2014 10:25
    5 + 0 -
    кандай керемет жазылган мектеп кеме билим тениз деген осы екен сиздерге алгысым шексиз
  7. Қарақат Абаева
    Қарақат Абаева 10.11.2014 10:24
    3 + 0 -
    кандай керемет жазылган мектеп кеме билим тениз деген осы шыгар сиздерге алгысым шексиз