» » » Шығарма: Бір ғасырлық күрес

Шығарма: Бір ғасырлық күрес

Шығарма: Бір ғасырлық күрес казакша Шығарма: Бір ғасырлық күрес на казахском языке
Мұхтар Әуезов атындағы № 22 мектеп-гимназиясының 10 «Б» сынып оқушысы
Алиева Нурбахыт Абдуллаевна
Кентау, 2019

Бәрі де «Зұлмат» фильмін көргеннен кейін басталды. Бұл қысқаметражды фильм бір үйдің алты баласын анасының көз алдында атып тастауы арқылы 1930 жылы болған «Созақ көтерілісінің» себебін түсіндіріп берді. 1925-1933 жылдары Қазақстанды басқарған Ф. Голощекиннің геноцидтік саясатына қарсы әртүрлі аймақтарда 300-дей көтерілістер болғанын, оның «Кіші қазан» науқанын жүргізуінің нәтижесінде алапат аштық апатынан 6 миллион қазақтың 3 миллиондайы қырғынға ұшырағанын білгенде денем мұздап кетті.

Бұл фильм мені ХХ ғасырдың 20-30- жылдарының тарихын оқып- білуге құштарлығымды оятты. Сонымен, Бибі әжемнің үйіндегі кітапханадан «Алаш» тарихи-зерттеу орталығының «Қазақ ру-тайпаларының тарихы» ғылыми-зерттеу жобасы аясында жарық көрген үш кітаптан тұратын бірінші том- «Тама» атты кітабын тауып алдым. Онда біздің еліміздің бастауларын, ұлттың қалыптасу тамырларын ғылыми-зерттеу арқылы көрсетіп, ерте ортағасырлардан ХХ-ғасырдың 30-жылдарына дейінгі Кіші жүздің Жетіру тайпалар бірлестігіндегі Тама тайпасының тарихы баяндалған екен. Әртүрлі деректер мен нақты зерттеулерді талдау негізінде Тамалардың Түрік қағанаты тұсында, Алтын Орда құрамында, Қазақ хандығы тұсындағы ұлт-азаттық қозғалыстары, Тамалар бастаған 1930 жылғы «Созақ көтерілісі» туралы көптеген тың, соны мәселелерге қанықтым .

Сөйтіп, менің тарихқа деген қызығушылығым күн санап артты. «Зұлмат» фильмі мені қазақ халқының ұлт болып қалыптасуын білуге жетеледі, қызығушылығымды шыңдады .

Өте шынайы, жан-жақты зерттеулермен қанағаттандырылған «Тама» атты кітаптың дүниеге келуіне мұрындық болған, ғылыми жобаның авторы әрі оны қаржыландырушы Орталықтың Президенті, Қазақстан Республикасы әлеуметтік ғылымдар академиясының құрметті мүшесі, академигі, талантты суретші және дизайнер, Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгені жасаушылардың бірі, табысты іскер, меценат Хайрулла Мағауияұлы Ғабжалиловке айтар алғысым шексіз! Өйткені, «Тама» еңбегінің 1- томының үш кітабын оқып, қазақ халқының тарихына тереңірек үңілдім, өз нағашым «тама» ата-бабаларымның өткен өмір жолдарын сұрастырып, білуге тырыстым.

Нағашы бабаларым Дәрібай ағасы Кәрібай батыр екеуі, мыңдаған созақтықтар сияқты Голощекиннің «Аша тұяқ қалмасын, асыра сілтеу болмасын!» деген солақай саясатына қарсы шығады. Созақ халқын коллективтендіру, орташаларды,тіпті кедейлерді де байларға қосып, мал-мүлкінен айырып, үстемелеп ет, астық, жүн, мақта т.б. салықтар салып, «Қайдан тапсаң, онан тап, қаптың түбін қақ!» , - деген шолақ белсенділердің жеке алымдарға құнығуы, діни дәстүрлерді қорлау, өзбетімен алты мешітті жауып, мал қораға айналдыруы, зорлау, қыл-бұрау салу, мұздай су құйып, суықта ұстап, ұрып –соғуы көшпелі қазақтың, әсіресе, Тамалардың намысын қоздырып, «Алла Һу!» деп аттандап Голщекинге, Кеңес үкіметіне қарсы шығуына себеп болады. Нағашы бабаларым тама Дәрібай, Кәрібай батыр Қаратаудың іргесіндегі бірнеше ауылдарды күндіз тас-түйін етіп дайындап, шапқанда дүрсілі естілмес үшін аттардың тұяғына киіз орап, бірнеше күн қатарынан түнделетіп, мал-жанын Мойынқұмға апарып жасырады.

Бұл ерлік әректтері үшін оларды аяусыз жазалау, қамау, тұқымын түгел құртып жіберу шаралары күтіп тұрған еді. Созақ болысының орталығы Шолаққорғаннан суыт шауып шыққан қызыләскерлер Дәрібайдың ауылы Абайға келеді. Осылай боларын күнібұрын білген ағасы Кәрібай Дәрібайға «Бала-шағаңмен Қаратаудың Күнгейіне қаш, ең болмаса артымызда ұрпағымыз қалсын!», - деп тез аттандырып жібереді. Осылайша, 1930- жылы нағашы бабам Дәрібай ұлдары Еркінбек, Керімбек, Қамбарбек, Қасымбек, қызы Ләмиләмен Қаратаудың күнгейіндегі Хантағы ауылына келіп қоныстанған екен .

1941 – 1945 – жылғы Ұлы Отан Соғысына Қазақстаннан 1,240000 мың адам әскерге жіберіліп, оның 20% -ы оққа ұшты.

Нағашы атам Еркінбек Дәрібайұлы осы соғысқа қатысып, Берлинге дейін барған, 1- дәрежелі «ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ» орденінің және көптеген медальдердің иегері. Денесінің алты жерін оқ тескен, өкпесінде снарядтың жарықшағы қалып қойған, сондықтан, cоғыс біткен соң ол Кавказдағы госпитальдарда бірнеше жыл емделуде болып, Қазақстанға, Хантағыға 1947 жылы келген, Шарбан апама үйленіп, 7 ұл, 2 қыз көрген. Өкінішке орай, ұлы Ерәлі, қызы Жанар қайтыс болған. Бүгінде тұңғышы Әмзе зейнеткер, Бибі – Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, Жұманәлі –техника ғылымдырының докторы, профессор, Шерәлі - екі институттың соңғысын қызыл дипломға бітірген, Жәнәлі – химия ғылымдарының кандидаты, экология бойынша 3 кітаптың авторы, Дүйсенәлі –врач-провизор , кенжесі Есенәлі –стоматолог-дәрігер , олардан тараған немерелер 34 болса, шөберелер 21-ді құрайды. Қысқаша айтқанда, бір ғана нағашы атам Еркінбектен 55 ұрпақ өрбіді .

Еркінбек атам 35 жыл № 5 Жылу Электр Орталығында қызметін атқара жүріп, қоғамдық жұмысқа да белсене араласқан. Ол Хантағыда 17 жыл қалалық халық сотының өкілі, 18 жыл № 6- мектептің ата-аналар комитетінің төрағасы болды. Сонымен қатар, ол Хантағығының күре жолына асфальт төсету, өзенге көпір салдыру, су сақтау, Хантағы өзенінің суын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Қазақстандағы ерекше қорғалатын кіші өзендер» қатарына қосуға себепкер болған елдің қадірлі, құрметті, данагөй қариясы болды.

Хантағының халқы нағашы атам Еркінбекті неге «АЛЛА ҺУ» деп, мені неге «АЛЛАҺУДЫҢ жиеншары» дейтінін енді түсінгендеймін. Мен АЛЛАҺУ атамды мақтан тұтамын.

«АЛЛАҺУ» атамның ұлдары Жәнәлі мен Дүйсенәлі 1986 жылғы Алматыдағы «Желтоқсан көтерілісіне» қатысқан. Оған түрткі болған Мәскеудің Қазақстан халқымен санаспай, Ресейдің Ульяновск облысынан Д. Колбинді республиканың басшысы етіп тағайындауы еді . «Желтоқсаншылардың» мақсаты Мәскеудегі орталықтан саяси тәуелсіздікті талап ету болатын. «Желтоқсан көтерілісі» кезінде 1700 адам дене соққысына ұшырап, 99 алаңға шығушы сотталған, 309 студент оқудан шығарылған. Қазақ үшін бұл үлкен зұлымдық болды .

Сонымен, 30 минуттық «Зұлмат» фильмі мені нағашы ата-бабаларымның бір ғасырлық тарихын зерттеп-білуіме, сол арқылы бүкіл Қазақстанның 100 жылдық тарихымен терең танысуыма себепкер болды. Нағашы бабаларым геноцидке қарсы «Созақ көтерілісіне» қатысса, Аллаһу атам фашизмге қарсы Ұлы Отан Соғысына барса, нағашы көкелерім секілді мыңдаған қазақ жастарының «Желтоқсан көтерілісінің» бел ортасында жүріп, Тәуелсіздікке қол жеткізуінің арқасында еліміз 1991 жылы дербес Қазақстан мемлекеті болып жарияланып, қазір әлемдік кеңістікке шықты . Бұл – талай ұрпақ , бабаларымыздың қол жеткізе алмай кеткен Асыл Арманы еді, сол арман орындалды. Енді Тәуелсіздігімізді көзіміздің қарашығындай сақтау – біздің, жастардың, барлығымыздың міндетіміз.


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!

nurgul95 | 92 |


Комментарии для сайта Cackle

Рекомендуем:
"Карантинге жатқызамын": Желіде дәрігердің көлік жүргізушісін "қорқытқан" сәті тарады
"Карантинге жатқызамын": Желіде дәрігердің көлік жүргізушісін "қорқытқан" сәті тарады
Автокөлік үстіне іш киіммен шыққан астаналық жауапқа тартылды (видео)
Автокөлік үстіне іш киіммен шыққан астаналық жауапқа тартылды (видео)
Биыл мешіттерде Ораза айт намазы оқыла ма?: ҚМДБ жауап берді (видео)
Биыл мешіттерде Ораза айт намазы оқыла ма?: ҚМДБ жауап берді (видео)
"Жеті бөлімнен тұрады": Тәуекел Мүсілім тойын осы жазда дүркіретіп атап өтпекші
"Жеті бөлімнен тұрады": Тәуекел Мүсілім тойын осы жазда дүркіретіп атап өтпекші
Сабақ жоспары (ұмж): Мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру жолындағы қазақ халқының күресі 2 сабақ  (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІІІ тоқсан)
Сабақ жоспары (ұмж): Мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру жолындағы қазақ халқының күресі 2 сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІІІ тоқсан)
Сабақ жоспары (ұмж):  Қазақстандағы 1920-1930 жылдардағы индустрияландыру (2-сабақ) (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІІ тоқсан)
Сабақ жоспары (ұмж): Қазақстандағы 1920-1930 жылдардағы индустрияландыру (2-сабақ) (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІІ тоқсан)
Сабақ жоспары (ұмж): Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)
Сабақ жоспары (ұмж): Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)
Сабақ жоспары (ұмж): Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)
Сабақ жоспары (ұмж): Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)
Сабақ жоспары (ұмж): 1822-1824 жж. патша реформалары 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)
Сабақ жоспары (ұмж): 1822-1824 жж. патша реформалары 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)
Шығарма: Қазақ елінің мақтанышы
Шығарма: Қазақ елінің мақтанышы
Реферат: Қазақ әдебиеті | Мұхтар Мағауин
Реферат: Қазақ әдебиеті | Мұхтар Мағауин
Реферат: Тарих | Табын ісі
Реферат: Тарих | Табын ісі
Қазақша шығарма: Менің әже (апа)
Қазақша шығарма: Менің әже (апа)
Қазақша фильм: Он алты 16 қыз (2016)
Дәуіт Шайхысламов Теңге мен Доллар туралы қысқа фильм түсірді
Дәуіт Шайхысламов Теңге мен Доллар туралы қысқа фильм түсірді
Қазақша фильм: Мағжан (2013)
Қазақша фильм: Ашаршылық (2013)
Қазақша Фильм: Жаңғырық (2014)
Өмірбаян: Қажым Жұмалиев (1907-1968)
Өмірбаян: Қажым Жұмалиев (1907-1968)
Қазақша Фильм: Аймалашы мені... (2009)

KZ / Шығармалар жинағы, шығарма Бір ғасырлық күрес туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение про Бир гасырлык курес на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар шыгармалар жинағы жоспарымен, Бір ғасырлық күрес, шығарма Бір ғасырлық күрес туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском эссе сочинение про Бир гасырлык курес на казахском языке скачать бесплатно эссе шығармалар шыгармалар жинағы жоспарымен Бір ғасырлық күрес, Шығарма: Бір ғасырлық күрес шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы