» » » Шығарма: Қыз бен жігіт айтысының жарқын бейнесі

Шығарма: Қыз бен жігіт айтысының жарқын бейнесі

Шығарма: Қыз бен жігіт айтысының жарқын бейнесі казакша Шығарма: Қыз бен жігіт айтысының жарқын бейнесі на казахском языке
Смадияр Мерей Серікұлы
10 сынып, №33 орта мектеп
Ақтөбе қаласы
Жетекшісі: Молдағалиева И.

«Тұңғиық сырым барлағанға...»
«Біржан мен Сара» айтысынан
Сараның сөзі
Айтыс өнері – халық ауыз әдебиетінің ерекше түрі. Бұл ертеден келе жатқан сөз саптау шеберлігі. Қазақ халқы сөз өнерінің құдіретіне тәнті болып, «Сөз тапқанға қолқа жоқ» деп ұтқыр сөзді басынан асыра білген. Айтыс көне түркі тілдес халықтарында, үндістер елінде де өркендеген. Дегенмен қазақ халқының тіл мен жақтың ұйқасқа тірелген ой ұшқырлығы айтыс өнеріне ұласқаны шындық. Ғасырлар бойы шебер өрнектелген сөз жарысы тыңдаушылар қауымын үйіріп әкететін сиқырға ие.
Айтыс барысында айтыскер ақындардың сөз саптауымен қоса, дауысы, бет-жүзінің қимылы, ерекше орындаушылық қабілеттері де ескеріледі. Өте ерте заманнан келе жатқан айтыс түрлері жан-жақты. Бәдік айтыс, адам мен жануардың айтысы, жұмбақ айтысы, салт айтысы болып ерекшелінеді. Салт айтысы қыз бен жігіт айтысы, сондай-ақ ақындар айтысы болып екіге топталуы, айтыстың бұл түрлерінің жиі қолданылып, дараланатынына куә.
Қыз бен жігіт айтысының жарқын бейнесі, ұтқырлық пен тапқырлыққа құралған айтыс шыңы – «Біржан мен Сараның» айтысы болып табылады. Әдеттегідей той-томалақта айтылып, жұртшылықты күлкіге кенелтетін, сауық кештерде тілі мен мазмұны тартымды да жеңіл, шағын келетін айтыс болуы тиіс еді. Бірақ, бұл айтыс ерекше болып, халық жадында ұзаққа сақталып қалды.
Біржан сал қысқа ғұмырында көпке мәлім ақын болған. Көкшетау облысында дүниеге келген. Біржан жастайынан әнге өлеңге әуес болды. Оның «Көкшетау», «Жанбота», «Айтпай», «Ләйлім шырақ» әндері - үздік туындылар. Біржанның әншілік мектебінен қазақ ән өнерінің майталмандары Балуан Шолақ, Естай, Жаяу Мұса әнші-сазгерлер шыққан. Біржанды жас өнерпаз ақындар мен әншілер пір тұтады. Оның өнерін жанына жақын тартып, еліміздің түкпір -түкпірінен Біржанның мәнін жоймаған, қаймағы бұзылаған әндері әлі күнге шейін шырқалып жатады.
Ал Сара - ақын қыз Талдықорған жерінде әкеден жастай қалып жетімдіктің зарын кешіп өскен. Он үш жасынан бастап сауықшыл, домбырашы, күйші, әнші болды. Ән мен күйге ынтық еді. Талай ақынмен сөз сайысқа түсіп, талай жүйрікке алдырмаған.
Белгілі қанша жұртқа атым – Сара, Ішінен ер Қаптағай шықтым дара, деуі тегін емес.
Айтыс барысында қос ақын өздерін сипаттауы сүйсіндіреді . Екеуі де үздік өнер иесі. Екеуі де айтыс басынан-ақ ірілік, жүйріктік таныта бастайды. Біржан сал «Сайраған Орта Жүздің бұлбылымын» десе, ақын Сара өз тұлғасын Мойыным – сұңғағындай жүзген қудың,
Лебізім – шырынындай шәрбат судың, - деп суреттейді. Әншілік өнер мен ақындықпен қатар сұлулықтан да құр алаған емес екенін білдіреді.
Біржан сал Сараның аяқ алысын бірден байқап өнерлі қыздың мінезін ардақтайды . Таңдана, тамсана қарайды. Өнер саңлағы бола тұра, қиын тағдыр иесі болған Сараны жамандыққа қимайды. «Жақсыны бір жаманға қосақтай салу ешқандай жолға симайды», - деп ел ағалары болып отырған Есімбек пен Тұрысбекке бетке баса айтады. Бұл билеушілердің ақын Сараны, елді аузына асқан өнерімен қаратқан Сараны, жаны да, тәні де кемтар Жиенқұлға атастырып қойғанын сынағаны болатын. «Тең теңімен, тезек қабымен» деген ақын Сараның теңі өзіндей дара тұлға болуы тиіс еді ғой! «Жібекті түте алмаған – жүн етер» деген, жаман Жиенқұл ақын Сараның қадірін білді ме екен?!
Өнерімен, ақындығымен, сөзде жүйріктігімен тең түскен Сараны Біржан осы осал тұсынан ұстап, осы айтыста жеңіске жеткен екен.
Майысып, сегіз қырлы жүйрік Сара,
Қай жерден болжамайсың тынарыңды.
Мақтаған Есімбегің дәнеңе емес,
Басыңнан айыртпаған мұратыңды.
Шақыртып күйеуіңді осында алдыр,
Көрейі таңдап алған сыңарыңды, -деген екен.
«Біржан мен Сара» айтысындағы басты тақырап - ерте замандағы қазақ әйелдерінің ескілік әдет-ғұрыпқа тәуелді болуы.
Сара ақын «Жоқ екен жүйрік иттей өлсем құным» деп тауысылуы талай қазақ қызының басынан кешкен зары болатын.
Қалыңмал – ескіліктің сым торы, айтыс өнері де осы әдетті сынайды. Әйелдің құны жылқы табыны мен қой-саулыққа саналған кезеңде, ақын Сара да көппен бірдей ескілік салт-дәстүрдің құрбаны болды.
Айтыс барысында сөзге жүйрік ақын Сара Біржанмен сөз таластыруда, жаман Жиенқұлға келгенде мүдіре береді. Жеңілісін мойындап, шаршы топтың алдында, дағдылы дәстүр бойынша, жеңіліс себебін айтып, ішкі күйінішін жұртшылыққа паш етеді.
Айтыстың негізі өзігі әйел теңдігі бола тұра, айтыстың дәстүрлі әдеті ойынша ру басыларын, байлары мен билерін мадақтау, дәріптеу сипаты да көрініс береді. Біржан осы «дара тұлғалардың» ішінен Абайды оқшаулап, дара суреттейді.
Абай мен ел билеушілерінің қарама – қарсы қылықтарын салыстыра келе, ойланасың. Бірі – ел ізеті мен ілтипатына бөленген дария көңілді ақын болса, екіншілері өнерпаз ақын аруды теңсіз кемтар жаманға қалыңмалға қосып зорлап берген – «ел билеушілері».
«Біржан мен Сара» айтысының нақты өзегі әйел затын бостандығымен қоса, тап қайшылығын, ескішіл ой-сананы, әйел затын күңмен теңдес ұстаған кезеңді ашық сынаған нағыз шыншыл туынды.
«Біржан мен Сара» айтысы айқындық, сөз тазалығымен ерекше болса, сұлулық, көркемдік жағынан қазақ ақындық өнерінің төрінен орын алатын айтыс . Үздің теңеу, эпитеттік метафоралар өз орнын шебер тапқан. Сонымен қатар ирония мен сарказм да ұтымды қолданылған. Сараның ашық әжуадан ащы кекетуге баруы Жиенқұлды суреттеуді байқалады.
Көрінсін Біржан салға «ай» секілді,
Аққұйрық көңіл ашар шай секілді,-деп бейнелейді.
Жиенқұлдың «бейшаралығы » - оның тәні мен жанының жамандығында емес, ел сыйлаған ақын ару қызды өзіне тең санап, малға сатып алғанында.
Айтысты тыңдай отыра Сараның жан күйзелісі, Біржанның осы жағдайды түсіне отырып, сан жылдар бойы келе жатқан мызғымас дәстүрге шара жоқтығын жырлауын сезінесің.
Теңсіз өмір қайғы ғой жақсы адамға,
Жақсыны берме деген бір жаманға, -дегені айтыстың бас тақырыбын ашып көрсетеді.
Айтыс өнері қалмай қазіргі заманда да өріс алып келеді. Қыз бен жігіт айтысы да, жұмбақ айтыс та еліміздің сахна төрінен шырқалады. «Елу жылда ел жаңа» деген қазіргі заманғы айтыс тақырыбында әйел теңдігі тақырыбы жаңа деңгейде шырқалады. Теңсізбен қосылған көркем ару емес, мәжілісте сөз сөйлеген ананың жүрегі, ел басқарған әйелдердің жарқын жаны жырланады.



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: almira777 | 102 | 13.03.2019


Загрузка...

KZ / Қазақша Шығармалар жинағы, шығарма Қыз бен жігіт айтысының жарқын бейнесі туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Қыз бен жігіт айтысының жарқын бейнесі на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Қыз бен жігіт айтысының жарқын бейнесі, шығарма Қыз бен жігіт айтысының жарқын бейнесі туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском эссе сочинение Қыз бен жігіт айтысының жарқын бейнесі на казахском языке скачать бесплатно эссе шығармалар жинағы жоспарымен казакша эссе шыгарма жо, Шығарма: Қыз бен жігіт айтысының жарқын бейнесі шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы