Ұлы тұлғаның ұлы істерінен өнеге


Темірбаев Кожахмет
Благодат орта мектебі
Ерейментау ауданы,
Олжабай батыр ауылы
Жетекшісі: Дүйсенбаев М.Т


 «Отан, оттан да ыстық» - дегендей, әр адамға ,әр халыққа өзінің Отаны ыстық . Осы ыстық сезімді бойымызда ұстап, Отанға адал қызмет жасауымыз керек. Бәріміз бірлік пен ынтымақтастық сақтай отырып, еліміз «мәңгілік ел» болуына ат салысуымыз керек. Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрпындағы құндылықтарды бағалап, соны өнеге тұтуымыз - Отан алдындағы басты парызымыз. Сондықтан біз өзіміздің тарихымызды зерттеп, ұлан-байтақ жерді, мұра қалдырған ұлы тұлғалардың бойындағы асыл қасиеттерді, жан дүниесін, рухынын биік екенін басқаларға дәріптеп, білмейтіндерге білгізу жолын көрсету - басты міндетіміз деп ойлаймын. Отан үшін , халқын үшін игі іс істеу нағыз патриоттықтың сезімнің шыңдалуы.
Мен Олжабай батыр ауылында тұрамын.Сондықтан Олжабай батыр туралы тарихи деректер жинап, іздендім. Біріншіден батырдың кескiн-келбетi туралы суреттеулердi Орманшы Сақау ақынның «Ер Олжабай» жыр жолдарынан ғана кездестiремiз:
Қақпақтай жауырынды, орта бойлы,
Шүйделi, қайқы құлақ, қара қасы,
Сабырлы, кiшiпейiл, жанға жайлы,
Қатардан асып туған мәртебесi–дейді. Бұл өлең жолдарында Олжабай батырдың дене бітімінің шымырлығы, қазақ халқының әдеп-ғырпы бойынша қалыптасқан мінезді сезінемін.
Бір күні Абылай шайқаста қолға түседі. Олжабай батыр қаһарланып қалмақ қонтайшысының ордасына шабуыл жасайды. Орданың бас батыры Шарышты байлап алады. Майданға Қалдан Сереннің өзі шығады. Олжабай Қонтайшының қолынан мылтығын атып түсіреді. Ерлігімен мергендігіне тәнті болған Қалдан Серен Олжабай батырға алтын жабдығымен арғымақ мінгізеді, Абылайды тұтқыннан босатады.
Ойлап ем қақпа бұзған қандай қазақ,
Сындырып мылтығымды салдың азап
Қан төгіскен қырғынды тоқтатайық
Арамызда татулық жүрсін ұзақ деп, Қалден бітім сұрайды.Осы бітімнен кейін Олжабайдың даңқы «Он сан Орта жүзге ұран болады» екен.
Ер сөзінен өнеге:
Туған елін, халқын жан тәнімен сүйген.
Өмірін оның бостандығы мен бақытына арнаған .
“Мен өмір бойы жаудың өзін өлтірмей,жараламай,киімінен,сауытынан түйреуші едім,содан-ау жау қолынан өлмей, жамандарша үйде өлгенім” деп,майданда өлмегенің арман қылған екен.
Өнеге:
Дұшпанның басынғанына қатал,бас игеніне кешірімді болған.
Бауырмал,қайырымдылығы,адамгершілігі.
Қабдолла Тұрардың жырларында:
“Дос болған ту ұстасып,екі батыр
Деп айтар Олжабай мен Бөгенбайды!” яғни батыр достықты ,бірлік пен ынтымақты қолдаған. Бірде жоңғар басшысы тұтқынға түскен қазақ батырының қайсарлығын,рухының биіктігін,қиындыққа елі үшін қайыспайтының көріп:-«Мұндай ері бар елді қапыда жатқанда алмаса,алу мүмкін емес» деген екен.Осындай батырларымызды үлгі тұтып ,ұлы тұлғадалардан қалған ұлы құндылықты жалғастырайық деп өлең шумағымен аяқтағым келеді:
Туған жерді сүю парыз
Сүю үшін білу парыз
Қасиетін ұғу парыз,
Күзетінде тұру парыз. 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу

Ілмектер: Ұлы, тұлға, іс, шығарма, эссе