» » » Шығарма: «Менің елбасым – менің мақтанышым»

Шығарма: «Менің елбасым – менің мақтанышым»

Шығарма: «Менің елбасым – менің мақтанышым» казакша Шығарма: «Менің елбасым – менің мақтанышым» на казахском языке
Нұрланұлы Арлан
7 сынып, Красивинский орта мектебі
Есіл ауданы
Жетекшісі: Булатова С.Т.

Отан үшін отқа түс, күймейсің!
Бауыржан Момышұлы.
Осыдан жиырма екі жыл бұрын егемендігімізді жариялап, тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл ғасырлар бойы біздің, яғни қазақ халқының, аңсаған арманы еді.
Менің Отаным осы күнге жеткенше үш жүз жылға жуық бодандықтың бұғауында, жетпіс жылдан аса кеңестік кезеңнің шырмауында болды. Жер бетінде елінің тәуелсіздігін, халқының бостандығын ойламайтын жұрт жоқ шығар. Бұл тәуелсіздік - біз үшін басқа қонған бақ, астыға тиген тақ. Бақты бағалаған халықты бастайтын тақ иесі де болуы тиіс. Бұл - ежелден келе жатқан өмір заңы. Осыған байланысты ата тарихты ақтарсақ, ежелден ел басқарған ер жүрек батыр бабаларымызды, ұлы хандарды кездестіруге болады. Күллі қазақ халқын өз туының астына жинап , үш жүздің басын қос-қан Абылай ханды, елінің азаттығы үшін аянбай қан мен тер төккен Кенесарыны айтсақ та жеткілікті болар. Сол замандарда ел ақылды, әрі айлалы ісімен, іскерлігімен сүйіндіретін аза-маттардың маңайына топтасқан. Басты біріктірер басшысыз елдің ел болуы қиын ғой . Тәуедсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп, өз алдын ел қылуда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ халқының тұңғыш елбасы болды. Ол кісінің бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Маған қазір Нұрсұлтан ата ежелгі қазақтың тарих бетіне енген ұлы ғұлама, аты аңызға айналған тұлғаларымыздың жалғасын - дай көрінеді.
Қазақ халқы егемендігін алып , тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымыз-ға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ, ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы елі үшін еңбек еткен аға-ларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізеді. Біз-түрік ұрпағымыз, мекеніміз- қасиетті Түркістан. Осы өңірде ту тіккен біз-дің бақытымызды Нұрсұлтан ата баянды етіп келеді.
Тарихты парақтасақ, көне түркілер, яғни біздің ата-бабаларымыз, өз дәуі-рінің дүлдүлдері болған, дұшпаны басынбаған басынан сөз асырмаған ел болған. Сондықтан біз де сол бабаларымыздан үлгі алып, сол бабаларымыз-ға қарап жігерленіп, қайраттанып, өз заманымыздың дүлдүлдері болуымыз керек.
Жалпы қазақ халқына осы тәуелсіз күндер оңай келген жоқ. Меніңқазағым аштықты да, қызыл қырғынды да, Сталиндік репрессияны да бастан өткізді. Бірақ осы қиын-қыстау кезеңдерін бәрінде қазаққазақтығын, елдігін көрсетіп, дәлелдеп отырды, қарсы келген дұшпанға айтарлықтай тойтарыс бере алды. Тіпті өзі қырылып қалса да, дұшпанға берілмеді, ар-намысты таптатқызбады.
Міне, сондай қиын -қыстау замандардан өтіп, осы азаматтықтың ақ таңы атқан күндерге жетіп отырмыз.
Қазір газет тігінділерінен, кітап-журналдардан қарап отырсақ, елдіктің іргесін қалау оңай болмапты. Үстемдігін жүргізісі келіп айқасқандарға Елбасы емеурінмен:
Шалқайғанға шалқай,
Пайғамбардыңұлы емес
Еңкейгенге еңкей,
Әкеңнен қалған құл емес, деген аталы сөзді айтқан. Сөйтіп жүріп, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан қалыпты. Еліне сөз айтып, мына бір ойын өлең жолдарымен халқына жеткізіп:
Омырау уыз ананың,
Алсам ба деп еміп алғысын.
Бөрілі байрақ бабаның,
Баянды етсем де мәңгісін
Қолымды созсам бірлікпен
Қолдайтын халқым бармысың?
Елбасының бұл тілегін тек қазақ халқы қолдап қана қоймай , басқа ұлт өкіл-дері де көмек көрсетіпті. Осы бір аумалы-төкпелі заманда елдің елдігінта-нытқан Елтаңба, аспан түстес көк Байрақ, рухты оятар Әнұранымыз қабыл-данды . Ата Заңөмірге келді. Бұл жасалған жұмыстар еліміздің бағыт – бағ-дарын анықтап берді.
Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болуымыз, оның биік мінбесінде Елбасымыздың сөз сөйлеуін, яғни Қазақстанды бүкіл әлем тануын қалай ғана бақыт демеске!
Халқының сеніміне ие болған Нұр атаны жұрты қолдап қана қоймай, басшы-сы етіп те сайлады. Бұл жағдай Нұр атаның ел сенімін ақтағанын көрсетіп тұр.Елбасымыздың елдікті орнатуымен қатар, есімі тарихта қалған ұлылардың абыройын көтеруін қалай мадақтасаң да жарасып тұр. Елбасының беделі болар, ЮНЕСКО көлемінде Абай, Жамбыл, Мұхтар Әуезов тойлары әлемдік дәрежеде тойланды. Арқаның кербез сұлу Көкше өңірінде Абылай ханның 300 жылдық мерей тойы атойлап өтті . Тарих құндылықтары да назардан тыс қалған жоқ. Бұл Отанымның жер байлығымен қоса, рухани байлығының дамуын көрсетеді.
Елбасымыздыңел астанасын Сарыарқа төсіне көшірудегі көргендігін қалай айтпасқа? Қазіргі Астана танымастай құлпырып барады. Елімізге қонақ болып келген шетелдіктер таңдай қағып, риза болып кетеді. Ол кісіге көрсеткен Нұрсұлтан атаның кісілігі, азаматтылығы жас ұрпаққа, яғни бізге, үлгі болу керек.
Жаңа астанамыз бүгінгі күні өзініңзәулім құрлысымен ғана емес, рухани орталықтарымен де көркейіп келеді. Бұған бір дәлел - елдік пен ерліктіңүлгісіндей болып Күлтегін бабамыздың ескерткішінің елордадан орын алуы еді. Бұл көгілдір тас байлықпен бабаларымыздың асқақ рухы қайтып оралғандай болды. Біз осыдан жиырма ғасыр бұрын батырлығымымен, ақындығымен ел тұтқасы болған болған ғұламаларымен қауышқандай болдық. Мұның бәрі - Елбасының елеулі еңбегі.
Біз сияқты жеткіншіктерге де Елбасы көңіл бөліп жүр. Сол сияқты, Еуразиялық университеті, көптеген ауылды жерлерде ашылып жатқан мектептер мен балабақшалар қаншама? Жаңа құрылыстар мен зәулім ғимараттар аспанмен таласып тұр. Бұның бәрі көзді қуантуда. Мен жарқын болашағыма сенемін. Бар білімімді елімнің көркеюіне жұмсаймын.
Нұрcұлтан ата әрқашанда жасөспірімге: «Еліміздің ертеңі сендерсіңдер, сондықтан қазақтың тарихын біліңдер, математика, физика, химия, пәндерін жақсы оқыңдар.Өз тілдерінде, яғни қазақша таза, әрі сауатты сөйлең-дер»,-деген өсиет айтып жүр.
Осы жерде менің есіме атақты батыр Бауыржан Момышұлы атамыздың бір ұлағатты сөзі еріксіз түседі:
«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата-бабамызды, тарихты ұмыту».
Жастарға білім беру саласында Президент көп мәселелерді қозғап жүр. Жастарға тиісті білім алу үшін барлық жағдай жасалған. Елбасымыз «Болашақ» бағдарламасын жүзеге асыруда. Қаншама жастар өз білімдерін шет елдерде алып, еліне оралып қызмет жасауда. Олардың алған білімдері Қазақстанның одан бетер тез қарқынмен дамуына өз септігін тигізеді. Міне, мұның бәрі - Нұрсұлтан атаның жас ұрпақ болашағына алаңдауы , сол жас ұрпаққандай заманда өмір сүреді деп ой жіберіп, көз тіккендігі, біз үшін қам жеп, біздің ертеңімізді ойлауы. Ал мұны қай жағынан алсақ та ақылдылыққа, даналыққа жатқызуға әбден болады.
Елбасының «Қазақстан - 2050» атты стратегиялық бағдарламасы да жарқын болашақтың кепілі. Нұрсұлтан атаның ойында «ел тыныштығы-бейбітшілік» деген өзекті мәселе тағы бар.
Қазір әлем бір қиын кезеңде тұр. Осының бәрі жиырма екі жыл ішінде жасалған еңбек. Кейде маған осы жиырма екі жыл жүз жылдай көрінеді, себебі басы қайтарылған шаруа соны меңзегендей.
Қазақ халқы - әлемдегі ұлы халықтардың бірі. Қазақтыңұлылығы – ба-уырмашылдығында, бейбіт өмір сүйгіштігінде, сабырлылығында және даналығында.
Қазақ - сөзге тоқтаған халық, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін, ел бастаған көсемдері мен шешендері ақыл айтса, ақылына ұйыған халық. Оның бір белесін Нұр атаны әркез халқы қолдағанда, халқына түйінді сөз айтса, елі тыңдап, ақылына ұйығандығынан байқаймын.
Мен осындай дана, асыл қасиетке бай елде дүниеге келгеніме мақтанамын, мен қазақ екеніме шаттанамын және елімізді ел етіп , жерімізді жер етіп, өлшеусіз еңбек етуінің арқасында ұстап тұрған елбасы - Нұрсұлтан атама ерекше ілтипатпен қараймын.



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: almira777 | 75 | 13.03.2019


Загрузка...

KZ / Қазақша Шығармалар жинағы, шығарма «Менің елбасым – менің мақтанышым» туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение «Менің елбасым – менің мақтанышым» на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, «Менің елбасым – менің мақтанышым», шығарма «Менің елбасым – менің мақтанышым» туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском эссе сочинение «Менің елбасым – менің мақтанышым» на казахском языке скачать бесплатно эссе шығармалар жинағы жоспарымен казакша эссе шыгарма жоспар «М, Шығарма: «Менің елбасым – менің мақтанышым» шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы