Informational and educational
portal №1 in Qazaqstan.
» » » Эссе: Менің Қасиетті Қазақстаным!

Эссе: Менің Қасиетті Қазақстаным!

Эссе: Менің Қасиетті Қазақстаным! казакша Эссе: Менің Қасиетті Қазақстаным! на казахском языке
Менің Отаным - Қазақстан! Сонау Каспий теңізі мен Алтай тауларын алып жатқан атырапты қаншама адам өлең - жырларына қосқан. Кіндік қаным тамған туған жерім қасиетті әрі жұмбақ өлкелерге толы. Әсіресе Оңтүстік және Шығыс Қазақстан облыстары тарихқа бай. Сонымен қатар, біз білмейтін құпия да жетерлік. Биыл жаз айларында Шығысымның көрікті, киелі өңірлерінде болып қайттым. Солардың бірі - Бөрілі, Жидебай және Қарауыл аудандарына тоқталып кетейік.

Жалпы көпшілік білетін Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Әуезов - Шығыстан шыққан ұлы тұлғалар. "Абай жолы" роман - эпопеясын жазған Мұхтар Әуезов Бөрілі ауылының тумасы. Бөріліге келген сәтте бізді адамдар құшақ жая қарсы алды. Далада үлкен киіз үй тігіліп, қойылым көрсетуге дайын тұр еді. Бізге "Абай жолы" роман - эпопеясындағы "Қайтқанда" тарауын көрініс ретінде қойып берді. Адамдар тап бір сол ғасырға түскендей күй кешті. Айта кетсек, Мұхтар Әуезов шығармаларының көпшілігін осы Бөрілі ауылында жазған екен. Бұл жерде жазушыға арнайы салынған мұражай бар. Мұражайда оның қолданған қаламы, мүсіні, суреттері, сол уақыттарда пайдаланылған әртүрлі бұйымдары сақтаулы, өмірі мен шығармашылығы жайында мол мағлұматтар жинақталған. Бұған қоса, мұнда қазақтың ұлттық салт - дәстүрін айқындайтын, аса бір шеберлікпен жасалған сандықшалар, ас үй жабдықтары бөлек орынға ие. Тіпті, жолаушылардың саяхаттан алған әсерін жазуға кітапша да бар екен. Меніңше, бұл Абай ауданын жер - жерге танытуда үлкен рөл атқарады. Себебі, қазіргі таңда, жастар Абайды әрі шәкірттерін толық танып білмейді. Бөріліден шыға салысымен, алғаш "Еңлік - Кебек" пьесасын қойған жер - Ойқұдық жайлауы көзге көрінеді. Пьеса Абайдың аяулы жары Әйгерімнің сегіз қанат үйінде қойылған. Қазір де бұл жер - Ералы жайлауы деп аталады. Ералы баба Абай елінің шежіресінде ерекше орын алады. Бабамыздың елдің береке-бірлігін нығайтуда үлесі зор екендігінен бүгінгі ұрпақ хабардар. Халық оны жас кезінде ел билеу ісіне араласқан, сырқат адамдарды емдеген, емдік шөптерді шәй ретінде қайнатып ішуді шығарған жан деседі.

Кейін сапарымыз Жидебайда жалғасты. Жол бойында Еңлік пен Кебекке қойылған ескерткіш тақта мен мүсінді көруге болады. Ескерткіш тақтада Абайдың "Көп жасамай, көк орған, жарасы үлкен жас өлім" деген сөзі қашалып жазылған. Жергілікті халықтың айтуынша, осы маңайға адамдар ағылып келсе, жаңбыр жауа бастайды - мыс. Сіркіреп жауған жауынды "Еңліктің көз жасы",- дейді. Жидебай жерінде ұлы ақын - Абайдың үй - мұражайы, Шәкәрімнің саят қорасынан әрі қарай Абай әулетінің жерленген кесенесі орналасқан. Мұражайдың ауласында "Еуразия кіндігі" деп жазылған үшбұрышты тас орнатылған. Білуімше, Шыңғыс хан өлер алдында балаларына, өзін жердің кіндігіне апарып жерлесін деген өтініші болған екен. Осыған байланысты, Шыңғыс хан Ақтас тауының маңайындағы Қоңыр әулие жерінде жерленген деседі. Бәлкім бұл шындық шығар... Оған дәлел ретінде мынаны айта кеткен жөн. "Шыңғыстау" атауы көне монғол тілінен аударғанда "Шыңғыс" пен "Тай" сөзінен шыққан."Шыңғыс" деп ұлы ханның есіміне байланысты қойылған болса, "Тай" сөзі "Басшы, хан" дегенді білдіреді. Уақыт өте келе , "Тай" қазаққа түсінікті "Тау" сөзіне ауыстырылған. Менің ойымша, "Шыңғыстау" атауы осыдан шыққан. Ал моңғол деректеріне қарасақ, Шыңғыстаудың биік жотасы Орда делінеді. Мүмкін, нақ осы Абай өлкесінде Алтын Орда болған болар. Тіпті, осы деректердің рас не өтірік екенін дәлелдеген ешбір адам жоқ...

Ұзақ жол Қарауылға да апарды. Барар жолда Еңлік пен Кебек паналаған үйтасты көруге біраз аялдадық. Үйтас толығымен сақталған екен. Тіпті, келушілерге ауыл адамдары көрініс те қойды. Аңыз бойынша Үйтасты тауып алған ауыл ерлері, қос ғашықты жазалауға келеді. Ақыр соңында екеуі де мерт болады. Бірақ, Еңлік жасырған сәбиді ешкім де аңғармайды. Сөйтіп, шырылдаған сәби дауысын сол маңнан өтіп бара жатқан адамдар естіп асырап алады. Саяхатымыз Қарауылда тәмамдалды. Алдымен, "Жастар сарайының" ашылу салтанаты өтті. Сол арада, қазақтың ақыны Қалқаман Саринмен кездесіп, суретке түсуге де мүмкіндік болды.

Қорыта келсек, өзімнің туған жерім Шығысымның қасиетті, көркем, ұлылар мекені екендігіне тағы да көз жеткіздім.Қазақ жастары туған жерінің қаншалықты киелі екенін білсе, соншалықты қадірлей түседі екен. Ұлы даланың біз білмейтін, ашылмаған сырлары көп - ақ. Сондықтан, осындай қасиетті жерлер тарихымыздың өткенін саралай түседі. Қазақтың болашағы жастарда, ал олар тарихты білуі қажет.

Жорабекова Мәдина



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: ZHARAR | 43 | 14.01.2019



Загрузка...

KZ / Қазақша Шығармалар жинағы, шығарма Менің Қасиетті Қазақстаным туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Менің Қасиетті Қазақстаным на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Менің Қасиетті Қазақстаным, шығарма Менің Қасиетті Қазақстаным туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском эссе сочинение Менің Қасиетті Қазақстаным на казахском языке скачать бесплатно эссе шығармалар жинағы жоспарымен казакша эссе шыгарма жоспар Менің Қасиетті Қаз, Эссе: Менің Қасиетті Қазақстаным! шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы