Орта білім мазмұнын жаңарту шеңберіндегі ағылшын тілін оқыту

  Орта білім мазмұнын жаңарту шеңберіндегі ағылшын тілін оқыту


Қазақстан Республикасының Елбасы Н. Назарбаев «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында: «Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек; мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс, оларды оқыту нәтижесі сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс», - деген болатын.

Осы міндеттерді орындауда Қазақстан Республикасында болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және мәдени жаңартулар мектептік пән ретінде ағылшын тілінің пайдалану өрісін біршама кеңейтуде. Ағылшын тілін тереңдетіп, жан-жақты оқытуды қоғам, уақыт қажет етіп отыр. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі ағылшын тілін жетік меңгеруді талап етеді. Сондықтан бұл өзгерістер халыққа білім беру жүйесінің барлық буындарына білім беру ісін жаңа сатыға көтеруді талап етеді. Сол үшін жаңа кезеңдегі озық педагогикалық тәжірбиелерді заман талабына сай қолдану ерекше маңызға ие.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық шеберлік орталығы» базасында «Орта білім мазмұнын жаңарту» шеңберінде ағылшын тілі бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстары өтуде. Курс бойынша облысымыздың әр аймағынан келген 32 мектеп мұғалімдері біліктіліктерін арттыруда.

Курстың негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру, бастауыш сыныпта ағылшын тілі бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.

Бағдарлама аясында курс тыңдаушылары ағылшын тілі пәнін жаңа мазмұнда оқыту бойынша дәріс-тренингтер тыңдап, көптеген оқу стратегияларын, тілді үйретудің әдіс-тәсілдерін, оқушылардың алған білімдерін тәжірбиеде қолдана білудің қыр-сырын үйренуде. Көңіл қойып, ой түйетін маңызды сәттер ерекше: шиыршықты оқытудың мазмұны, жаңа бағдарлама бойынша әр сабаққа қысқа мерзімді жоспар құрастыру, аудармасыз оқытудың тәсілдері, төрт дағды бойынша (айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым) оқып үйренген тренингтер біздің педагогикалық білімімізді тереңдете түсуде.

Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: «Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады», - деген, міне біз де осы курс барысында заман талабына сай ағылшын тілі пәнін оқыту бойынша шәкірттерімізді шабыттандыратын әдіс-тәсілдерімізді қолданамыз.

Курс ұстаздарға жаңа леп, тың идеяларды ұсынып, ағылшын тілін меңгерудің тиімді жолдарын айқындап берді.

Қарағанды қаласы, №58 ЖББОМ, Имангалиева Асем Талгатовна

Қаражал қаласы, №1 ЖББОМ, Сулейменова Мөлдір Рахатовна


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі