Қазақша шығарма: Қазақстан – Ұлы дала елі

Қазақша шығарма: Қазақстан – Ұлы дала елі казакша Қазақша шығарма: Қазақстан – Ұлы дала елі на казахском языке


Мен ұлы дала ұрпағымын... Атыраудан Алтайға дейінгі, ақ Есіл мен Алатауға дейінгі барлық қазақ өлкесі – менің туған өлкем, тұғырлы өлкем. Бұл даладан аспанмен тілдескен мұзарт шыңдарды, тұңғиығы тұнжыраған жұмбақ көлдерді, толқындары асау арғымақтай шалқар теңізді, ну орман, арналы өзендерді көруге болады. Бұл дала ұшса қыран құстың қанаты талатын, шапса аттың тұяғы тозатын киелі мекен. Даласы дархан, топырағы құнарлы, қойнауы қазыналы мекен.

Ұлы дала... Бұл дала сонау Күлтегін мен Тоныкөктің қасиетті мекені, Керей мен Жәнібектің қазақ хандығын құрған өлкесі, атақты баһадүр, белгілі сұлтан Қасымның Отаны, қой үстіне бозторғай жұмыртқалатқан Әз Тәукенің туған жері, саясаттың майын тамызған Абылайдың киелі даласы. Бұл – бабамның қаны, анамның жасы тамған жер. Бабаларымыз елі, жері үшін қасық қаны тамғанша соғысқан құдіретті мекен. Бұл өлке Махамбеттің жырына арқау болған өлке, Исатай бастаған көтеріліске бастау болған өлке. Бұл өлке ұлы ақын Абайдың, өлең сөздің дүлдүлі Жамбылдың өлкесі. Бұл далада маса секілді ызыңдап, қазақтарды оятқан Ахмет пен Міржақыптың үні естілген. Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шыққысы келген Сұлтанмахмұттың арманы пайда болған.

Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далаға жылап келіп уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!-

деп Қасым жырлағандай, біздің ақын-жазуыларымыз езілген еліне ес болып, жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған.

Біздің киелі атамекеніміз ол – қазақтың Ұлы Даласы. Осы далада бабаларымыздың бізге қалдырған ізгі аманаты бар. Ол – тәуелсіздік. Тәуелсіздік – құдіретті, ардақты ұғым. Осы күнге дейін егемендік жолын елбасымыз Н.Ә.Назарбаевпен бірге жүріп келеміз. Алдымен өзге елмен тереземіз тең болды, бұрын жалтаңдап жалпақтап өмір сүруші едік. Еңсесі биік, көңілі көтеріңкі, қадамы мығым ел болдық. Расында да өркениетте жатқан еліміз замана ағымына қосылды. Мемлекетіміздің нығаюы жолында бас қаламыз Астана салынды, бүгінде күллі әлем біздің астанамызды біледі. Ахмет Байтұрсынов айтқандай алдымызға “ұлы мақсат, ұлы мұрат” қойдық. Бізге өз тәуелсіздігіміз қымбат. Неге дейсіз ғой? Ол бізге қымбат – ата-баба рухын көтергені үшін! Ол бізге қымбат – елімізді әлемдік қауымдастыққа қосқаны үшін! Ол бізге қымбат – “Отан” деген сөзді санамызға ұғындырып, жүрегімізді елім, жерім деп соқтырғаны үшін!

Менің далама тіл бітсе сонау көне заманнан бергі басынан кешкен талай тарихты баяндар еді ау. Бұл даланың төсінде азаттық үшін арпалыс та болды, жер үшін талас та болды, талай ерліктерге куә да болды. Осы далада бабаларымыздың өшпес жырлары туды. Осы далаға талай күйшілер күйлерін арнады.

Өз алтынымызды ардақтап, қымбатымызды қадірлеу біздің қолымызда, себебі бұл ұғым жатса түсінен, тұрса есінен кетпеген ата-бабамыздың ғасырлық арманы.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ » Қазақша Шығармалар жинағы, қазақстан ұлы дала елі эссе, қазақстан ұлы дала елі эссе казакша, қазақстан ұлы дала елі шығарма, сочинение на казахском языке про казахстан, қазақстан ұлы дала елі туралы мәлімет, қазақстан ұлы дала елі туралы шығарма, казакстан туралы шыгарма, қазақстан ұлы дала елі эссе, қазақстан ұлы дала елі эссе казакша, қазақстан ұлы дала елі шығарма, сочинение на казахском языке про казахстан, қазақстан ұлы дала елі туралы мәлімет, қазақстан ұлы дала елі туралы шығарма, казакстан туралы шыгарма, Қазақша шығарма: Қазақстан – Ұлы дала елі шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы