Қазақша шығарма: Әке

Қазақша шығарма: Әке казакша Қазақша шығарма: Әке на казахском языке


Әке - асқар тау

Семей қаласы «№44 ЖОББМ» КММ
5 «Г» сынып оқушысы Магрипов Азамат
Жетекшісі: Атиманова Нургуль Минияхметовна

Сізсіз әке - ең ақылды, ең шыншыл,
Сізсіз әке - ең жақыным, ең сыршыл.
Шуақ шашқан қашанда асыл жүрегің,
Жанымдасың, қамқорымсың білемін.
Қабыл алғын бала – жүрек тілегін.

Әр отбасында әкенің орны ерекше. Әке - отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез - құлқы, өзгелермен қарым - қатынасы, өнері мен білімі өзіме үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанам. Отбасының береке, ынтымағы үшін әкемнің әділ, ұстамды болуы мен үшін орасан маңызға ие. Отбасымыздың ұйытқысы, берекесі, мейір - шапағат көзі – менің әкем.

Әкем менің асқар тауым, тірегім,
Бәрінен де сен қымбатсың білемін.
Қанат қағып кетсем алыс қияға,
Сен деп соғар жұдырықтай жүрегім.
«Әке - асқар тау, ана қайнар бұлақ, бала жағасындағы құрақ» дегендей «Әке» деген сөз қандай жақын, қандай ыстық десеңші!. Өмірде әкесін жақсы көрмейтін бала жоқ шығар, өйткені біз үшін әкенің орны бөлек қой. Менің өмірдегі қымбат, ең қымбат адамым ол - менің сүйікті әкешім. Әкем менің кішкентайдан ақылшым, қамқоршым. Мен сізден көп тәрбие алдым.

«Әкең барда орындалар арманың» дегендей, өмірдегі керегіңді алдымен бір Алла, екінші әкең берері анық. Бұл дүниеде алуан түрлі тағдыр бар. сол тағдырдың басты себепкері - біз сияқты балалар. Алайда өмірдің есігін көзі тырнап аша салысымен әкенің «Балам, ботам» деген еркелетер сөзін естімей жетім немесе тастанды бала болып дүниеге келіп жатқан сәбилер де бар. Сәби көңіл әкесі тіпті ол ойлағандай жақсы адам болмасада, «Шіркін, менің әкем болса қандай жақсы болар еді!» деп армандайды. Осындай балаларды көргенімде өзімнің анам да, әкем де бар екеніне өзімді бақытты санаймын. Сол бақытымды ешқашан айырмаса екен деймін. Тамағымның тоқтығы, киімімнің бүтіндігі, оқуымның сапасы, ұйқымыздың тыныштығы - осының бәрі де асқар таудай айбатты әкелердің арқасы. Ендеше бар баланың бақытына бір Алладан кейінгі панасы «Әкелер» аман болса екен деймін.

Ардақты жан өмірде әке деген.
Бақыттымын өмірде әкем барда,
Сол бастаушым - биікке жетелеген.
Асқар тауым аман жүр, аяулы әкем,
Жақсы өнеге бердіңіз мақтан етем.
Кіп-кішкентай жүрегім сендіреді,
Мен өзіңді, әкетай, бақытты етем!

Әке – асқар тау.Отбасында әкенің орны бөлек. Әке – сол шаңырақтың бар ауыртпалығын көтеретін, асырап-бағуға да, жақсы тәлім-тәрбие беруге де міндетті адам. Әке – бала үшін асқар тау. Әке қамқорлығы дегеніміз – отбасы мүшелерін әртүрлі пәле-жаладан қорғап отыратын қасиетті ұғым. Сондықтан әкені сыйлау, оған үлкен құрметпен, ілтипатпен қарау баланың парызы болмақ. Ақын Жарасқан Әбдірашевтың әке десе – ауылы, ауыл десе – әкесі есіне оралатын перзенттік жүрегі дамылсыз соққан. Қашан да қамқор болған сан үмітке, Өтермін сақтауменен салтыңды әсем. Көнбей ме көңіл шіркін кәрілікке, Өкпелеп қалмайсың ба «қартым” десем! Ақын үшін, «бір ауылдың бәйтерегі» – өмірдің ащы-тұщысын халқымен бірге татқан әкесі. Сондықтан ол әкеден алатын тәрбие де салиқалы болмақ. Әке – ұрпақтың панасы, үйдің басшысы, әрі тәрбиешісі. Ол тек бір отбасының ғана емес, ауылдың, рудың қамқоршысы, ел ағасы. Өмірге келген баланың әрбір сәтті қадамы әке үшін үлкен мәртебе, зор мақтаныш болмақ. Сондықтан да әке ақылымен жүру, ешкімнің ала жібін аттамай, адал ғұмыр кешу баланы тек жақсы болашаққа ғана әкеледі. «Әкеге бағыну – аллаға бағыну» депті Мұхаммед пайғамбарымыз. Демек, әкені ренжітпей оның айтқанының үдесінен шығып отыру әрбір перзенттің басты парызы екен. Ақылы мен пайымы терең аналар балаларын үнемі әкесін сыйлап, құрметтеуге бейімдеп отырады. «Әкең ренжіп қалар», «Әкең жіберсе, бара ғой», «Әкеңе барып сәлем бер», «Әкеңнің керегін дайында» деп әкеге құрмет, қызмет етуге баланы жасынан дайындап отырса, мұндай отбасында әрдайым тәртіп, ынтымақ пен бірлік болуы сөзсіз. Әке ұл-қызын намысшылдыққа, елі, руы, қала берді өз бауырлары үшін еңбек етіп, өмір сүруге баулып отырады. Әкенің мейірімі мен талап қойғыштығының, еңбеккерлігінің бала тәрбиесіне ықпалы көп.

Әкешім — асқар тауым

«Ана — сая болар бағың болса,
Әке — асқар тауың» дейдi қазақта.
Бiр күн бар, жылатар күн, жұбатар күн.
Бiр күн бар, мұңайтар күн, қуантар күн.
Мейлi ол шаңырақ сәттi болсын, сәтсiз болсын,
«Әке» деген сезiмдi ұмытар кiм, — дейдi бiздiң халқымыз.

Әр шаңырақта әкенiң орны ерекше. Әке — отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерiнiң тiрегi, қамқоршысы. Әкенiң мiнез — құлқы, өзгелермен қарым — қатынасы, өнерi мен бiлiмi — баланың көз алдындағы үлгi, өнеге алатын, оған қарап өсетiн нысанасы. Отбасының пейiл — береке, ынтымағы үшiн отағасының әдiл, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелiк рөлi де зор. «Әке — асқар тау», «Әке — балаға сыншы» дейдi халқымыз.

Ер бала әкесiмен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бiр әрекет жасау үшiн әуелi әкесiмен сырласады. Ер баланың өсiп, жетiлiп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенiң атқарар еңбегi ерекше. Қазақ халқында «Бiр бала бар — атадан өте туады, бiр бала бар — керi кете туады» деген тұжырымға, баланың қандай болмағына негiз қалайтын да әкенiң өзi.

Ер адамдардың көбi ұл баланың туғанын асыға күтедi. Бұл түсiнiктi жағдай: ұлды өзiнiң жалғасы ретiнде көредi, ұлға дәулетi болмаса да (бiрақ кейбiр кезде дәулет туралы да сөз болады), өзiнiң өнерiн, шеберлiгiн, бiлiмiн мирас етiп тастап кетем деп үмiттенедi.

Әке мен ұл баланың арасындағы қарым-қатынас

Нағыз ер жiгiт –өзiн-өзi ұстай алатын салмақты, қарсыласына тойтарыс бере алатын ержүрек, әрқашан әлсiздерге көмектесiп, әдiлдiктi жақтайтын адам.

Қазақша шығарма: Әке  Әке мен ұл баланың арасындағы қарым-қатынасДәл әкенiң өзi ұл баланың бойына ерте жасынан бастап осы қасиеттердi қалыптастыруы тиiс. 3-4 жасынан бастап-ақ жасаған қылықтары үшiн жауап беруге, «Еркелеме, нағыз ер жiгiн олай iстемейдi, сен сабырлы болуың керек» деген сияқты өзiн-өзi қадағалау дағдыларына баулу керек. Бала қиыншылықтарға шыдамды, оларға қарсы тұра алатын, қажет болған жағдайда ауыруға төзiмдi болуы тиiс. Осылайша болашақ ер азаматтың негiзгi қасиеттерi қалыптасады.

Ең маңызды сәт: нағыз ер жiгiттi тәрбиелеу өзiңiз көрсеткен үлгi арқылы ғана тиiмдi болуы мүмкiн. Әкесi баласын тек қана шындықты айтуға үйретедi, ал өзi телефонмен сөйлескенде баланың шешесiн «Менi үйде жоқ деп айтшы», — деп сұрайды. Әкесi баласын сабырлы, шыдамды болу керек деп үйретедi де, өзi баланың шешесiне қатты ұрсуы мүмкiн бе? Сондықтан бала сөздердi есiне сақтамайды, өнеге көрсеткен үлгiнi есте сақтайды, және де өмiр бойы жадында сақтайды. Бұл дегенiмiз: ең бiрiншi өзiңiз өзгерiп, жауапкершiлiктiң маңыздылығын қабылдап жетiлiп отыру керек.

Әке — үлгi тұтар өнеге

Әке, қаласа да, қаламаса да ұлы үшiн нағыз ер жiгiт өнегесiнiң үлгiсi болып табылады. Бұл, әке өз баласына ең жақсы деген тәлiм-тәрбие берем десе өзiнiң зиянды дағдыларынан бас тартып, өз тәртiбiн мұқият қадағалайды деген сөз.

Қазақша шығарма: Әке  Құлпырып өсiп келе жатқан жас ұрпаққа әкесiне деген шексiз махаббат қана емес, одан басқа жетелейтiн шексiз құрмет, сыйластық болған өте маңызды. Әкесiнiң жүзу, мылтықпен ату, отын жару бiлуi. Жалақысының жеткiлiктiлiгi. Сабырлық сақтау қабiлетi. Осылардың бәрiн есте сақтап, бала өсе келе әкесiнiң соңынан тәртiбiн ғана емес, сонымен қатар киiм киюiн, түр-сипатын, жүрiс-тұрысын бәрiн қайталайды. Егер осыны байқасаңыз — мақтана аласыз, Сiздi балаңыз жақсы көредi әрi өте қатты сыйлайды, мақтан тұтады.

Әкешім — асқар тауымӘкенiң қаталдығы, талаптылығы шектелген болуы тиiс. Ұлы қандай жағдай болса да, әкесiнiң оны жақсы көретiнiн, қашанда түсiне алатынын нақты бiлуi тиiс. Мынадай бiр эксперимент өткiзiлген екен: ұлдардың үлкен бiр тобы психологтармен екi лагерге бөлiнген екен — бiреуiнде әкелерiмен әрқашан қиыншылықтары, табыстары туралы бөлiсетiндер жиналыпты, ал екiншiсiнде — бөлiскiсi келмейтiндер немесе бөлiсуге қорқатындар жиналыпты. Психологтар таң қалыпты — бiрiншi лагердегi балалар «еркек» типi бойынша, ал екiншi лагердегi балалар «әйелдер» типi бойынша дамып келе жатқан екен.

Ұрпақ тәрбиелеу мәселесi о заманда да билердiң көңiлiнен тыс қалып қоймаған. Бөлтiрiк шешеннiң:

«Алдындағы ағаның етегiн баспа, жолын қу,

Артыңдағы iнiңнiң бетiн қақпа, белiн бу» деген, ел iшiнде мақал болып кеткен сөз тiркесiнiң қаншалықты терең тәрбиелiк мәнi бар.

Әке көрген оқ жонар…

Қазақша шығарма: Әке

Отан – отбасынан басталады. Отбасы кішкене мемлекет. Сол мемлекеттің президенті – әке.

«Әке көрген оқ жонар» деп бекер айтылмаған ғой. Әке – ол салмақты, әрбір істі алдын-ала ойлап барып бастайтын, бізге қамқор адам. Бірақ анадан гөрі қаталдау. Бір сөзбен айтқанда, отбасының басқа мүшелерінен өзгеше, ерекше қасиетті адам деп айтсам артық болмайтын шығар. Әрине, әркімге өз туған әкесі әрқашан да артық болады ғой. Әкем мен үшін ғажап, керемет адам. Әке отбасында ақылшың. Әке
тәрбиесін көрген адамның өмірге деген көзқарасы, сана сезімі жоғары дәрежеде дамиды деп ойлаймын. Менің ойымша, ұл бала тәлім –тәрбиені әкеден алғаны жөн. Әке тәрбиесін көрген бала ешқашанда жаман болмас. Сол себептен де, балалар, бәріміз де әкелерімізді құрметтейік! Қадірлеп-қастерлейік, сыйлайық, ардақты, теңдесі жоқ, асыл әкелерімізді!



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ » Қазақша Шығармалар жинағы, аке туралы шыгарма, аке туралы эссе казакша, аке туралы шыгарма казакша, әке-асқар тау туралы шығарма, әке туралы шығарма, сочинение на казахском языке про отца, сочинение на казахском языке про папу, папа туралы шыгарма, аке туралы шыгарма, аке туралы эссе казакша, аке туралы шыгарма казакша, әке-асқар тау туралы шығарма, әке туралы шығарма, сочинение на казахском языке про отца, папа туралы шыгарма, әке туралы реферат, Қазақша шығарма: Әке шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы