DataLife Engine / Тарих | Қазақтың ұлттық киімдерінің ерекшеліктері

Тарих | Қазақтың ұлттық киімдерінің ерекшеліктері

І. Кіріспе
1. Мәдениетіміздің бет бейнесі. Адам көркі – шүберек. Бұл талай жылғы тәжірибеден өтіп, әбден екшеліп айтылған тобықтай түйінді сөз. Халқымыз атам заманнан бері осы бір қағиданы берік ұстанып, мың бір сырлы әсем киім үлгілерін жасап киініп келген.
Киім жай ғана бір жапырақ мата емес. Ол белгілі бір ұлттың, мәдениеттің бет бейнесін көрсетіп тұратын ғажайып дүние. Оның эстетикалық, этно - мәдени, қоғамдық мәні де орасан. Сондықтан әр қазақ мақтан тұтатын мол мәдениетіміздің елеулі бір саласына киім кию ғұрыптарымызды жатқызсақ болады.
Шындығында да, әлемдегі озық өнер түрлерін сарапқа салар болсақ, қазақ өнері алдыңғы қатардан көрінері
даусыз. Себебі, қазақ дүниетанымы терең, мәдениеті бай, әрбір өнері көрнекті, көрген - түйгені мол үлгілі ұлт. Қазақ өнерінің әрбір туындысы өзгеге ұқсамайтын өзіндік ұлттық нақыштарға толы.
Қазақ ісмерлерінің қолынан шыққан киімдерден ұлтымыздың дүниетанымдық, философиялық көзқарасы мен дүниені қабылдауы көрінеді. Халқымыздың бүкіл ішкі жан дүниесі, ұстанған діні мен ділі киім үлгілерінен, олардың пішілуінен, тігілуінен, қолданылған әшекейлерден, таңдалған түр - түстен аңғарылады десек әсіре айтқандық емес. Өйткені кез келген киім оны жасап шығарған халықтың ішкі руханиятының материалданған көрінісі екені даусыз. Демек киімдеріміз қандай сұлу болса, жан байлығымыз да соншалықты сұлу болғаны!

Қазақтың ұлттық киімдері - Еуразия даласын қоныс еткен көшпелі ел қазақтардың басқа халықтарға ұқсамайтын киім үлгілері табиғи ерекшеліктер мен көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасы. Қазақы киімнің барша сымбаты мен ою - өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой - дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол - біздің ұлттық мәдениетіміз!
Бағзы заманда аттың жалы - түйенің қомында көшпенді тірлік кешкен қазақ халқы күнделікті тұрмыста киетін киімге айрықша назар аударған. Қазақ халқының киiмi басқа ұлттардан өзгеше өзiндiк қасиетке толы. Мұның басты себебi қазақ халқының табиғат төсiнде өсiп, еркiн ғұмыр кешуімен байланысты. Өткен ғасырлардың өзінде - ақ киіміне қарап адамның ұлтын ғана емес, сонымен қатар оның қандай дінді ұстанатындығын, қала адамын ауыл тұрғынынан, бойжеткенді жас келіншектен айыруға болатын еді.

ІІ. Негізгі бөлім.
1. Қазақтың ұлттық киімдері
2. Әйел адамдардың ұлттық киімдері
3. Ер адамдардың ұлттық киімдері
Халқымыздың ұлттық киімдері - заманауи тарихпен қатар дамып, біте қайнасып келе жатқан асыл қазынамыз. Сонау көшпелі кезеңдерден күні бүгінге дейін қол өнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, көз тартар әсемдігі мен ыңғайлылығының арқасында қолданыстан қалмай келе жатқан киімдеріміз де жетерлік.
Жер бетін мың түрлі әсем гүлдер қалай құлпыртса, сан түрлі киімдеріміз де қазақ даласына өзінше сән беріп келген. Кейін келе - келе, өкінішке орай социалистік қоғам құру үшін жұрттың бәрі бірдей киінсін, бірдей жұмыс істесін, бірдей өмір сүрсін деген саясатты бастан кешіп, орыс та, неміс те, қазақ та фабрикадан шыққан бірдей киім киюге көштік. Одан бөлек ұлттық киімдерді қасақана жоюға, халық санасынан өшіруге бағытталған арнайы үдерістердің болғаны да қазір жасырын емес. Мысалы, белгілі этнолог Нұрсан Әлімбайдың пікірінше, «1928 жылы «ескінің көзі» ретінде мәпелеп сақталынып келген нелер бір киімнің асыл түрлері «қазақ халқының тарихы мен мәдениетінің артта қалған, қараңғы кезеңінің» ескерткіштері мен символдары ретінде аяусыз жойылғаны» тарихи шындық. Осылайша даланың гүліндей құлпырған ұлттық киімдеріміз қолданыстан қала берді.
Сондай - ақ қазақ халқының қыз - келіншектерге арналған бүкіл киімдерінің бәріне ортақ бір ерекшелігі бар. Ол адамның дене бітімін қымтап жауып тұратындығында. Бұл жағынан алғанда, қазақ киімдерінің көпшілігі қасиетті дініміздің талаптарына сай келеді деуге толық негіз бар. Қолымыздағы материалдар дәл осындай қорытынды жасауға мүмкіндік береді

Табиғат төсінде еркін ғұмыр кешкен ата - бабаларымыз күні кешеге дейін өзінің әдет - ғұрпымен, дүниетанымымен сабақтасқан төл киімдерін киіп келген. Тамыры тереңде жатқан ұлттық сән өнерімізде сәукеленің шариғатқа толық сай келетін небір түрлері болды. Кимешектің де жас ерекшеліктері мен аймақтық - өңірлік ерекшеліктерге қарай сан түрі тігіліп, әсем ою - өрнектермен безендіріліп киілген. Әсіресе, әйел затына арналған дәстүрлі бас киімнің әлем жаратылысындағы себеп - салдарлық жүйемен сабақтасып жатқан қырлары мен сырлары мол түрлері көп болған. Мәселен, сәукеле, бөрік, кимешек, қарқара, жаулық, күндік, желек, шәлі, қасаба, шылауыш, т. б. бас киімдерді атауға болады. Бұлардың өзі бүрмелі кимешек, орама кимешек, бұрама жаулық деген секілді түрлерге жіктелген. Оны дәлелдейтін этнографиялық дүниелер өте көп.

Демек, қазақ ғұрпында әйел кісі бас киімсіз, жалаңбас жүрмеген. Сондықтан болар, әйел затын ардақтаған кезде «ақ жаулықты ана ғой» деп әспеттеп, дәріптейміз. Қыздарымызды еркелеткенде, «үкілеп өсіріп отырған қызымыз» дейміз. Бұл кәмелетке толмаған балғын қыздардың өзіне қазақ халқы үкілі тақия кигізгенінің тілдегі бір көрінісі. Киімнің ең әдемісін халқымыз қызына кигізген, әшекейдің ең асылын қызына тағуға тырысқан. Жас қыздар бүрмелі ұзын етекті көйлек, жібек бешпент, барқыт камзол киген. Асыл тастармен моншақталған сәукелені де қыз бала өз үйінде киген. Күйеуінің аулына жеткен соң, басына жаулық салған.[1]

Тұрмысқа шыққан қыздардың киіну үлгісі де ерекше. Олар алғашқы жылы сәукеле тақса, күнделікті өмірде желек киген. Ал бірнеше балалы болған кезде кимешек киіп, оның үстінен шылауыш тартқан. Қысқасын айтқанда, қазақта әйел киімдерін қыз киімдері, келіншек киімдері, орта жастағы әйелдер мен қарт бәйбішелердің киімдері деп төрт топқа жіктеп тіккенін көреміз. Бұл да қазақ қыз - келіншектерінің өз денелерін барынша қымтап киінгенін көрсетеді. Демек ата - бабаларымыз әйел затына арналған киімдерді жасауда дініміздің талаптарын басты негізге алған. Дене бітімді жауып тұратын киім адамның құнын арттыратынын ата - бабаларымыз жақсы білген. Қыз баланы сұғанақ көздердің сұғынан түрлі киімдер арқылы, әшекей бұйымдар арқылы сақтауға болатынын терең ұғынған. .....
13.01.2019
Вернуться назад