DataLife Engine / Әдебиет | Олжас Сүлейменов зерттеуші ғалым

Әдебиет | Олжас Сүлейменов зерттеуші ғалым

Олжас Омарұлы Сүлейменов (1936) — орыс тілді қазақ ақыны, тілтанушы, саясаткер, ядролық қару - жарақтарды жаппай қолдануға қарсы тұрушы, Төтенше және Өкілетті Елші.

I. Кіріспе
Олжас Омарұлы Сүлейменов (1936) — орыс тілді қазақ ақыны, тілтанушы, саясаткер, ядролық қару - жарақтарды жаппай қолдануға қарсы тұрушы, Төтенше және Өкілетті Елші.
1936 ж. мамырдың 18 Алматыда дүниеге келген.
1959 ж. С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Геология факультетін, кейін А. М. Горький атындағы Әдебиет институтын бітіреді.
1962 — 71 жж. Казахстанская Правда ұнжариясының әдеби қызметкері, Қазақфилм киностудиясы сценарлық - редакцялық алқасының бас редакторы, Простор журналының бөлім меңгерушісі болып жұмыстар атқарады.
1971 — 81 жж. Қазақстан жазушылар одағы басқармасының хатшысы, сонымен бірге 1972 ж. Азия - Африка елдері жазушыларымен байланыс жөніндегі Қазақстандық комитеттің төрағасы болды.
1981 — 83 жылдары Қазақ КСР кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы.
1983 — 91 жылдары Қазақстан жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы болды.
1989 ж. ақпанында халықаралық Невада - Cемей ядролық қаруға қарсы қозғалысының президенті болды.
1991 ж. қазанынан Қазақстан Халық конгрессі партиясының төрағасы, құрметті төрағасы болды.
1994 ж. сәуірде шақырылған ҚР Жоғарғы кеңесі төрағалығына ұсынылады, мәжілісте өз үміткерлігін талаппен алып тастайды.
1994 — 95 жж. ҚР Жоғарғы кеңесінің Қоршаған орта және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі.
1995 ж. тамызынан бастап ҚР Италия республикасындағы, 1996 ж. сәуірінен Грекия республикасындағы, сондай - ақ Мальта республикасындағы төтенше және өкілетті елші міндетін атқарды.

II. Зерттеу бөлімі
1) Танымал ақын
Поэзия жайлы сөз қозғау қашан да қиын. Бұл әнші құстың дауысын оның қауырсынды денесінен бөліп қараумен тең болар еді. Ал өзіңе ұстаз әрі үлгі тұтар тұлға деп санайтын адам туралы сөз қозғау одан да қиын. Дегенмен де айтуға болады, егер Бұл қажеттілік жүректен туған болса... Егер Бұл жағдайда өнегелік Ұстанымдары, оның ең бастылары — адамгершілік, адалдық, борыш үғымдары басшылыққа алынса... Дәл осы жерде Заратуштра заманынан бері айтылып келе жатқан көне даналықты қалай еске алмасқа: "Ӏзгі Сөз — Ӏзгі Ой — Ӏзгі Әрекет". Осы қасиетті өсиет бізге есімдері мен құнды мұралары келіп жеткен менің даңқты бабаларым Ұстанған ақиқаттың басты постулаттарының бірі болған. Сол тәрізді ақын Олжас Сүлейменовтің өмірі мен шығармашылығы да осы моральдық үш тағанның (триаданың) бастапқы мәнін бейнелейді. Бүгінгі таңда оның қазақ жеріндегі ең танымал ақын екендігіне күмән келтіретін адам да аз болар. Олжас туралы жазылған дүниелер жетерлік, солардың бәрінің басын қосып жинақтаса, бірнеше томдық еңбек болары сөзсіз. Оның ақындығы туралы тек өзінің Отанында ғана емес, сонымен қатар алыс елдерде де көп жазылды. Оның шығармашылығына таңдана қарап, осы жайында Памирден Прибалтикаға, Кіші Азиядан Парижге, Күнгей Кавказдан Германияға дейінгі аймақта өз пікірін білдірушілер көптеп табылды. Оның өлең жинақтары 100000 таралыммен жарық көріп, сол сәтте - ақ сирек кездесетін библиографиялық кітаптар қатарына еніп отырды. Ақынның әрбір жаңа ірі туындысы қызу талқыланды. Мен, сірә, біздің қазіргі танымал қаламгерлердің ішінен оқырмандар мен сөз қадірін түсінер адамдар дәл осылай үлкен құмарлықпен оқитын өзге ақынды атай алмасам керек. Оның жетістіктері нағыз әдебиетшілерді қуантып, ақиқатты үздіксіз іздеу жолындағы батыл, кей кездердегі жүгенсіз асау ойлар мен сезімдердің жиынтығы оны күндеушілердің ашуын келтіріп, шығармашылығына табынушылардың таңданысына жол ашты.

Олжас Сүлейменовтің әлемді дүр сілкіндірген дауысы ең алғаш рет естілгелі жарты ғасырға жақын уақыт өткен екен. Осы уақыттан бері біз ақын жырларынан оның замандастары мен отандастарының қалай тіршілік етіп, нені сезініп, нені ойлағанын оқып келеміз. Олжаспен бірге Қазақстанның ұшы - қиырсыз даласын шарлауға болады, шопан киіз үйлерінде қонақта болып, күйшілер мен күміс көмей әншілердің жырларын өз құлағыңмен тыңдай аласың. Шаршаған тың игеруші жігіттермен бірге ашық аспан астында, төбе маңындағы орылған егіс алаңында түнеуге болады. Құлазыған сортаң жерлер мен кеуіп қалған өзен арналарын геологиялық партиялармен бірге кезіп жүре аласың. Бақытсыздыққа ұшыраған халыққа қорған болу мақсатында түрлі мінбелерден үн қату, халықты өзі үлгі көрсету арқылы рухтандыру — дәл осы қасиеттер оған құдіретті күштің арнайы ұйғарымымен берілген тәрізді. Кей кездері маған Олжастың өмірі тұтастай жан қиярлықпен күш жұмсауды қажет ететін әрекеттерден құралатындай болып көрінеді. Себебі: бұған дейін танылмай келген немесе дәлірек айтқанда, өркениеттік бірлестікте өз дәрежесінде, толық тұтастығымен және сұлулығымен көріне алмаған қазақ елін бүкіл әлемге таныту деген үлкен жауапкершілікті саналы түрде өз мойнына ала білді. Бүгінде оның сөзіндегі, ойы мен әрекеттеріндегі ерекшеліктерді түсіне алатын адамдарға ерекше әсер берген жарқын даусы үлкен беделге ие.

Олжас Сүлейменов — құдіретті рухтың көңілінен шығып, өз замандастарын Ақиқат пен Сұлулыққа жақындата түсу үшін Алланың әділеттілікті аңсау мен соған деген ұмтылысты бүкіл болмысына енгізіп қойған ақындардың бірі. Шындығында, Сұлулықты суреттеген сайын біз оған бір қадам жақындай түсеміз! Ақиқатты бейнелеген әрбір сәтте біз онымен біріге түсеміз. Ол — Жолды жарықтандыратын шырақ тәрізді. Ӏзденушілер өздері іздеген маңызды да зәру мәселелеріне жауапты дәл осы қазақ ақынының шығармаларынан таба алады. Қазақ халқының өткені, бүгіні мен болашағы барлық тұтастығымен Мұхтар Әуезовтің ұлы эпопеясынан кейін бірінші рет соншалық кең көлемде және жоғары көркем деңгейде осы азамат ақын шығармаларында бейнеленген.

Бақыт Кенжеевтің мына бір айтқаны өте орынды: "Қазақстанды әдеби тұрғыда әлем картасына енгізген дәл сол (О. С.), себебі, ол шын мәнісіндегі алғашқы халықаралық қазақ жазушысы болды.

Олжас қазақтар туралы көп жазды және сол жазғандарымен бүкіл әлемді қызықтыра алды. Мәскеуліктердің оның кітаптарын қалай дүкен сөрелерінен сыпырып - сиырып алып кеткендері менің есімде. Ал, "Аз и Я" кітабы туралы ештеңе айта алмаймын, Бұл менің құлшылық етер кітабым..." (Мегаполис, 13, 05. 2004 ж.).

Ақын туындыларынан қазақ халқы бастан өткерген жарқын жылдардың қуанышқа толы сәттері мен қайғыдан көңілі қалған ұлы өмірінің беттерін құрауға болады. Қанша ғасырлар бойы үлесіне тиген көптеген ауыр сынақтарды басынан өткере отырып, өзіндік төл мәдениетін толық дерлік алғашқы қалыпта сақтай алған таңқаларлық және бірегей қазақ елі тағдырының куәсі болады. Ақынның өзі бұл жайлы былай дейді: "Біздің ұрпақ кристалдану үстінде. Халық арасында намыс қозғалысы жүріп жатыр. Қорлықта жүргендерде қуаныш ұғымы болуы мүмкін емес.

Ақындар халыққа намыс қозғалысына күш - қуат жеткізіп тұруға міндетті". Бұл бағытта, яғни тарих пен халық тағдырының мәнін түсінуде Олжасқа дейінгі ұлы қайраткерлер — Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Шәкәрім Құдайбердиев, Ыбырай Алтынсарин және басқа да қазақ ағартушыларының жетістіктері де аз болған жоқ. XX ғасырдың танымал көркем сөз зергерлері — Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ілияс Жансүгіров, Ілияс Есенберлин және т. б. тәжірибелерінің де маңызы кем емес. Осы тарихи - мәдени контексте қазақ әдебиетін әлемдік аренаға алып шығу Олжас Сүлейменовтің еншісіне тиген екен.

Оны қазақ елінің халықаралық деңгейдегі ақыны деп мойындау "Адамға табын жер, енді!" атты поэмасының жарыққа шығуымен тығыз байланысты. Олжас Сүлейменов — маңызды әрі теңдесі жоқ құбылыс. Оны ақынның әдеби еңбектерінің жоғары деңгейде бағалануы ғана дәлелдеп қоймайды. Сонымен қатар, Олжас — ақын, ойшыл, ғалым, саясаткер. Осы қасиеттердің бәрі де тек бір ғана бірегей тұлғаның эпостастары. Олжас саяси, әлеуметтік және мәдени ортада белгілі бір позицияға ие ақынның тек о баста өзіне арнап берілген мүмкіндіктерді пайдалана отырып қана әрекет етуі қажет екендігін жақсы түсінді. Ол қаруы — сөз. Ол әдебиетке ерекше дауыспен енді. Оның шығармалары әу бастан - ақ ұлттық әдеби құбылыстарға толы болды, сонымен қатар сөз қадірін түсінер жұрттың көңілінен шықты және бүгінге дейін сол деңгейін жоғалтқан жоқ.

Олжас Сүлейменов поэзиясы таусылмас күш - қуатпен сарқырай ағар серпінді ырғаққа негізделген. Ол әрбір өзіндік ерекшелігі бар ақындар және дара тұлғалар тәрізді алдын ала даярланған идеологиялық тапсырыстар шеңберін бұзып шыға алды. Оның поэзиясы сөз қадірін білетіндер мен сөз зергерлеріне, сонымен қатар қарапайым оқырмандарға да орыс тілі арқылы қазақ халқының болмысын ашып көрсетуге мүмкіндік туғызды. Ақын шығармашылығы өзіндік ерекшелігімен, афористілігімен және қаламгерлік шеберлігінің кемелділігімен таңдандырады. Дәл поэзия жанрында халық рухының тарихы және мәдени дамуы, психологиялық қатарының өзіндік ерекшеліктері бар тұтастығымен және құнарлылығымен көрінетіндігін ақын жақсы түсінді.

2) Ақын мен өлең
Олжас Сүлейменов — табиғатынан рухани бұғауланбаған адам. Еркіндік — үнемі оның шығармашылық және қоғамдық қызметіндегі негізгі ұстаным болып табылатын - ды. "Еркіндік" сөзінің мағынасы көп қырлы. Ақынның өзі де дәл осы ұғымға бірнеше түсініктемелер ұсынған. Заңғар биіктікте самғап ұшу үшін де ауа қажеттігін ол жақсы түсінді. Сол себепті:
Суретшінің шаруасы не далада.
Дімкәс талант — далада емес — Молада.
Еркіндіктің екінші аты — сол дала,
Сол даланы жүр өлеңге бала да, — деп жырлайды.
Өзіме рухани қырынан соншалықты жақын ақынды кайта - кайта оқи отырып, мен тағы бір керемет ақын әрі ойшыл Джебран Халилдің мына бір сөздерін еріксіз еске аламын. Ол былай деген еді: поэзия — күлімсіреудің нақты қасиетті көрінісі, ол — көз жасты құрғатушы белгі, адам болмысында тіршілік ететін рух; қуысы — жүрек, шарабы — махаббат. Дәл осы пікірді Олжас туралы да айтуға болатындай. Оның поэзиясы — өткір, жарқын және кіршіксіз таза. Оның мына бір қарапайым әрі балалық нанғыштықпен айтқан сөздеріне мен сенемін:
Мен қайғырам, Зәбір көріп қай халық
Қасіретке батар болса қайғы алып.
Айналайын, О, Қара Жер, айналшы,
Мен өлейін бірге өзіңмен айналып.
Оның поэтикалық шығармашылығының ерекше белгісі — көркем образдардың айқын көрінісі болып табылады.
Дала Олжас шығармашылығында "қыпшақтар" этнонимінің жиынтық атауы, ал Құла дүз көшпелі тайпалардың мекені деген ұғымды береді. Дала образы Олжас түсінігінде еркін әрі ерікті адам образымен тығыз байланысты.
Уа, аруақ!
Бейбіт күннен өлмейді ер,
Жебедің бе,
Қан майданда жебей гөр!
Мейлі маған жасын лақтыр,
Жай таста!
Бас сауғалап көрген емес айқаста.
Бірінші боп жығылмаспын,
Жығылсам
Жығылармын ең ақырғы шайқаста.
Ағып түскен жұлдызды мен
Аруларды сүйіп тұрып,
Серт берем.
Балатынға барар жолды сілтесең,
Уа, аруақ, Айғырымды ерттер ем,
Аялаған,
Әлдилеген жан құрсын!
Ағып өтем,
Әнімнен түз жаңғырсын.
Менен қалған тостақ ізге қақ тұрып.
Ата жауым содан шөлін қандырсын!
Соқпақ - жолсыз сәті болмас сапардың,
Атпен бірге жығылармын,
Жатармын.
Тасбақаша тарғыл құмды жамылып,
Қатты ұйқыға,
Тәтті ұйқыға батармын.
Ақынның сөздерді аса шеберлікпен қолданатыны соншалықты дыбыстың алғашқы құбылуының таңғаларлық ойынына таңданбасқа шараң жоқ. Дегенмен өздеріңіз зейін қойып тыңдаңыздаршы:
Балық - суын
Қыран — оқтай қарқынын,
Жаңбырлы Бұлт
найзағайдың жарқылын.
Қалай сүйсе,
Сүйсе әлсіздер даңқты,
Мен де сені солай сүйем,
Жарқыным!

Сонымен қатар, автор тек суреттеп қана қоймайды, құпия сезімдер тобын қозғалысқа түсіріп, көрген және естіген жайттардың өте айқын бейнеленген шынайы көрінісін береді. Сол себепті оқырман өзі де күтпеген жерден өлең жолдарының арасына жасырылған, әрең ұстап қалуға болатын интонация көмегімен суреткердің құпия ойларының үстінен шығады. Шынымен де бұл өлең жолдары алаңсыз, таза әрі мөлдір емес пе?! Ақынның адам жанының ең асыл шектерін қозғайтын қайғы - қасіретті дәл суреттеуі соншалық, дәл сол кезде түйсінген сезімдер қазір де сол қалпында жүректі баурап алатын ерекше қабілетті, тебіреністі де таза өлең жолдарының шынайы құпиясының неде екенін мен біле алмадым. Мәңгілік тақырып — Суреткер мен Уақыт — еш уақытта ақынның назарынан тыс қалмаған және оның бар шығармашылығының қақ ортасын қызыл жолақ болып қиып жатқан өзекті тақырып. Мысалы "Кактус" және "құмырсқа" поэмаларында, әсіресе "Саз балшықты кітапта":
— Әр адамның өз жұлдызы тұр пісіп,
Сол үзілмек,
Солай тағдыр құрылысы.
Қалғиды әлем,
Қорылдаған тобырдан
Ғасыр сайын
Бас көтерер бір кісі.
Міне, шынайы көрініс: ұйқыдағы әлем және сергек суреткер. Олжас Сүлейменов поэзиясының екінші қыры — ой ауқымдылығы. Оның поэтикалық көз қарастары өткен ғасырлар қойнауынан және қазіргі заманның өткір көріністерінен алынған ерте замандағы қазақ халқының тарихи тағдырын бейнелейтін көріністерді де қамтиды. Ақын әрі көтерілісші Махамбет ол үшін тек халық наразылығының белгісі ғана емес, сонымен қатар өз елі үшін өмірінің соңына дейін батыл шешім жасай білген күрескер.....
10.01.2019
Вернуться назад